2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар қосылсын;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 34С ескертпемен толықтырылсын:
"34С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 77 шешімі күшіне енген күннен бастап, қоса алғанда 31.08. 2019 ж. дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 8 шілдедегі № 74 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
кіші қосалқы позиция
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы |
Қос. | |
+ | 8411 99 009 9 | – – – – өзгелері | дана |
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 8 шілдедегі № 74 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын
кіші қосалқы позициялар
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы |
Қос. |
– – – – өзгелері:* | ||
8411 99 009 2 | – – – – – қуаты 50 000 кВт5)-тан асатын газ турбиналарын әзірлеуге арналған | дана |
8411 99 009 8 | – – – – – өзгелері | дана |
______________
*ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 009 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 8 шілдедегі № 74 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
|
| Кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен) |
8411 99 009 2 |
– – – – – қуаты 50 000 кВт5)-тан асатын газ | 534С) |
8411 99 009 8 | – – – – – өзгелері | 5 |