Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 126 "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
14-тармақта:
1) 32) тармақша алынып тасталсын;
2) келесі мазмұнда 34-1), 34-2), 34-3), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8), 34-9), 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16) және 34-17) тармақшаларымен толықтырылсын:
"34-1) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу жұмысын қамтамасыз ету;
34-2) тілдік кемсітушіліктің алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыру;
34-3) Қазақстан Республикасы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
34-4) қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
34-5) мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету;
34-6) Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізіп және оларды БАҚ-та насихаттау;
34-7) мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолдану салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру;
34-8) шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
34-9) этностардың ана тілдерін оқытуға жағдай жасау мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
34-10) мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжатайналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу;
34-11) ресми интернет- ресурстарға мониторинг жүргізу;
34-12) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу;
34-13) мемлекеттік дерекқор "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
34-14) республикалық "Тарихи тұлғалар" тізіміне ұсыныстар әзірлеу;
34-15) көше аншлагтарын жазу және орналастыру тәртібі туралы ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу;
34-16) қоғамда қарама-қайшы пікір тудырмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне, мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, қайта атау, транскрипциясын нақтылау мен өзгертуді талап ететін 2024-2028 жылдарға арналған тиісті Жол картасын қалыптастыру;
34-17) ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;".
2. "Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |