Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағы 4-тармақшасы негізінде, Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасындағы кедендік әкелу баждардың сомалары үшін АҚШ долларында ақша қаражаттарын сату (сатып алу) көлемі туралы есепті ұсыну туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 37 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздерден кейін ",Қырғыз Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Шешімге қосымша "Қазақстан Республикасы*" деген жолдан кейін "Қырғыз Республикасы*" деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы Шешім Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолдана бастаған айдан кейінгі екінші айдың 1-күнінен бастап, бірақ ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |