2015 жылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты беру жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 79 шешімі

            Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) С.С.Сидорскийдің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 29 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) ережелерін орындауына мониторинг жүргізудің нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Хаттаманың 35-тармағын орындамағанын растай отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қазақстан Республикасы Хаттаманың 35-тармағын орындау қажеттілігі туралы хабардар етілсін.

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Ресей Федерациясына және Еуразиялық экономикалық комиссияға республикалық деңгейде және әкімшілік-аумақтық бірліктер деңгейінде жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың 2015 жылы жоспарланып отырған бағдарламалары туралы хабарламалар жіберуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады