Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 23/4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 наурыздан туындаған құқық қатынастарына қолданылады.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Асанова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2025 жылғы 5 наурыздағы
  № 23/4 шешіміне 1-қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы әкімдігінің "Аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорнының жұмысшы мамандықтарға жататын жұмыскерлерінің (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

№ р/н

Лауазымдардың толық жазылуы
(атауы)

Лауазымдық айлықақыға үстемеақы

1

2

3

1.

Жүргізуші

100%

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2025 жылғы 5 наурыздағы
  № 23/4 шешіміне 2-қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданыәкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің D блогына (қосалқы персонал) жататын жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

№ р/н

Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)

Лауазымдық айлықақыға үстемеақы

1

2

3

1.

Жүргізуші

100%

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2025 жылғы 5 наурыздағы
  № 23/4 шешіміне 3-қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Акжан ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Аксуат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дзержинский ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Есил ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Құртай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Москворецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Целинный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшы мамандықтарға жататын жұмыскерлерінің (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

№ р/н

Лауазымдардың толық жазылуы
(атауы)

Лауазымдық айлықақыға үстемеақы

1

2

3

1.

Жүргізуші

100%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады