"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 68 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабы 3 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы №132 қаулысымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі толықтыру еңгізілсін:

      Ереженің 15 тармағы 14) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "14) маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдансын және қарауы жүзеге асырылады".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялаған соң Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі М. Мұхамедияров

  Есіл ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" сәуірдегі
  № ___ қаулысымен
  бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген толықтырулар тізбесі

      15 тармақ келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

      маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдансын және қарауы жүзеге асырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады