Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 25 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1қосымша) 15-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 164-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже;

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 25 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 164-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) қызмет тәртібін белгілейді.

      2. Жұмыс тобы өз қызметінде халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығын құрайтын актілерді, сондай-ақ Регламентті және осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Жұмыс тобының негізгі міндеттері:

      а) Комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің (бұдан әрі – жинақтаушы департамент) тиісті ұстанымы болған кезде Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселелерді қарау;

      б) Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар дайындау болып табылады.

II. Жұмыс тобына басшылық ету, оның құрамы және қызметін қамтамасыз ету

      4. Міндеттеріне кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына қатысты мәселелер жататын Комиссия Алқасының мүшесі жұмыс тобының басшысы болып табылады.

      5. Жұмыс тобының басшысы:

      а) жұмыс тобының қызметіне басшылық етеді және жұмыс тобына жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады;

      б) жұмыс тобының отырысын өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды;

      в) жұмыс тобы отырысының күн тәртібін бекітеді;

      г) жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді;

      д) жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларына қол қояды;

      е) Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыға қол қояды.

      6. Жинақтаушы департамент директоры жұмыс тобы басшысының орынбасары болып табылады.

      7. Жұмыс тобы басшысының орынбасары жұмыс тобы басшысының болмаған кезеңде және (немесе) оның тапсырмасы бойынша осы Ереженің 5-тармағының "а"–"д" тармақшаларында көзделген жұмыс тобы басшысының функцияларын жүзеге асырады.

      Жұмыс тобы басшысының орынбасары жұмыс тобы басшысының уақытша еңбекке қабілетсіздігіне, демалысына немесе іссапарға жіберілуіне байланысты болмаған кезеңде Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыға қол қояды.

            8. Жұмыс тобының бірінші отырысында жұмыс тобы басшысының шешімімен тағайындалатын жинақтаушы департаменттің қызметкері жұмыс тобының хатшысы болып табылады.

      Жұмыс тобының жауапты хатшысын тағайындау туралы шешім жұмыс тобы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      9. Жұмыс тобының жауапты хатшысы:

      а) жұмыс тобы отырысының күн тәртібінің жобасын дайындауды және оны жұмыс тобының басшысына (басшының орынбасарына) бекіту үшін ұсынуды;

      б) жұмыс тобының мүшелеріне жұмыс тобы отырысының күн тәртібін және оларға материалдарды, сондай-ақ отырыс өткізу күні, уақыты және орны туралы ақпарат жіберуді;

      в) жұмыс тобы отырысының хаттамасын жүргізуді және оның жобасын жұмыс тобының басшысына (басшының орынбасарына) қол қою үшін ұсынуды;

      г) жұмыс тобының басшысына (басшының орынбасарына) Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды жобасынқол қою үшін ұсынуды қамтамасыз етеді.

      10. Жұмыс тобының құрамына Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары және Комиссия мен бизнес қоғамдастық арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттер құрған бизнес диалог айқындаған Одаққа мүше әрбір мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) бизнес қоғамдастығы үйлестірушілерінің бір-бір өкілі енгізіледі.

      Жұмыс тобының құрамына Комиссияның құрылымдық бөлімшесінен біреуден артық емес өкіл кіргізіледі.

            Жұмыс тобы мүшелері жинақтаушы департаментке Комиссия шешімдерінің нақты жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалауды жүргізу туралы ұсыныс жіберуге құқылы.

      11. Жұмыс тобының мүшелері жұмыс тобының отырыстарына жеке өзі қатысады.

      Жұмыс тобы мүшесі өкілі болып табылатын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі басшысының (басшының орынбасарының) тапсырмасы бойынша отырысқа жұмыс тобының мүшесі қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс тобының отырысына Комиссияның осы құрылымдық бөлімшесінің өзге лауазымды адамы немесе қызметкері қатысуы мүмкін.

      12. Жұмыс тобының мүшесі отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс тобы отырысы болатын күнге дейін олжұмыс тобы отырысының күн тәртібіндегі мәселе (мәселелер) бойынша өз ұстанымын жазбаша нысанда ұсынуға құқылы.

      Жұмыс тобы мүшесінің жазбаша нысанда білдірілген аталған ұстанымы жұмыс тобының отырысына жеке өзі қатысуы мүмкін болмаған кезде жұмыс тобы отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      13. Жұмыс тобының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жинақтаушы департамент жүзеге асырады.

III.      Жұмыс тобының отырыстарына дайындық тәртібі

      14. Жұмыс тобының отырысы қажеттілігіне қарай Регламенттің 165 және 167-тармақтарында белгіленген Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау мерзімдерін ескере отырып өткізіледі.

      15. Жұмыс тобы отырысы күн тәртібінің жобасын жұмыс тобының хатшысы:

      а) Регламенттің 163-тармағында көзделген, Регламенттің 63-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органының Комиссияға келіп түскен ұсынысының негізінде Комиссияның Комиссия шешімдерін дайындауға жауапты департаменті немесе Комиссияның құзыретіне Комиссия шешімінің жобасын дайындау жататын департаменті (бұдан әрі – әзірлеуші департамент) жинақтаушы департамент пен жұмыс тобының мүшелеріне жіберетін құжаттардың;

      б) Регламенттің 143-тармағының бірінші абзацында көзделген, жинақтаушы департаменттің Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы ұстанымының негізінде дайындайды.

      16. Жұмыс тобының жауапты хатшысы жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс тобының мүшелеріне:

      а) жұмыс тобының отырысын өткізу күні, уақыты және орны туралы ақпаратты;       б) жұмыс тобының басшысы (басшының орынбасары) бекіткен жұмыс тобы отырысының күн тәртібін;

      в) жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдарды жіберуді қамтамасыз етеді.

      17. Жұмыс тобы отырысының күн тәртібіндегі мәселе бойынша материалдар жиынтығына:

      а) Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселе бойынша:

      реттеуші әсерді бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселе қаралатын Комиссия шешімінің жобасы;

      жинақтаушы департаменттің Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы ұстанымы;

      әзірлеуші департаменттің Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы ұстанымы (жазбаша нысанда ұсынылған мұндай ұстаным болған кезде);

      б) Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау мәселесі бойынша:

      әзірлеуші департамент реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды алу үшін жіберген Комиссия шешімінің жобасы;

      әзірлеуші департамент Регламенттің 154-тармағына сәйкес дайындаған кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларында Комиссия шешімі жобасының әсері салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық анықтама;

      Регламенттің 159-тармағына сәйкес әзірлеуші департамент дайындаған Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар туралы жиынтық ақпарат немесе жария талқылаудың немесе консультациялардың нәтижелері бойынша пікірлер жиынтығы (түсіндірмелер мен ұсыныстар жиынтығы);

      мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары дайындаған Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау (реттеуші әсерін талдау) туралы қорытынды (болған кезде);

      Комиссия мен бизнес қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттер құрған бизнес диалогта айқындалған әрбір мүше мемлекеттің бизнес қоғамдастығынан үйлестірушілердің шоғырландырылған ұстанымы туралы ақпарат (болған кезде);

      әзірлеуші департаменттің реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда мәліметі міндетті түрде көрсетілуге жататын Комиссия шешімінің жобасы бойынша ұстанымы (жазбаша нысанда ұсынылған мұндай ұстаным болған кезде) енгізіледі.

IV.      Жұмыс тобының отырыстарын өткізу және олардың нәтижелерін ресімдеу тәртібі

      18. Жұмыс тобының отырысы Комиссияның болу орнында - Мәскеу қаласында, әдетте, Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      19. Жұмыс тобының басшысымен келісілген, әзірлеуші департаменттің және (немесе) жинақтаушы департаменттің шақыртуы бойынша жұмыс тобының отырыстарына мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өкілдері, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлері, қажетті біліктілігі мен кәсіби дағдылары бар тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысуы (оның ішінде бейнеконференция режимінде) мүмкін.

      20. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары өкілдерінің (тәуелсіз сарапшылардың, мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығы өкілдерінің) жұмыс тобының отырыстарына қатысуға байланысты шығыстарды мүше мемлекеттің жіберуші мемлекеттік билік органы (жіберуші ұйым немесе тәуелсіз сарапшы дербес) өтейді.

      21. Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселе, егер әзірлеуші департамент жинақтаушы департаменттің мұндай қажеттіліктің болуы туралы ұстанымын қолдамаған жағдайда, жұмыс тобының отырысында қаралады.

      Консультациялардың қорытындылары бойынша әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департаменттің Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігітуралы мәселе бойынша ұстанымдарының арасындағы қайшылық фактісі айқындалғаннан кейін осы мәселе жұмыс тобының кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі.

      Жұмыс тобының отырысында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселені қараған кезде жинақтаушы департаменттің, әзірлеуші департаменттің, жұмыс тобы мүшелерінің және жұмыс тобының отырысына қатысатын өзге де адамдардың Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі (қажеттілігінің жоқтығы) туралы ұстанымдары тыңдалады және талқыланады.

      22.      Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша жұмыс тобының отырысында жұмыс тобы отырысының хаттамасында:

      а) Комиссия шешімі жобасының Регламенттің 146-тармағында көзделген "реттеу" ұғымы анықтамасына сәйкестігі (сәйкессіздігі);      

      б) Комиссия шешімінің жобасына Регламенттің 142-тармағы ережелерінің қолданылуы (қолданылмауы);

      в) қабылданған жағдайда, Комиссия шешімі жобасының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсер ету мүмкіндігі (мүмкін еместігі);

      г) жұмыс тобының отырысында мәселені қараудың мынадай:      

      әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департамент Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы келісімге қол жеткізгені;

      әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департамент Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігінің болмауы туралы келісімге қол жеткізгені жөніндегі нәтижелердің бірі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселе әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департамент арасында осы мәселе бойынша келісімнің болмауына орай түпкілікті шешім қабылдау үшін Комиссия Алқасының отырысында қарауға жатады.

      23.      Жұмыс тобының отырысында қарау нәтижелері бойынша әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департамент арасында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі (қажеттілігінің болмауы) туралы мәселе бойынша келісім болмаған жағдайда, жинақтаушы департамент жұмыс тобының отырысын өткізетін күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия Алқасының кезекті отырысында осы мәселені қарауға қажетті құжаттардың жобаларын дайындайды.

      24. Жұмыс тобының отырысында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау туралы мәселе қаралған кезде әзірлеуші департаменттің көрсетілген жобаға және оның негізгі ережелеріне қатысты ұстанымы тыңдалады және талқыланады. 25. Жұмыс тобының отырысында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау туралы мәселе қаралған кезде жұмыс тобының мүшелері мен жұмыс тобының отырысына қатысып отырған өзге де адамдар көрсетілген жоба бойынша:

      а) Регламенттің 144-тармағында көзделген реттеуші әсерді бағалау мәніне;

      б) Регламенттің 147-тармағында көзделген реттеудің негізгі сапалық сипаттамаларына қатысты ескертулері мен ұсыныстарын айтады.

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа №7-қосымша) 6 - 8 тармақтарында белгіленген нормаларды ескере отырып, Комиссияның үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындаған кезде мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығы үйлестірушілері өкілдерінің және жұмыс тобының отырысына қатысып отырған өзге де адамдардың ескертулері мен ұсыныстары есепке алынбайды және қорытындыда көрсетілмейді.

      26. Жұмыс тобының отырысында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша осы жобаның реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыда:

      а) Комиссия шешімінің жобасында осы жобаның ережелерінде көзделген немесе:

      кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін артық міндеттердің, шектеулердің және (немесе) тыйым салулардың;

      кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізделмеген шығыстарының;

            Одақ аумағында тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін кедергілердің көрсетілген ережелеріне байланысты туындайтын айқындау фактілері (айқындау фактілерінің болмауы);

      б) Комиссия шешімінің жобасы шешуге бағытталған проблеманың негіздемесі, ден қою мақсаттары және Комиссия шешімінің жобасы мүдделерін қорғауға бағытталған адамдар тобы (топтары);

      в) реттеу адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері және реттеумен оларға ықпал еткен әсерлер;

      г) реттеу адресаттарына жүктелген міндеттердің (міндетті жүріс-тұрыс қағидалардың) мазмұны;

      д) Комиссия шешімінің жобасында көзделген проблеманы шешу және реттеу мақсатына қол жеткізу тетігі (ұсынылып отырған реттеу мен шешілетін проблема арасындағы өзара байланыс);

      е) ұсынылып отырған реттеуге әзірлеуші департамент қарастырған баламалар туралы ақпарат көрсетіледі.

      27. Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау мәселесі бойынша жұмыс тобы мүшесі осы мәселені жұмыс тобының отырысында қараған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жинақтаушы департаментке Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыға міндетті тәртіппен қоса берілетін ерекше пікірін білдіруге құқылы.

      28. Қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алқасының отырысында Комиссия Кеңесі шешімінің жобасына кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін қандай да бір шектеулер белгілеуді көздейтін өзгерістер енгізілген жағдайда, оны Кеңес отырысына қарау үшін енгізген кезде жұмыс тобы әзірлеуші департаменттің, жинақтаушы департаменттің немесе жұмыс тобы мүшесінің ұсынуы бойынша мұндай шешім жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы өзектендірілген қорытынды (бұдан әрі – өзектендірілген қорытынды) ұсынуы мүмкін.

            29. Өзектендірілген қорытынды дайындау туралы ұсынысты әзірлеуші департамент немесе жұмыс тобының мүшесі Комиссия Алқасының тиісті шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жинақтаушы департаментке жазбаша нысанда ұсынады, ал мұндай ұсынысты жауапты департамент енгізген жағдайда, Комиссия Алқасының тиісті шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей әзірлеуші департамент пен жұмыс тобының мүшелеріне жазбаша нысанда жіберіледі.

      30. Жауапты хатшы әзірлеуші департаменттің немесе жұмыс тобы мүшесінің өзектендірілген қорытынды дайындау туралы ұсынысын ол келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей осы Ереженің 17-тармағының "б" тармақшасында көзделген материалдар кешенін қоса бермей әзірлеуші департаментке және (немесе) жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.

      31. Жұмыс тобының отырысында өзектендірілген қорытынды дайындау туралы мәселені қараған кезде жинақтаушы департаменттің, әзірлеуші департаменттің және жұмыс тобы мүшелерінің Комиссия Алқасының отырысында Комиссия Кеңесі шешімінің жобасын қарау нәтижелері бойынша оған енгізілген және кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін қандай да бір шектеулер белгілеуді көздейтін өзгерістерге қатысты ұстанымдары тыңдалады және талқыланады.

      32. Комиссия тобының отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша жауапты хатшы әзірлеуші департамент пен жұмыс тобының мүшелеріне жұмыс тобының отырысы өткізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмыс тобының басшысы (басшының орынбасары) қол қойған жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларын жіберуді қамтамасыз етеді.

      33. Комиссия тобының отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша жауапты хатшы әзірлеуші департамент пен жұмыс тобының мүшелеріне комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар мен жұмыс тобының басшысы (басшының орынбасары) қол қойған өзектендірілген қорытындыларды оларға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 жұмыс ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.

      34. Жұмыс тобы отырыстарының хаттамалары мен Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды жинақтаушы департаментте жұмыс тобының жауапты хатшысында сақталады.

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 25 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссиясының Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының ҚҰРАМЫ

      Еуразиялық экономикалық комиссиядан


Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа
мүшесі (Министр) (жұмыс тобының басшысы)

Бекешев
Бауыржан Бейсенбайұлы

-

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің
директоры (жұмыс тобы басшысының орынбасары)

Арнаутов
Олег Вячеславович

-

Санитариялық, фитосанитариялық және
ветеринариялық шаралар департаментінің директоры

Асансеитова
Саадат Мұханбетқызы

-

Интеграцияны дамыту департаменті директорының
орынбасары

Асаул
Максим Анатольевич

-

Көлік және инфрақұрылым департаменті
директорының орынбасары

Ахметов
Сұлтанжан Айсаұлы

-

Энергетика департаменті директорының орынбасары

Бақытбекқызы Дария

-

Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының
орынбасары - әдіснама бөлімінің бастығы

Бойцов
Василий Борисович

-

Техникалық реттеу және аккредиттеу
департаментінің директоры

Бойцов
Василий Борисович

-

Техникалық реттеу және аккредиттеу
департаментінің директоры

Борцов
Олег Васильевич

-

Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі
(Министр) Хатшылығының басшысы

Бурманян
Ованнес Мкртычевич

-

Алқа мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы

Галанаматис
Александр Николаевич

-

Кедендік инфрақұрылым департаменті
директорының орынбасары – тәуекелдерді
бақылауды, талдауды және басқаруды
автоматтандыру бөлімінің бастығы

Долгополов
Петр Иванович

-

Статистика департаменті директорының орынбасары

Жандарбек
Дәурен Жандарбекұлы

-

Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу
саласындағы саясат департаменті директорының
орынбасары

Ибраев
Ілияс Елубайұлы

-

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа
мүшесінің (Министрдің) көмекшісі

Кравченко
Валентина Васильевна

-

Қаржы саясаты департаменті директорының
орынбасары

Ктикян
Виген Григорьевич

-

Алқа мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы

Курильчик
Александр Федорович

-

Монополияға қарсы реттеу департаменті
директорының орынбасары

Липин
Андрей Станиславович

-

Макроэкономикалық саясат департаменті
директорының орынбасары

Мальцев
Владимир Валерьевич

-

Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры

Некрасов
Дмитрий Викторович

-

Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы
департаментінің директоры

Ромашкин
Роман Анатольевич

-

Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының
орынбасары

Самойлова
Наталия Ивановна

-

Кедендк тариф және тарифтік емес реттеу
департаменті директорының орынбасары

Саноян
Армен Григорьевич

-

Алқа мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы

Сосковец
Денис Александрович

-

Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
департаменті директорының орынбасары

Трубаров
Сергей Владимирович

-

Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа
мүшесінің (Министрдің) көмекшісі

Чуйко
Михаил Георгиевич

-

Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Алқа
мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы

Ячеистова
Наталия Изяславовна

-

Сауда саясаты департаменті директорының
орынбасары

      Еуразиялық экономикалық одаққа әрбір мүше мемлекеттің бизнес қоғамдастығы үйлестірушілерінен


Казарян
Арсен Владимирович

-

Армения Республикасы Өнеркәсіпшілер және
кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) одағының
президенті

Винник
Вячеслав Тимофеевич

-

Беларусь Республикасы Өнеркәсіпшілер және
кәсіпкерлер (жалға алушылар) конфедерациясының
бас директорының орынбасары

Үмітбаев
Берік Алтайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының Мәскеу қаласындағы
Өкілдігі директорының орынбасары

Котелевская
Ирина Васильевна

-

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының
Заңнама мониторингі және құқық қолдану
практикасы орталығының директоры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады