"Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін мемлекеттік тіркеуді;
3) Осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі | Р. Смағұлов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
әкімдігінің 2025 жылғы | |
"30" сәуірдегі № 72 | |
қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесітуралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34499 болып тіркелген), "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына сәйкес әзірленген.
3. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
4. Мекеменің құрылтайшысы Мекемеге қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
5. Қызметті үйлестіру функциясын Мекемеге қатысты жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып табылады.
6. Мекеменің мемлекеттік тілде атауы:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи" коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области".
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев қаласы, Мир көшесі, 8А.
2-тарау. Мекеменің заңды мәртебесі
7. Мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
9. Мекеме өзінің қарауындағы ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Мекеменің ақшасы жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
10. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3-тарау. Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Аудан аумағында Мекеме қызметінің мәні мемлекеттік отбасылық саясатты, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.
12. Мекеме қызметінің мақсаты:
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдармен өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсету;
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6)жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
8) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.
13. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың уақытша тұруын ұйымдастыру.
14. Отбасын нығайтуға, оның ішінде отбасын құруға, адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында оқыту және ағарту іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру.
15. Аналитикалық жазбалар мен есептер жасау, адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін көмек пен қолдаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу.
16. Аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру және жеке материалдық жағдайын жақсарта отырып, қиын өмірлік жағдайларды еңсере отырып, ауданда тұратын көп балалы аналардың уәждемесін арттыру.
17. Мекеме осы Ережеде бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес.
4-тарау. Мекемені басқару
18. Мекемені басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
19. Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекемеге мүлікті бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің Ережесін, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
4) уәкілетті органмен келісім бойынша мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
5) өзіне осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мекемені қаржыландыру жоспарын бекітеді
2) Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
3) Мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
4) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
5) өзіне осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Мекеменің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. Басшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, тікелей жергілікті атқарушы органға бағынады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Мекеме басшысы басшының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес Мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
24. Мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған басшының іс-әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
25. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхат береді;
5) Мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
11) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мекеменің мүлкін құру тәртібі
26. Мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мекеменің мүлкі:
1) меншік иесі оған берген мүлікті;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.
27. Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында Мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мекеме "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген салаларда өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджетке есепке жатқызылуға жатады.
29. Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, Мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
30. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
31. Мекеменің қаржы - шаруашылық қызметін тексеруді және тексеруді Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6-тарау. Мекемедегі жұмыс режимі
32. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
33. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8-тарау. Қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
34. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
35. Мемлекеттік заңды тұлға заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
36. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мүлікті жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
37. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мекеменің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
9-тарау. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер
38. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.