Қаумдық сервитутты орнату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 15 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағына, 43, 67, 69 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 37-бабына, сәйкес 2025 жылғы 27 қантардағы № ЖТ-2025-00258695 "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің берілген өтініші, Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылдық округі, Бескөл ауылы мекенжайы бойынша орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0148 га 49 жылға қоғамдық сервитутты орнату.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бескөл ауылдық округінің әкімі Г. Кәрімова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады