2015 жылғы 26 наурыздағы Екіжақты техникалық-экономикалық көмек жобаларын іске асырудағы ынтымақтастық шеңбері туралы Қырғыз Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы келісімде көзделген жобаларды іске асыру шеңберінде Қырғыз Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер беру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 2 Өкімі


      1. Қырғыз Республикасының 2015 жылғы 26 наурыздағы Екіжақты техникалық-экономикалық көмек жобаларын іске асырудағы ынтымақтастық шеңбері туралы Қырғыз Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы келісімде көзделген жобаларды іске асыру шеңберінде Қырғыз Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер беру туралы өтінішіне қолдау көрсетілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп Қырғыз Республикасының осы Өкімнің 1-тармағында көрсетілген тарифтік жеңілдіктер беру туралы ұсыныстары бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның жедел шешімдер қабылдауын қамтамасыз етсін.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады