Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ететін тетіктің ұйымдық құрылымы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 124 шешімі

      Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетіктерін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ХІІ бөлімінің 6.1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ететін тетіктің ұйымдық құрылымы туралы ереже бекітілсін.

      2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) В.А. Гошин жұмыс тобының жетекшісі болып тағайындалсын.

      4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен 2015 жылғы 15 қазанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға қосымшаға сәйкес жұмыс тобының құрамын қалыптастыру өлшемшарттарына сәйкес жұмыс тобының құрамына қосу үшін кандидатура ұсыну сұралсын.

      5. Жұмыс тобының жетекшісі 2015 жылғы 28 қазанға дейін жұмыс тобының құрамын қалыптастырсын және оны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының бекітуі үшін енгізсін.

      6. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның
Алқа төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 124 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ететін тетіктің ұйымдық құрылымы туралы ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетіктерін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ХІІ бөлімінің 6.1-тармағын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 4 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі 2015 жылға арналған егжей-тегжейлі жоспардың (бұдан әрі – егжей-тегжейлі жоспар) 6.1-тармағын орындау үшін әзірленген.

      2. Іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ететін тетік (бұдан әрі – басқару тетігі) құрудың негізгі мақсаты "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер) сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, бизнес-қоғамдастықтың және мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының іс-қимылы келісілушілігін қамтамасыз ету болып табылады.

II. Басқару тетігінің сипаты

      3. Басқару тетігі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ететін ұлтүсті және ұлттық сегменттерден тұратын бірыңғай жүйені білдіреді.

      4. Іс-шаралар жоспарының ХІ бөліміне сәйкес басқару тетігінің ұлтүсты сегментінің құрылымы мыналарды қамтиды:

      а) Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) Кеңесі;

      б) Комиссия Алқасы;

      в) іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы);

      г) сарапшылар топтары.

      5. Басқару тетігінің ұлттық сегменттерінің құрылымдары, сондай-ақ мұндай құрылымдар элементтерінің өкілеттіктері мен функциялары мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

III. Жұмыс тобы

      6. Жұмыс тобы өз өкілеттіктерінің шегінде мынадай міндеттерді орындайды:

      а) Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен мақұлданған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыруға бағытталған Одақ органдары актілерінің және іс-шаралар жоспарының жобаларын дайындау;

      б) іс-шаралар жоспарын орындауды ұйымдастыру;

      в) іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;

      г) іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде кезекті жылға арналған егжей-тегжейлі жоспарлардың (бұдан әрі – жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспарлар) жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру.

      7. Жұмыс тобы өз қызметінде халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерді, осы Ережені (Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары мен мамандандырылған мекемелерінің "бірыңғай терезе" тетігін құру жөніндегі ұсынымдарын, сондай-ақ мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын ескере отырып) басшылыққа алады.

      8. Жұмыс тобы жұмыс тобының үйлестіру кеңесінен және жұмыс тобының тақырыптық блоктарынан (бұдан әрі – тақырыптық блоктар) тұрады.

      9. Жұмыс тобының құрамын Комиссия бекітеді.

      Жұмыс тобының құрамына Комиссияның, мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығының өкілдері кіреді.

      10. Жұмыс тобының үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар кіреді:

      а) жұмыс тобының жетекшісі;

      б) мүше мемлекеттің атқарушы билігінің осы мемлекетте "бірыңғай терезе" тетігін дамыту үшін жауапты мемлекеттік органының басшысы не басшысының орынбасары деңгейінде әрбір мүше мемлекеттен бір-бір өкіл;

      в) тақырыптық блоктардың жетекшілері.

      11. Тақырыптық блоктардың құрамына мыналар кіреді:

      а) мүше мемлекеттерден:

      мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы не басшысының орынбасары деңгейінде осы органдардың немесе қызметі тиісті тақырыптық блоктың жұмыс істеу саласымен тікелей байланысты олардың уәкілетті ұйымдарының лауазымды адамдары;

      бизнес-қоғамдастық өкілдері;

      б) Комиссиядан – қызметі тиісті тақырыптық блоктың жұмыс істеу саласымен байланысты Комиссия департаменттерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлері.

      12. Жұмыс тобы қызметінің тәртібі жұмыс тобының регламентімен айқындалады.

      Жұмыс тобының регламентін жұмыс тобының жетекшісі бекітеді.

      13. Жұмыс тобының отырыстары бетпе-бет режимде де, бейнеконференция режимінде де:

      толық құрамда;

      үйлестіру кеңесінің құрамында;

      жеке тақырыптық блоктардың құрамында өткізілуі мүмкін.

      Жұмыс тобының толық құрамдағы отырыстары жылына 2 рет өткізіледі. Жұмыс тобының өзге құрамдағы отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      14. Жұмыс тобының отырыстары, әдетте, Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      Отырыстар жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары негізінде қабылданатын жұмыс тобының шешімі негізінде кез келген мүше мемлекеттерде өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда мүше мемлекеттің қабылдаушы уәкілетті органы жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

      Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің жұмыс тобының қызметіне қатысуына байланысты шығыстарды тиісінше оларды жіберетін Комиссия мен мемлекеттік органдар (ұйымдар) көтереді.

      Мүше мемлекеттердің ғылыми және білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдары, бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың жұмыс тобының қызметіне қатысуына байланысты шығыстарды көрсетілген тұлғалар дербес көтереді.

      15. Жұмыс тобының жетекшісі:

      а) жұмыс тобының қызметіне басшылық етеді және жұмыс тобына жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады;

      б) жұмыс тобының үйлестіру кеңесін басқарады;

      в) жеке тақырыптық блоктар құрамында өткізілетін отырыстарды қоспағанда, жұмыс тобы отырыстарының күн тәртібін бекітеді;

      г) жеке тақырыптық блоктар құрамында өткізілетін отырыстарды қоспағанда, жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді;

      д) жеке тақырыптық блоктар құрамында өткізілетін отырыстарды қоспағанда, жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларына қол қояды;

      е) жеке тақырыптық блоктар құрамында өткізілетін отырыстарды қоспағанда, жұмыс тобының отырысы өткізілетін күнін, уақытын, орны мен форматын айқындайды.

      16. Жұмыс тобы жетекшісінің:

      а) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан іс-шаралар жоспарын орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;

      б) жұмыс тобы мүшелерінің арасында, сондай-ақ тақырыптық блоктар арасында жұмысты бөлуге құқығы бар.

      17. Жұмыс тобының үйлестіру кеңесі:

      а) іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру стратегиясын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      б) тақырыптық блоктардың жұмысын үйлестіреді;

      в) тақырыптық блоктар жұмысының қорытындысын қарайды;

      г) мүше мемлекеттерде іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-қимылдың келісілуін қамтамасыз етеді;

      д) жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспардың дайындалуын бақылауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      е) іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде "бірыңғай терезе" тетігін дамыту жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету үшін Комиссияның басқа ұйымдарды тартуының орындылығына қатысты мәселелерді қарайды.

      18. Жұмыс тобының үйлестіру кеңесінің мүше мемлекеттердің өкілдері болып табылатын мүшелері жұмыс тобы жұмысының шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, өз мемлекеттерінде іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді.

      19. Жұмыс тобының үйлестіру кеңесінің мүше мемлекеттің өкілі болып табылатын мүшесі өз мемлекетінің үйлестіруші (кеңесші) органы әзірлеген келісілген позицияны ұсынады.

      20. Жұмыс тобының үйлестіру кеңесінің мүше мемлекеттің өкілі болып табылатын мүшесінің қажет болған жағдайда, жұмыс тобының үйлестіру кеңесінің отырыстарына қатысу үшін өз мемлекетінің бір немесе бірнеше өкілін тартуға құқығы бар.

      21. Тақырыптық блоктар қызметін мына бағыттар бойынша қосымшаға сәйкес жұмыстар тізбесіне сәйкес жүзеге асырады:

      кедендік (электрондық кеден мәселелері бойынша);

      қаржылық және салықтық (ақы төлеу және төлемдер, электронды коммерция мәселелері бойынша);

      реттеушілік (рұқсат беру құжаттарының айналымы мәселелері бойынша);

      көліктік (көлік және логистика мәселелері бойынша);

      ақпараттық (ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша).

      Көрсетілген жұмыстар тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды жұмыс тобы қарайды және Комиссияның Алқасы қабылдайды.

      22. Іс-шаралар жоспарын және осы Ережеге қосымшада көзделген тізбеде көрсетілген жұмыстарды орындау үшін сарапшылар топтары құрылуы мүмкін.

      23. Сарапшылар топтарының құрамына тақырыптық блоктардың қызмет бағыттары бойынша Комиссия департаменттерінің, мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастығының өкілдері қосылады.

      Қажет болған жағдайда сарапшылар тобының жұмысына ғылыми ұйымдардың өкілдері мен өзге де тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.

      24. Тақырыптық блоктың жетекшісі жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары болып табылады.

      25. Тақырыптық блоктың жетекшісі:

      а) тақырыптық блоктың қызметіне басшылық етеді және тақырыптық блокқа жүктелген міндеттердің орындалуын ұйымдастырады;

      б) тиісті бағыт бойынша жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспардың жобасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар береді;

      в) есепті жыл үшін тақырыптық блок жұмысының қорытындыларын ұсынады;

      г) жұмыс тобының жетекшісімен келісу бойынша сарапшылар топтарын құрады;

      д) тиісті бағыт бойынша сарапшылар топтарының жұмысын бақылауды жүзеге асырады;

      е) тиісті тақырыптық блок құрамында өткізілетін жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларына қол қояды;

      ж) отырыстың күн тәртібін, күнін, уақыты мен орнын бекітеді, сондай-ақ тиісті тақырыптық блок құрамында өткізілетін жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді;

      з) іс-шаралар жоспарын орындаудың тақырыптық блок құзыретіне жатқызылған мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің үйлестіруші (кеңесші) органдарымен, мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

      26. Тақырыптық блоктың жетекшісі:

      а) Комиссия Алқасының жанынан құрылған тиісті консультациялық органдар мен жұмыс топтарының отырыстарында, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 5-бабына сәйкес құрылған қосалқы органдардың отырыстарында осы органдар мен топтардың құзыреті шеңберінде тақырыптық блок қызметінің бағыттары бойынша жекелеген мәселелерді қарауға бастама жасауға;

      б) сарапшылар топтарын құрған кезде олардың функциялары мен міндеттерін, сондай-ақ сарапшылар топтарының құрамын қалыптастыру жөніндегі өлшемшарттарды айқындауға құқылы.

IV. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобы

      27. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының құрамына Комиссия департаменттерінің өкілдері кіреді.

      Мұндай топтың құрамын жұмыс тобының жетекшісі бекітеді.

      28. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді кедендік заңнама және құқық қолдану практикасының мәселелері құзыретіне кіретін Комиссия департаменті жүзеге асырады.

      29. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі кедендік заңнама және құқық қолдану практикасының мәселелері құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің лауазымды адамы болып табылады.

      30. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобы:

      а) іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша талдамалық жұмыс жүргізеді;

      б) Негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды тақырыптық блоктар арасында бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді ("бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту, оларды дамыту тәсілдерін жақындастыру, электрондық құжаттарды өзара тану, ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру);

      в) Негізгі бағыттар мен іс-шаралар жоспары іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады;

      г) жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспарларда көзделген іс-шараларды орындауға жауапты Комиссия департаменттерін айқындауды көздейтін бұйрықтардың жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

      д) жұмыс тобы мүшелерінің қарауы үшін сарапшылар топтары қызметінің нәтижелері бойынша материалдарды қорытуды, жинауды және дайындауды жүзеге асырады;

      е) жеке тақырыптық блоктар құрамында өткізілетін отырыстарды қоспағанда, жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастырады;

      ж) жалпы ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;

      з) жұмыс тобының мүше мемлекеттердің үйлестіруші (кеңесші) органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      и) жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспардың жобасын және іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы актінің жобасын дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      к) жұмыс тобының құзыреті шеңберінде Комиссия Алқасы мен Кеңесінің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады.

      31. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының мүшелері тақырыптық блоктар мен сарапшылар топтарының отырыстарына қатыса алады.

      32. Ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының жетекшісі:

      а) жұмыс тобының жетекшісіне – ұйымдастырушылық-талдамалық сарапшылар тобының құрамы бойынша;

      б) тақырыптық блоктардың жетекшілеріне – іс-шаралар жоспарын орындауға байланысты жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

V. Басқару тетігінің ұлтүсті және ұлттық сегменттерінің өзара іс-қимылы

      33. Басқару тетігінің ұлтүсті және ұлттық сегменттерінің өзара іс-қимылы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың, халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын, Комиссияның мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылының тәртібін реттейтін актілердің негізінде, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

  Сыртқы экономикалық қызметті
реттеу жүйесіндегі "бірыңғай

терезе" тетігін дамытудың

негізгі бағыттарын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспарын

орындауды қамтамасыз ететін

тетіктің ұйымдық құрылымы

туралы ережеге
ҚОСЫМША

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс тобының тақырыптық блоктары үшін жұмыстардың ТІЗБЕСІ

I. Электронды кеден

      1. Мүше мемлекеттердің кедендік реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мен сервистерді ұсынатын мемлекеттік органдары, ұйымдары арасында сәйкестікті белгілеу.

      2. Мыналар:

      а) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер, кеден органдары) өзара іс-қимылы кезінде туындайтын бизнес-процесстер туралы;

      б) құжаттар мен мәліметтер туралы;

      в) халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілер, мүше мемлекеттердің кедендік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілері туралы;

      г) мүше мемлекеттердің кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары туралы деректер жинау.

      3. Мыналарды:

      а) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдарының өзара іс-қимылы кезінде туындайтын бизнес-процестерге;

      б) құжаттар мен мәліметтерге (кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде құжаттар мен мәліметтердің артық болуы және қайталануы тұрғысынан);

      в) халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге, мүше мемлекеттердің кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге;

      г) мүше мемлекеттердің кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларына;

      д) мүше мемлекеттердегі электрондық декларациялаудың даму деңгейіне талдау жүргізу.

      4. Кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде (оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік тексеруді жүргізу кезінде) туындайтын мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылаушы органдарының, ұйымдарының ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимылының және өткізу пункттеріндегі бірлескен бақылаудың проблемаларына талдау жүргізу.

      5. Электрондық декларациялауды жетілдіру бағыттарын айқындау мақсатында консультациялар, дөңгелек үстелдер өткізу, мүше мемлекеттерде электрондық декларациялауды дамыту тәсілдерін келісу.

      6. Мыналарды:

      а) Одақтың кедендік шекарасын кешенді басқаруды;

      б) мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылаушы органдарының, ұйымдарының ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимылын;

      в) мүше мемлекеттерде электрондық декларациялауды, кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүзеге асыру (оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік тексеруді жүргізу) тәртібін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу (тиісті халықаралық стандарттарды ескере отырып).

      7. Кедендік декларацияны автоматты түрде тіркеу және тауарларды автоматты түрде шығару технологияларын дамыту.

      8. Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.

      9. Жұмыс тобының тиісті блогының құзыреті шеңберінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) орындалуын мониторингтеу және бақылау.

II. Ақы төлеу, төлемдер және электронды коммерция

      1. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік, салықтық, валюталық, кедендік-тарифтік реттеу, қаржы (банк, сақтандыру) қызметтерін көрсетуді реттеу саласында, сондай-ақ банк және сақтандыру қызметі түрлерін жүзеге асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылға тартылған мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін айқындау.

      2. Мүше мемлекеттердің осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу салаларында ұқсас мемлекеттік қызметтер көрсету мен сервистерді ұсынатын мемлекеттік органдарының, ұйымдарының арасында сәйкестікті белгілеу.

      3. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу салаларының шеңберінде талдау жүргізу үшін:

      а) бизнес-процесстер туралы;

      б) құжаттар мен мәліметтер туралы;

      в) халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілер, мүше мемлекеттердің қаржылық операцияларды жасау (халықаралық сыртқы сауда шарттары бойынша төлем жүргізу, кедендік баждарды, салықтарды, алымдарды және т.б. төлеу) кезінде бизнес-процестерді және құжаттар мен мәліметтердің айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері туралы;

      г) мүше мемлекеттердің осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу салаларындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мен рәсімдерді жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары туралы деректерді жинау.

      4. Мыналарды:

      а) В2В, В2G/G2В, G2G және S2S деңгейлерінде ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде туындайтын бизнес-процестерді;

      б) құжаттар мен мәліметтерді (инвойстарды, келісімшарттарды, есептілік нысандарын және т.б. қалыптастыру мен олардың айналымы кезінде құжаттар мен мәліметтердің артық болуы және қайталануы тұрғысынан);

      в) халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерді, мүше мемлекеттердің қаржы (банк, сақтандыру) қызметтерін көрсетуді ұсынуды, валюталық бақылауды жүргізуді, халықаралық төлемдерді жасау, кедендік төлемдерді, салықтар мен алымдарды есептеу және төлеу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін;

      г) мүше мемлекеттердің осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу салаларындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мен рәсімдерді жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын талдауды жүргізу.

      5. Мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жақындастыру жөніндегі бағыттарды айқындау мақсатында консультациялар, дөңгелек үстелдер өткізу (мүше мемлекеттерде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттар мәліметтерінің құрамын қоса алғанда, бизнес-процестерді орындау кезіндегі талаптарды біріздендіру, үндестіру немесе регламенттеу).

      6. Мыналарды:

      а) коммерциялық және есептік-бақылау құжаттардағы мәліметтер тізбесін;

      б) валюталық, салықтық, қаржылық реттеуді жүзеге асыру тәртіптерін;

      в) кедендік төлемдерді, салықтар мен алымдарды есептеуді және төлеуді оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу (тиісті халықаралық стандарттарды ескере отырып).

      7. "Бірыңғай терезе" тетігінде электронды төлем жүйелерін құру және дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау.

      8. Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.

      9. Іс-шаралар жоспарының орындалуын жұмыс тобының тиісті блогының құзыреті шеңберінде мониторингтеу және бақылау.

III. Рұқсат беру құжаттары

      1. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік тарифтік емес, техникалық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғауды реттеу салаларында ақпараттық өзара іс-қимылға тартылған мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін айқындау.

      2. Мүше мемлекеттердің ұқсас мемлекеттік қызметтер көрсету мен сервистерді ұсынатын мемлекеттік органдары арасында сәйкестікті белгілеу.

      3. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу салалары шеңберінде талдау жүргізу үшін:

      а) бизнес-процестер туралы;

      б) құжаттар мен мәліметтер туралы;

      в) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер, мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде рұқсат беру құжаттарына байланысты мәселелерге қатысты мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері туралы;

      г) мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде рұқсат беру құжаттарына байланысты мәселелер бойынша мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағдарламалары туралы деректерді жинау.

      4. Мыналарды:

      а) В2В, В2G/G2В, G2G және S2S деңгейлерінде ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде туындайтын бизнес-процестерге;

      б) құжаттар мен мәліметтерге (рұқсат беру құжаттарын қалыптастыру мен олардың айналымы кезінде құжаттар мен мәліметтердің артық болуы және қайталануы тұрғысынан);

      в) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, мүше мемлекеттердің белгілі бір тауарлар санаттарына қатысты экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ тауарлардың санатына байланысты тиісті (санитариялық-эпидемиологиялық және т.б.) бақылау (қадағалау) түрін жүргізу үшін қажетті рұқсат беру құжаттарын беруді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілеріне;

      г) мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде рұқсат беру құжаттарына байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мен рәсімдерді жетілдіру жөніндегі мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағдарламаларына талдау жүргізу.

      5. Мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жақындастыру жөніндегі бағыттарды айқындау мақсатында консультациялар, дөңгелек үстелдер өткізу (мүше мемлекеттерде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттар мәліметтерінің құрамын қоса алғанда, бизнес-процесстерді орындау кезіндегі талаптарды біріздендіру, үйлестіру немесе регламенттеу).

      6. Мыналарды:

      а) рұқсат беру құжаттарындағы мәліметтер тізбесін;

      б) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды), ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүргізу, сондай-ақ құрамында зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алып өту заңдылығын бақылау тәртіптерін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу (тиісті халықаралық стандарттарды ескере отырып).

      8. Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.

      9. Іс-шаралар жоспарының орындалуын жұмыс тобының тиісті блогының құзыреті шеңберінде мониторингтеу және бақылау.

IV. Көлік және логистика

      1. Мүше мемлекеттердің көлік пен тасымалдарды мемлекеттік реттеу, көліктік және логистикалық қызметтер көрсету жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылға тартылған мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін айқындау.

      2. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдары ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсету мен сервистердің тізбелерін салыстыру.

      3. Осы бөлімнің 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу салалары мен қызмет түрлері шеңберінде талдау жүргізу үшін:

      а) бизнес-процестер туралы;

      б) құжаттар мен мәліметтер туралы;

      в) Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер, көлік, инфрақұрылымды дамыту, шекараны кесіп өту және көліктік бақылауды жүргізу саласындағы мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері, мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен жасалған халықаралық шарттары туралы деректерді жинау.

      4. Мыналарды:

      а) В2В, В2G/G2В, G2G және S2S деңгейлерінде ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде туындайтын бизнес-процестерге;

      б) құжаттар мен мәліметтерге (көліктік-логистикалық операцияларды жасау және көлікті бақылауды жүзеге асыру кезінде құжаттар мен мәліметтердің артық болуы және қайталануы тұрғысынан);

      в) халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге, көлік, инфрақұрылымды дамыту, шекараны кесіп өту және көліктік бақылауды жүргізу саласындағы мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен жасалған халықаралық шарттарына;

      г) мүше мемлекеттердің көлік пен тасымалдарды мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мен рәсімдерді жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларына талдау жүргізу.

      5. Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жақындастыру жөніндегі бағыттарды айқындау мақсатында консультациялар, дөңгелек үстелдер өткізу.

      6. Мыналарды:

      а) бизнес-процестерді;

      б) тауарлар мен көлік құралдарын алып өту кезінде пайдаланылатын құжаттардың тізбесін;

      в) көліктік бақылау мақсаттары үшін қажетті мәліметтер мен құжаттар тізбесін (рұқсаттар және т.б.);

      г) көліктік бақылауды жүзеге асыру тәртібін оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

      7. Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.

      8. Іс-шаралар жоспарының орындалуын жұмыс тобының тиісті блогының құзыреті шеңберінде мониторингтеу және бақылау.

V. Ақпараттық технологиялар

      1. Мүше мемлекеттердегі ақпараттандыру үшін жауапты мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін айқындау.

      2. "Бірыңғай терезе" тетігінің шеңберінде мүше мемлекеттерде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін:

      а) мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері туралы;

      б) мүше мемлекеттер әзірлейтін және қолданатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар туралы деректерді жинау.

      3. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің шеңберінде ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерінің тізбесін (G2G) өзектілендіру, сондай-ақ G2G үлгілік рәсімдерін іске асыру жөнінде ұсынымдар дайындау мақсатында В2G/G2B және G2G ақпараттық өзара іс-қимыл деңгейлерінде мүше мемлекеттердің қолданыстағы технологиялық тәсілдері мен ақпараттық жүйелеріне талдау жүргізу.

      4. Ортақ деректер моделі негізінде мүше мемлекеттерде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардан алынған мәліметтерді біріздендіру және үндестіру.

      5. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің өзара іс-қимылын одан әрі ұйымдастыру мақсатында осы тетіктерде заңдық маңызы бар электрондық құжаттар мен мәліметтердің айналымын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің құрылымын құру тәсілдеріне талдау жүргізу.

      6. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтерге заңдық маңыз беру мақсатында сенім білдірілген үшінші тараптың технологияларын қолдану.

      7. Озық ақпараттық жүйелер мен сервистердің мүмкіндіктерін қолдану (отельдерді, авиабилеттерді брондау, қызмет көрсетуді бағалау, навигация, ұтқыр банк).

      8. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің арасында ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруды қамтамасыз ету үшін оларға өзгерістер енгізу қажеттігін айқындау мақсатында Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді және мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізу.

      9. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің арасында ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру бойынша техникалық құрылымды айқындау және технологиялық шешімдерді әзірлеу.

      10. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуіне, тиісті ортақ процестерді регламенттеуге қатысты бөлікте Одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесін өзектілендіруді, сондай-ақ ортақ деректер моделін дамытуды қамтамасыз ететін, Одақ құқығына кіретін актілердің жобаларын әзірлеу.

      11. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл процестерін мониторингтеу.

      Ескертпе. Осы тізбеде мынадай белгілер пайдаланылады:

      "B2B" – мүдделі тұлғалардың бір-бірімен ақпараттық өзара іс-қимылы;

      "B2G/G2B" – мүдделі тұлғалар, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары ж"не (немесе) уәкілетті ұйымдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл;

      "G2G" – ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл;

      "S2S" – мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 124 шешіміне
ҚОСЫМША

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс тобының құрамын қалыптастыру ӨЛШЕМШАРТТАРЫ

Жұмыс тобы құрылымының элементі

Қызмет бағыты

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен өкілдердің ең көп саны

Жұмыс тобының құрамын қалыптастыру өлшемшарттары

1. Үйлестіру кеңесі

реттеу салалары және экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс тобының қызметін жалпы үйлестіру

1

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билігінің мемлекеттік органының өз мемлекетінде "бірыңғай терезе" тетігін дамытуға жауапты басшысы не басшысының орынбасары

2. "Электронды кеден" тақырыптық блогы

кедендік реттеу

4

жұмыс тобының әрбір тақырыптық блогы мыналардың:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің немесе осы кестенің 2-бағанында көрсетілген қызмет бағытына тікелей байланысты мәселелер қарамағына жататын уәкілетті ұйымдардың;

бизнес-қоғамдастықтың;

функциялық қызметі тақырыптық блоктың қызметіне байланысты кеден органдарының құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін қамтуға тиіс.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан және уәкілетті ұйымдардан өкілдердің деңгейі –құрылымдық бөлімше (департамент, басқарма) басшысының орынбасарынан төмен емес.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өкілдері тиісті реттеу саласында не тиісті қызмет түрі бойынша "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөніндегі жұмыстарға қатысушылар болып табылады

3. "Ақы төлеу, төлемдер және электронды коммерция" тақырыптық блогы

салықтық реттеу

валюталық реттеу

банктік реттеу

сақтандыруды реттеу

кедендік-тарифтік реттеу

7

4. "Рұқсат беру құжаттары" тақырыптық блогы 

тарифтік емес реттеу

дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттеу

техникалық реттеу

санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық шаралар

зияткерлік меншік

13

5. "Көлік және логистика" тақырыптық блогы 

көлік (автомобиль, су, әуе, теміржол, құбыржол және т.б.)

қойма қызметі

логистика

13

6. "Ақпараттық технологиялар" тақырыптық блогы 

ақпараттандыру

ақпаратты қорғау

электронды мемлекеттік қызметтер көрсету

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады