"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 60 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына сәйкес, Уәлиханов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен Ережені әділет органдарында тіркесін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Абдулов

  2025 жылдың " 11 " сәуір
  № 60 аудан әкімдігінің
  қаулысымен
  БЕКІТІЛГЕН
  Утверждено
  Постановлением акимата района
  от " 11 " апреля 2025 года № 60

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

ПОЛОЖЕНИЕ Коммунального государственного учреждения "Отдел экономики и финансов акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области"

I. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мәтін бойынша - коммуналдық мемлекеттік мекеме) экономика саясаты саласында мемлекеттік саясатты құру және жүзеге асыру саласында басқаруды, аудандық бюджетті жоспарлау және орындауды, мемлекеттік аудандық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының коммуналдық мемлекеттік органы болып табылады, сондай ақ жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асырады.

      2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4.Коммуналдық мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттің атынан азаматтық-кұқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.

      6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз құзыретінінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151200, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Уәлиханов көшесі, 83.

      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілде толық атауы: "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Отдел экономики и финансов акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области".

      10. Осы Ереже коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілермен коммуналдық мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер коммуналдық мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

II. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттер

      13. Миссиялары:

      - аудандық бюджеттің жоспарлануын және орындалуын ұйымдастыру;

      - әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру;

      - заңнамалық актілерге сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік мүлікті ұтымды және тиімді пайдаланудың сұрақтары бойынша жұмыстар атқару;

      - уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

      14. Міндеттері:

      - аудандық бюджеттің уақытылы, сапалы жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз ету;

      - түсімдердің жиынтық жоспарларына, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу және бекітуді қамтамасыз ету, аумақтық Қазынашылық органдарына ұсыну;

      - бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, аудандық бюджетті орындауда есеп-қисап жасау;

      - аудан аумағында мемлекеттің экономикалық және құрылымдық саясатын жүргізу және жүзеге асыру;

      - ауданның әлеуметтік - экономикалық даму концепциясын іске асыру келешегіне әзірлеуді қамтамасыз ету;

      - алғашқы мемлекеттік қолдауды қажет ететін салаларды анықтау және оны ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар әзірлеу;

      - заңнамалық актілерге сәйкес аудандық коммуналдық меншікті басқару;

      -селолық аумақтар мен елді мекендердің кешендік жоспарларының дамытуының орындалуын іске асырылуына қатысу;

      - уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, қамтамасыз ету болып табылады.

      15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің функциялары:

      1) аудан аумағында мемлекеттің экономикалық және бюджеттік қызметін жүргізу және жүзеге асыру;

      2) аудандық бюджетті жоспарлау және орындау, коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты құру және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      3) аудандық бюджетті жоспарлау және орындау саласында салаарлық үйлестіру және методолгиялық басқару;

      4) аудан дамуының жаспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлейді, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингін жүргізеді;

      5) ауданның стратегиялық инвестициялық басымдылықтарын анықтайды;

      6) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтік жоспарларын әзірлеуді методогиялық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      7) Аумақтардың даму бағдарламасында көзделген стратегиялық мақсатты индикаторларға және міндеттерге жету бойынша салалық бөлімдердің қызметіне қадағалауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      8) бюджетке түсілімдерін болжауға және мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын және басымдылықтарын анықтауға қатысады;

      9) өз құзыреті шегінде аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік және нормативтік – құқықтық актілердің жобасын (немесе қабылдауды) әзірлеуді және дайындауды жүргізеді;

      10) аудандық бюджеттің орындалуы бойынша есеп-қисап ұсыну, бюджеттік есеп жүргізуді қамтамасыз ету, бюджеттік жүйеде бюджеттік және бухгалтерлік есепті және есеп-қисапты дамыту және жетілдіру;

      11) кірістердің жиынтық жоспарларын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      12) жылдық соммаларды айлар сайын таратуды талдау және бағалау арқылы бюджеттік қаражаттрадың игерілуіне, қаржыландыру жоспарларына, қаржыландыру жоспарына бюджеттік бағдарламаның әкімшісі енгізетін өзгерістердің негізділігіне мониторинг жүргізу, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау;

      13) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау;

      14) жергілікті бюджет бойынша қолма – қол ақша қорын талдау және болжау;

      15) мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіру, мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг жүргізу;

      16) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылдың 01 наурыздағы № 413-IV Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағындағы аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету бойынша құзыретін, оны қорғау бойынша шараларды іске асырады;

      17) мемлекеттік коммуналдық мекемелердің қаржылық – шаруашылық қызметінің жосапарлары мен есептерін әзірлеу бойынша мониторингті іске асыру;

      18) аудандық коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдардың мүлігіне түгендеу жүргізу бойынша мониторингті іске асыру;

      19) мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекеттің қатысуы бар шаруашылық серіктестіктердің тізілімін жүргізу, осы ұйымдарда түгендеу және есеп жүргізу;

      20) мемлекеттік меншік объектілеріне мемлекеттік құқықты растауды жүзеге асырады, аудандық коммуналдық меншікті аудандық және коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

      21) аудандық коммуналдық меншікті коммуналдық заңды тұлғалар арасында мүлікті қабылдау – тапсыруды жүзеге асыру, мүлікті қабылдау – тапсыру актілерін бекіту;

      22) коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерімінен мүліктерді есептен шығаруды келісу бойынша жұмыстар жүргізу;

      23) аудан аумағында анықталған иесіз жылжымайтын объектілерді есепке алу туралы өтінішті, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жолдау;

      24) облыстық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық меншік деңгейіне және аудандық мүлікті облыстық деңгейге тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      25) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық меншігіндегі жекешелендірілуге жататын объектілерге сатудан бұрын дайындыққа шығындарды қаржыландыруға қаражаттарды пайдалану, аукциондар, тендерлер ұйымдастыру және өткізу, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізу, жергілікті бюджетте қарастырылғандай қаражатқа заңды және жеке тұлғаларды сарапшы мен консультант ретінде шарттық негізде тарту;

      26) объектілерді сату алдында дайындау, сату, жеке және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау, коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру келісім шарттарын жасау, жалгерлік ақы құнының көлемін есептеу бойынша жұмыс жүргізу;

      27) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға; өз құзыреті шегінде мүліктік жалдау (жалдау), аудандық коммуналдық мүлікті беру;

      28) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес аудандық коммуналдық меншікті бағалау бойынша конкурс ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен белгіленген аудандық коммуналдық мүлікті бағалауды өткізу бойынша конкурс жеңімпаздарымен келісім-шарт жасау;

      29) сауда-саттық өткізу бойынша, тендер шарттарына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жалға немесе сенімді басқаруына беру бойынша ведомствоаралық комиссияларды құру;

      30) аудандық коммуналдық мүлікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті жалға беруден, сенімгерлік басқаруға беруден аудандық бюджетке ақша қаражаттарының уақтылы және толық түсуін бақылауды іске асыру, қарыздың өтелуі бойынша шаралар қолдану;

      31) аудандық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді, аукциондар, тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;

      32) аудандық коммуналдық меншік объектілерін жалға беру, жекешелендіру, сенімгерлік басқару шарттарын жасасу, өз құзыретінде өзге де шарттарды жасасу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      33) сауда-саттық өткізу тәртібіне байланысты сауда-саттық қатысушыларымен, сатып алушыларымен және ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру;

      34) келісімнің шарттарын бұзғаны үшін, соның ішінде аудандық коммуналдық меншік объектілерін жалға алу (беру) төлемін төлемеу немесе уақтылы төлемеу үшін, аудандық коммуналдық меншік объектілерін сатып алу - сату, сенімгерлік басқару, тегін пайдалану (несие) келісімдердің шарттарын орындамау және бұзғаны үшін айыппұл және өсімақыны есептеу ;

      35) селолық аумақтарды дамыту саласында бағдарламалық құжаттарды іске асыру;

      36) селолық аумақтарды дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру және селолық аумақтарды дамыту мониторингін жүргізу;

      37) селолық елді мекен пунктеріне жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына өзінің құзыреті шегінде әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру бойынша функцияларын атқару; селолық елді мекен пунктеріне жұмыс істеу үшін келген жас мамандарына көтермелі жәрдемақыны және бюджеттік несиені беру бойынша қызмет көрсету;

      38) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

      39) уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      40) мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;

      41) тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;

      42) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;

      43) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      44) мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;

      45) тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулер жіберу;

      46) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;

      47) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;

      48) заңнамаларда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың өнім берушілерін жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа қуыну талаптарын жіберу.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Экономика және қаржы сұрақтары бойынша шешім қабылдауға, бұйрықтар шығаруға;

      2) Экономика және қаржы саласында нормаларды, ережелерді және әдістемелік құжаттарды қолдану мәселелері бойынша түсініктеме беруге;

      3) Мекеменің функцияларын орындау үшін заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштерін және басқа да ақпараттар сұрауға және алуға;

      4) Мекеменің мүддесін және құқығын қорғау үшін барлық деңгейдегі сот органдарына жүгінуге, аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша, мекеменің қызметі бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мекеменің атынан өкілдік етуге;

      5) Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен өзге де заңды актілер жасауға;

      6) Заңнамалық актілермен және аудан әкімдігінің қаулыларымен бекітілген жағдайда акционерлік қоғамдардағы мемлекеттің үлесімен және коммуналдық меншіктегі басқа да мүлікпен пайдалануға, етуге;

      7) Мекеменің құзырындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға мемлекеттік басқару органының қызметін атқаруға;

      8) Бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджеттік қаражаттарды қайтаруды және қаржыландыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге;

      9) Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің орындалуы туралы талаптарының бұзылу себептеріне, сондай-ақ бекітілген жергілікті бюджеттік бағдармалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық нәтижелілігі мен мақсаттылығына баға беруге;

      10) Селолық елді мекен пунктеріне жұмыс істеу үшін келген жас мамандардың әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы сұрақтары бойынша өзінің құзыреті шегінде түсініктемелер беру;

      11) Уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері, жобалық-сметалық құжаттамасы, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы, сарапшыларды немесе сараптамалық комиссияны тарту туралы ақпаратты сұратуға құқылы.

III. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.

      17. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшылығын бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

      18. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қолданыстағы заңнамаға сәйкес Аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы басқарады.

      19. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:

      - коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттерін және жауапкершілік деңгейін айқындайды;

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде сұрақтарды шешеді;

      - Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды, сонымен қатар коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқау береді;

      - Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан коммуналдық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;

      - ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша жеке жауапкершілік артылады, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің антикоррупциялық құқықтарының заңдылықтарын сақтауы үшін жауапкершілік етеді;

      - заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес басшысының орынбасары орындайды.

IV. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлігі

      20. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлігі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

V. Бөлімінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      23. Осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің қаулысымен еңгізіледі.

VI. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

VII. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын тоқтату

      25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің тоқтатылуы қайта ұйымдастыру (қосылу, біріктіру, бөліну, қайтадан құру) және тарату нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.

      26. Коммуналдық мемлекеттік мекеме меншік иесінің шешімі бойынша немесе меншік иесінің уәкілетті органымен таратылады .

      27. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы немесе коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылуы туралы шешім қабылдаған орган міндетті түрде жазбаша түрде заңды тұлғалардың тіркелуін жүзеге асыратын әділет органына хабарлайды .

      28. Құрылтайшы немесе коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылғаны туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын белгілейді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіна сәйкес тәртібін және коммуналдық мемлекеттік мекеменің тарату мерзімін белгілейді.

      29. Тарату комиссиясын белгілеген соң, оған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлігі мен іс басқару өкілеттілігі ауысады. Тарату комиссиясы таратылатын коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан сотта сөз сөйлейді.

VIII. Таратылатын коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі

      30. Коммуналдық мемлекеттік мекемені тарату кезінде меншік иесі немесе меншік иесімен уәкілетті органымен несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік таратылады.

ІX. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты және қарым-қатынастары

      31. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен Аудан әкімінің аппаратының қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және реттеледі.

      32. Коммуналдық мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен коммуналдық мемлекеттік мекеме ұжымының қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және реттеледі.

      33. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты 9:00 ден 18:30-ға дейін, аптасына 5 күн, түскі үзіліс 13:00 ден 14:30- ға дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады