Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдері мен өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 114 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7-тармағы, 43-тармағының 2-тармақшасы және 44-тармағы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналардың:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағаны реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі № 200 шешімінің 2-тармағы үшінші абзацының;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Бәсекелестік, монополияға қарсы және бағаны реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 253 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 5 шілдедегі № 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 12 наурыздағы № 40 шешімінің 1-тармағы "б" тармақшасының;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағаны реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 3 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
А. Слепнев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады