Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне жаңа піскен және кептірілген құрмаларға қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес позиция алып тасталсын;

      б)      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына № 2 қосымшаға сәйкес қосалқы позиция енгізілсін;

      в)      Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 20 қаңтардағы
  № 1 шешіміне
  № 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан алып тасталатын ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН
коды
 

Позицияның атауы
 

Қос.бір.өлш.
 

     
      0804 10 000 – құрма:
      0804 10 000 1 – – жаңа піскен –
      0804 10 000 9 – – кептірілген –


  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 20 қаңтардағы
  № 1 шешіміне
  № 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына енгізілетін ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН
коды
 

Позицияның атауы
 

Қос.бір.өлш.
 


      0804 10 000 0 – құрма –
     

  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 20 қаңтардағы
  № 1 шешіміне
  № 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының МӨЛШЕРЛЕМЕСІ

СЭҚ ТН коды
 

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі
(кеден құнының пайызымен не еуромен, не АҚШ долларымен)


      0804 10 000 0      – құрма 5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады