Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2015 жылғы және 2016 – 2018 жылдар кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 97 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2015 жылғы және 2016 – 2018 жылдар кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің 2014 жылғы және 2015 – 2017 жылдар кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын сыртқы параметрлердің интервалдық сандық мәндерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 7 шілдедегі № 104 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының ТөрағасыВ. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
  2015 жылғы 18 тамыздағы № 97 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2015 жылғы және 2016 – 2018 жылдар кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері


Өлшем бірлігі


Болжам

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

1. Әлемдік экономиканың даму қарқынын болжаудың интервалдық сандық мәндері (сатып алу қабілетіне тепе-теңдік бойынша есептеу)
 
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалдық сандық мәндері

Бұдан бұрынғы жылға шаққанда пайызбен
 
 
Баррель үшін АҚШ доллары

3,3 – 3,6
 
 
 
 
 
 
50,0 – 66,0

3,5 – 4,0
 
 
 
 
 
 
50,0 – 85,0

3,5 – 4,1
 
 
 
 
 
 
50,0 – 93,0

3,5 – 4,0
 
 
 
 
 
 
50,0 – 94,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады