Бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 32 шешімі


      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта ЕАЭО СЭҚ ТН7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтарымен жіктелетін бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтары бар позициялар "42С)" ескертуіне сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 42С ескертуімен толықтырылсын:

      "42С)Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі мөлшерлемесі 2015 жылғы 1 маусымнан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В.Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады