"BAITAS GEOLOGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер теліміне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 118 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 2025 жылғы 10 ақпандағы №3129-EL лицензиясы және сұралған жер телімдері бойынша мәліметтер негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2031 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімге жер және табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Тайынша ауданының Драгомировка ауылдық округінде пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу мақсаттары үшін, жер пайдаланушылардан (егер осындай бар болса) алып қоюсыз, барлығы жалпы алаңы 155,08 гектар, босалқы жерлер алаңы (көрсетілген схемаға сәйкес) 19,49 гектар, кадастрлық нөмірлерімен и 15-164-074-092 - 2,91 гектар, 15-164-074-105 - 6,84 гектар, 15-164-074-079 - 16,08 гектар, 15-164-074-038 - 70,08 гектар,15-164-074-048 - 39,68 гектар жер телімдерін уақытша пайдалану үшін, "BAITAS GEOLOGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "BAITAS GEOLOGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізгенге дейін осы жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жер пайдаланушылармен жер телімінің орналасқан жері бойынша, көрсетілген жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орны бойынша, шығындарды өтеу және жерлерді мақсаты бойынша пайдалануға жарамды бастапқы жай-күйге келтіру бойынша шарттар жасассын, сондай-ақ есте сақтаған жөн, осы талаптар орындалмаған жағдайда, осы қаулының күші жойылуы мүмкін.

      3. "BAITAS GEOLOGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша іс-шараларды (жерді қайта қалпына келтіру жобасы бойынша) орындасын және оларды іздестіру жұмыстары жүргізілген жерге барып, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде акт бойынша аудандық комиссияға тапсырсын.

      4. "BAITAS GEOLOGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулы жер қойнауын пайдалануға (әсіресе өндіріске, өндіруге және т.б.) құқық бермейтінін ескертілсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тайынша ауданының әкімі Б. Әлжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады