Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі №08-02-07/238 санды ұсыныс хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасы АШМ ВБжҚК "Республикалық Ветеринариялық Зертхана" ШЖҚ РМК ОҚӨФ-ның 16.04.2025 жылғы SO-25-X14(01)-0301/Х-413-А-Е сараптама актісінің қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласы, Ж.Усманов №18 мекен-жайынан "құтыру" ауруының "оң" нәтижесі анықталуына байланысты, Түркістан қаласы Ж. Усманов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Төлегеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімі Ә. Пазылбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады