Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шал ақын аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | С. Шаинов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Шал ақын ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы "10"қаңтардағы | |
№ 3 қаулысына | |
Қосымша |
Аудандық маңызы бар бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
1-параграф. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2) Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған материалдық көмек көрсету алып тасталады және ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
7. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу Бюджет кодексінің 56-1-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың бөлінісінде жүргізіледі.
2-параграф. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
9. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.
Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і- ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і-ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.
Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджет пен ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы өткен үш жылдағы ағымдағы шығын көлеміне ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің орташа арифметикалық пайыздық қатынасы ретінде белгіленеді.
3-параграф. Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
10. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бойынша өткен үш жылдағы ағымдағы шығын көлеміне аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көлемінің орташа арифметикалық пайыздық қатынасы ретінде белгіленеді.