2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы Комиссиясы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
А. Слепнев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 131 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тарифтік емес реттеудің мынадай бірыңғай шаралары енгізілсін:
№ 1 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу;
№ 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі.".
2. 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"№ 11 қосымшаға сәйкес Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтерді) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге;
№ 12 қосымшаға сәйкес Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдарды, қазып алынатын жануарлардың сүйектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге;
№ 13 қосымшаға сәйкес Асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге;
№ 14 қосымшаға сәйкес Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге;
№ 15 қосымшаға сәйкес Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не олардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге;
№ 16 қосымшаға сәйкес Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге;
№ 17 қосымшаға сәйкес Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оған арналған патрондарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге;
№ 18 қосымшаға сәйкес Отын-энергетикалық және минералды шикізаттың аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге.".
3. 5-тармақтағы "№ 11 қосымшаға" деген сөздер "№ 19 қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымша 1.3-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 1.4. және 1.6-бөлімдермен толықтырылсын:
"1.4. Әкелуге тыйым салынған өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да орнықты органикалық ластауыштар*
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Химия бойынша Талдамалық шолу дайындау қызметінің тізіліміндегі нөмірі (КАС) |
1. Альдрин |
2903 82 000 0 | 309-00-2 |
2. Хлордан |
2903 82 000 0 | 57-74-9 |
3. Диэлдрин |
2910 40 000 0 | 60-57-1 |
4. Эндрин | 2910 90 000 0 | 72-20-8 |
5. Гептахлор |
2903 82 000 0 | 76-44-8 |
6. Гексахлорбензол |
2903 92 000 0 | 118-74-1 |
7. Мирекс |
2903 89 900 0 | 2385-85-5 |
8. Камфехлор (токсафен) | 3808 50 000 9 | 8001-35-2 |
9. Полихлорланған дифенилдер (ПХД), полихлорланған бифенилдер (ПХБ) |
2903 99 | |
10. ДДТ (1-1-1трихлор-2,2-бис (n-хлорфенил)этан) |
2903 92 000 0 | 50-29-3 |
Бөлімге ескертпе:
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да (физикалық және химиялық сипаттары) басшылыққа алу қажет.
2. Осы бөлім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген орнында кеден органынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету орнында кеден органына дейін тасымалдау үшін транзитпен өткізілетін тауарларға қатысты қолданылмайды.
____________________________
2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының қолданылу аясына түсетін өсімдіктерді қорғау құралдары және басқа да орнықты органикалық ластауыштар
1.6. Әкелуге және (немесе) тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару, оның негізгі бөлшектері мен патрондары
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар және бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруы | 9303-тен |
2. Сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұзын ұңғылы атыс қаруының оқжатарлары (барабандары)* | 9305-тен |
3. Түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруы | 9303-тен |
4. Түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруы | 9303-тен |
5. Ұңғы ұзындығының 40 %-нан аспайтын ойық бөлігі бар "парадокс жүйесіндегі" қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруы | 9303-тен |
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындайларға жатқызылған спорттық снарядтарды қоспағанда, қол шоқпарлар, кастеттер, сурикендер, бумерангтер және қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген ұрып-уататын, лақтыратын, шаншып-кесетін басқа да заттар |
9304 00 000 0-ден |
7. Ұшы мен жүзінің ұзындығы 90 миллиметрден астам болғанда, батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан ұшы мен жүзі не өздігінен шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және өздігінен бекітілетін суық сұқпа қару мен пышақтар | 9307 00 000 0-ден |
8. Ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондар, сондай-ақ газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондар |
9306 21 000 0-ден |
9. Зақымдағыш күші радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар | 9306 90-нан |
10. Жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қару, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда 21 күннен астам мерзімге денсаулықтың ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 және одан көп пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қару |
9303 |
11. Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасында белгіленген криминалистiк талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондары | 93-тен |
12. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін қару мен оның патрондары | 93-тен |
13. Зақымдағыш әсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар | 93-тен |
14. Шығыс параметрлері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік стандарттарында белгіленген шамадан асатын ұңғысыз атыс қаруы, электрошок құрылғылары және ұшқынды разрядтауыштар |
9303 |
15. Металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қару | 93-тен |
16. Жауынгерлік қарудан жасалған массалық-габариттік макеттер |
9023 00-ден |
Бөлімге ескертпе:
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
2. Осы бөлім экспорттық бақылау жүйесі бақылайтын тауарларға қатысты қолданылмайды.
3. Қызметтік және азаматтық қарудың патрондарына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "оқ-дәрі" термині қолданылуы мүмкін.".
5. Көрсетілген Шешімге № 2 қосымша:
а) 2.3-бөлімнің алдынан мынадай мазмұндағы 2.2-бөліммен толықтырылсын:
"2.2. Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер)
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Ағаштарды жәндіктерден қорғау үшін жабысқақ қабаты бар таспаны қоспағанда, өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) | 3808-ден (3808 94 қоспағанда) |
Бөлімге ескертпе. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да,
тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.";
б) 2.3-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 2.4-бөліммен толықтырылсын:
"2.4. Коллекциялар және минералогия және палеонтология бойынша коллекциялау заттары, қазып алынатын жануарлардың сүйектері
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Сақталу нысанына, ізтаңбаларына және тіршілік іздеріне қарамастан, кез келген организмдердің қазып алынатын қалдықтары, қазып алынатын жануарлардың сүйектері |
9705 00 000 0-ден |
Коллекциялар және минералогия бойынша коллекциялау заттары | 9705 00 000 0-ден |
Бөлімге ескертпе. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да,
тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.";
в) 2.8-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 2.9 және 2.10-бөлімдермен толықтырылсын:
"2.9. Асыл тастар
1-кесте
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Өнеркәсіптік, өңделмеген немесе жай кесілген,тесілген немесе дөрекі өңдеуге ұшыраған алмас | 7102 21 000 0 |
2. Гауһар дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін, өнеркәсіптік, өңделмеген немесе жай кесілген,тесілген немесе дөрекі өңдеуге ұшыраған алмас | 7102 31 000 0-ден |
3. Сортталмаған алмас | 7102 10 000 0 |
2-кесте
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Өңделмеген немесе өңделген асыл тастар (алмастан басқа) |
7103 10 000 9-дан |
2. Табиғи інжу | 7101 10 000 0 |
3. Бірегей кәріптас түзілімдері | 2530 90 000 1-ден |
4. Өңделмегендерін немесе жай кесілгендерін, тесілгендерін немесе дөрекі өңдеуге ұшырағандарын қоспағанда, өнеркәсіптік алмас | 7102 29 000 0 |
5. Алмастың үгіндісі мен ұнтағы | 7105 10 000 0 |
6. Өңделген, бірақ түзетілмеген немесе бекітілмеген өнеркәсіптік емес алмас (гауһар) | 7102 39 000 0-ден |
7. Асыл тастардан және табиғи інжуден жасалған бұйымдар |
7116 10 000 0-ден |
Бөлімге ескертпе. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.";
2.10. Асыл тастар мен құрамында асыл тастар бар шикізат тауарлары
1-кесте
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Өңделмеген алтын немесе күміс (құйма, пластина, ұнтақ және түйіршік, сондай-ақ монета соғуға пайдаланылатын алтын түріндегі аффинирленген алтын немесе күміс) |
7106 10 000 0-ден |
2. Өңделмеген платина және платина тобындағы металдар (аффинирленген платина және құйма, пластина, ұнтақ және түйіршік түріндегі платина тобындағы металдар ғана) |
7110 11 000-ден |
3. Өңделмеген асыл тастар (бірегей және аффинажға жатпайтын саф түрлері) |
7106-дан |
4. Асыл тастардың қалдықтары мен сынықтары | 7112-ден |
5. Асыл тастардың кені, концентраттары | 2616 |
6. Өңделмеген асыл тастар, оның ішінде ұнтақ түріндегі (бірегей және аффинажға жатпайтын саф түрлері, құйма, пластина, ұнтақ және түйіршік түріндегі аффинирленген асыл тастар) |
7106 10 000 0-ден |
7. Мырыш шөгінділері | 7112-ден |
2-кесте
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Құрамында асыл тастар бар түсті металдар кені, концентраттары |
2603 00 000 0-ден |
2. Құрамында асыл тастар бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері |
7401 00 000 0-ден |
3-кесте
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Өнімдер мен бұйымдар түріндегі асыл тастар |
2843 10 |
2. Монеталар | 7118** |
Құйма, пластина, ұнтақ және түйіршік, сондай-ақ өңделмеген қалыптар түрінде аффинирленген бағалы металдарды қоспағанда.
Асыл тастардан жасалған көздері бар немесе асыл тастардан жасалған көздері жоқ асыл тастардан жасалғандар ғана.
Асыл тастардан немесе иленген асыл тастардан жасалғандар ғана.
Бөлімге ескертпе. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.";
г) 2.12-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 2.16 және 2.17-бөлімдермен толықтырылсын:
"2.16. Радиоэлектрондық құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не олардың құрамына кіретін жоғары жиілікті құрылғылар
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Жоғары жиілікті құрылғылар, жоғары жиілікті генераторларды қамтитын өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық мақсаттағы жабдықтар мен аппаратуралар |
8419-дан |
2. Дауысты, бейнені, деректерді және (немесе) басқа да ақпарат түрлерін беру немесе қабылдау үшін түрліше қолданылатын радиоэлектрондық құралдар |
8470-тен |
3. Техникалық радиобақылаудың бағдармалық-аппараттық кешендері, электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылатын радиоэлектрондық құралдарды табуға арналған қабылдау аппаратурасы |
8526-дан |
Бөлімге ескертпе.
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не олардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге 2-қосымшаны (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 15 қосымша) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) талап етілмейтін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғылардың, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілгендерінің не олардың құрамына кіретіндерінің бірыңғай тізілімін ескеріп, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
2. Рұқсат беру тәртібі ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына қарамастан, радиоэлектрондық құралдарға және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларға, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілгендеріне не олардың құрамына кіретіндеріне қатысты қолданылады.
2.17. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Акустикалық ақпаратты жасырын алуға және тіркеуге арналған арнайы техникалық құралдар: | |
акустикалық ақпаратты жасырын алуға және (немесе) тіркеуге арналған сымды байланыс жүйелер |
8517 61 000-ден |
акустикалық ақпаратты жасырын алуға және (немесе) тіркеуге арналған радиоэлектрондық құралдар |
8517 70 900 1-ден |
акустикалық ақпаратты жасырын тіркеуге арналған электрондық құралдар |
8519 81 510 0-ден |
2. Бейнеақпаратты көрнекі қадағалауға және тіркеуге арналған арнайы техникалық құралдар: | |
кіру қарашығы сыртқа шығарылған объективтер ("pin-hоle") | 9002-ден |
мынадай белгілердің кемінде бірі бар фотокамералар: |
9006 51 000 0-ден |
мынадай белгілердің кемінде бірі бар телевизиялық және бейнекамералар: | 8525 80-нен |
бейнеақпаратты жасырын алуға және (немесе) тіркеуге арналған сымдық байланыс жүйелері |
8517 61 000-ден |
бейнеақпаратты жасырын алуға және (немесе) тіркеуге арналған радиоэлектрондық құралдар |
8517 69 390 0-ден |
бейнеақпаратты жасырын тіркеуге арналған электрондық құралдар |
8521-ден |
3. Телефонмен сөйлесуді жасырын тыңдауға арналған арнайы техникалық құралдар: | |
телефонмен сөйлесуді жасырын тыңдауға арналған сымды байланыс жүйелері |
8517 61 000-ден |
телефонмен сөйлесуді жасырын тыңдауға арналған радиоэлектрондық құрылғылар |
8517 69 390 0-ден |
телефонмен сөйлесу туралы ақпаратты жасырын тіркеуге арналған электрондық құрылғылар |
8519 81 510 0-ден |
4. Техникалық байланыс арналарынан ақпаратты жасырын ұстап қалуға және тіркеуге арналған арнайы техникалық құралдар |
8471-ден |
5. Пошта хабарламалары мен жөнелтілімдерін жасырын бақылауға арналған арнайы техникалық құралдар | 9022 19 000 0-ден |
6. Заттар мен құжаттарды жасырын зерттеуге арналған арнайы техникалық құралдар, оның ішінде тасымалданатын, көлемі шағын рентгеноскопиялық, рентгентелевизиялық және рентгенографикалық аппаратура | 9022 19 000 0-ден |
7. Үй-жайларға, көлік құралдарына және басқа объектілерге жасырын енуге және қарауға арналған арнайы техникалық құралдар: | |
жабылатын құрылғыларды ашуға арналған құралдар | 8301 70 000 0-ден |
тасымалданатын, көлемі шағын рентгеноскопиялық рентгентелевизиялық және рентгенографикалық аппаратура | 9022 19 000 0-ден |
8. Көлік құралдарының және басқа объектілердің қозғалысын жасырын бақылауға арналған арнайы техникалық құралдар |
8526 10 000 9-дан |
9. Ақпаратты сақтау, өңдеу және беру техникалық құралдарынан ақпаратты жасырын алуға (өзгертуге, жоюға) арналған арнайы техникалық құралдар |
8471-ден |
8523 49 250 0-ден | |
8523 59 910 1-ден | |
10. Адамды жасырын сәйкестендіруге арналған арнайы техникалық құралдар | 9019 10 900 9-дан |
11. Адамның психофизиологиялық реакцияларын жасырын тіркеуге арналған арнайы техникалық құралдар | 9019 10 900 9-дан |
Бөлімге ескертпе.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.";
д) 2.21-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 2.22 және 2.23-бөлімдермен толықтырылсын:
"2.22. Азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондары
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
1. Газды, оның ішінде резеңке оқтары бар патрондармен ату мүмкіндігі бар тапаншалар және револьверлер | 9302 00 000 0-ден |
2. Ойық ұңғылы спорттық тапаншалар және револьверлер | 9302 00 000 0-ден |
3. Ойық ұңғылы қызметтік тапаншалар және револьверлер | 9302 00 000 0-ден |
4. Ұңғысыз атыс қаруы (тапаншалар мен револьверлер, оның ішінде жарақаттайтын патрондары бар тапаншалар мен револьверлер) | 9302 00 000 0-ден |
5. Спорттық тегіс ұңғылы мылтықтар | 9303 20-дан |
6. Спорттық ойық ұңғылы винтовкалар | 9303 30 000 0-ден |
7. Бір ұңғылы тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық қару | 9303 20 100 0-ден |
8. Екі ұңғылы немесе құрама аңшылық қару |
9303 20 950 0-ден |
9. Екі ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық қару, оның ішінде ұңғыларының калибрі әртүрлі аңшылық қару | 9303 20 950 0-ден |
10. Ойық ұңғылы аңшылық қару |
9303 30 000 0-ден |
11. Үрлеу энергиясы 25 Дж-дан аспайтын аңшылық пневматикалық қару | 9304 00 000 0-ден |
12. Үрлеу энергиясы 3 Дж-дан жоғары спорттық пневматикалық винтовкалар мен мылтықтар | 9304 00 000 0-ден |
13. Үрлеу энергиясы 3 Дж-дан жоғары спорттық пневматикалық тапаншалар мен револьверлер | 9304 00 000 0-ден |
14. Спорттық тапаншалар мен револьверлердің негізгі (құрамдас) бөлшектері (ұңғы, бекітпе, барабан, қаңқа, ұңғы қорабы, соғу-іске қосу механизмі және бөліктері және оның керек-жарақтары) | 9305 10 000 0-ден |
15. Қызметтік тапаншалар мен револьверлердің негізгі (құрамдас) бөлшектері (ұңғы, бекітпе, барабан, қаңқа, ұңғы қорабы, соғу-іске қосу механизмі мен бөліктері және оның керек-жарақтары) | 9305 10 000 0-ден |
16. Аңшылық және спорттық тегіс ұңғылы мылтық пен карабиндердің ұңғылары |
9305 20 000 1-ден |
17. Аңшылық және спорттық винтовкалар мен карабиндердің ойық ұңғылары | 9305 20 000 1-ден |
18. Аңшылық және спорттық тегіс ұңғылы мылтықтардың негізгі (құрамдас) бөліктері (бекітпе, барабан, қаңқа, ұңғы қорабы (қалып), сағақ, соғу- іске қосу механизмі мен бөліктері және оның керек-жарақтары) | 9305 20 000 9-дан |
19. Спорттық винтовкалардың, аңшы карабиндерінің, ойық ұңғылы мылтықтардың негізгі (құрамдас) бөліктері (ұңғы, бекітпе, барабан, қаңқа, ұңғы қорабы (қалып), сағақ, соғу-іске қосу механизмі мен бөліктері және оның керек-жарақтары) | 9305 20 000-ден |
20. Тегіс ұңғылы спорттық және аңшылық қаруға арналған патрондар, оның ішінде сынақ патрондары | 9306 21 000 0-ден |
21. Спорттық, қызметтік тапаншалар мен револьверлердің патрондары, ұңғысыз атыс қаруының патрондары | 9306 30 100 0-ден |
22. Ойық ұңғылы спорттық және аңшылық қарудың (тапаншалар мен револьверден басқа), өзін-өзі қорғауға арналған газды қарудың патрондары, оның ішінде сынақ патрондары | 9306 30 900 0-ден |
23. Тегіс ұңғылы аңшылық және спорттық қарудың капсулаландырылған гильзалары | 9306 29 000 0-ден |
24. Ойық ұңғылы аңшылық және спорттық қарудың (тапаншалар мен револьверлерден басқа) капсулаландырылған гильзалары | 9306 30 900 0-ден |
25. Өзін-өзі қорғауға газды қарудың капсулаландырылған гильзалары | 9306 30 900 0-ден |
26. Спорттық және қызметтік тапаншалар мен револьверлердің капсулаландырылған гильзалары | 9306 30 100 0-ден |
27. Қызметтік және азаматтық қарудың патрондарына арналған капсюлалар | 9306 30 100 0-ден |
28. Аңшылық сұқпа суық қару (аңшылық пышақтар мен қанжарлар) |
9307 00 000 0-ден |
29. Спорттық сұқпа суық қару | 9307 00 000 0-ден |
30. Өзге де сұқпа суық қару (казак нысанды киімімен, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халықтарының ұлттық киімдерімен тағуға арналған, коллекциялауға арналған сұқпалы суық қару) | 9307 00 000 0-ден |
31. Спорттық садақтар мен арбалеттер | 9506 99 900 0-ден |
32. Электрлі қару (электрошок құрылғылары мен шығу параметрлері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы белгілеген нормаларға сәйкес келетін ұшқынды разрядтаушылар) | 9304 00 000 0-ден |
33. Калибрі 6 мм асатын конструкциясы бойынша жарық, түтін және дыбыс сигналдарын ғана беруге арналған қару |
9303-тен |
34. Антиквар қарудың көшірмелері мен репликалары |
93-тен |
Бөлімге ескертпе:
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
2. Қызметтік және азаматтық қарудың патрондарына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "оқ-дәрі" термині қолданылуы мүмкін.
2.23. Отын-энергетикалық және минералдық шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Отын-энергетикалық және минералдық шикізаттың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында және континентальдық қайраңы мен теңіз аймағы шегінде орналасқан аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат |
Бөлімге ескертпе:
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН кодына қарамастан ақпараттың түрін басшылыққа алу қажет.
2. Жер қойнауы туралы ақпаратқа:
а) геологиялық есептер мен олардың қосымшалары;
б) мәтіндік, кестелік және графикалық құжаттар, географиялық карталар мен жоспарлар, геологиялық және геофизикалық кесінділер, геологиялық объектілердің кино-, сурет- және слайдты бейнелері, даладағы байқау журналдары, өздігінен жазу аспаптарының жазбалары;
в) тау жыныстарының, кендердің, шламдардың, қазып алынатын флора мен фаунаның, кернның үлгілері, сұйықтықтар мен газдардың сынамасы;
г) геологиялық жобалау және техникалық-экономикалық құжаттама;
д) осы ескертпенің "а" - "г" тармақшаларында көрсетілген, электрондық және магниттік жеткізгіштердегі геологиялық ақпарат.".
6. Көрсетілген Шешімге № 4 қосымшаның 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілген бірыңғай тізбенің 2.4-бөліміне енгізілген коллекциялар мен минералогия бойынша коллекциялау заттары минералдық шикізатқа жатпайды.".
7. Көрсетілген Шешімге № 8 қосымшаның 5-тармағындағы "Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және (немесе) Кеден одағының кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Шектеулерді қолдану туралы ереже)" деген сөздер "Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері мен патрондарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 17 қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Көрсетілген Шешімге № 9 қосымшада:
а) 1-тармақтағы "(бұдан әрі – шифрлық (криптографиялық) құралдар)" деген сөздер "(бұдан әрі тиісінше – шифрлық (криптографиялық) құралдар, бірыңғай тізбе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 3-тармақтың бірінші абзацындағы "Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлар" деген сөздер алып тасталсын;
в) 4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер шифрлық (криптографиялық) құралдар құрамында бірыңғай тізбенің 2.16-бөліміне енгізілген азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар болса немесе егер шифрлық (криптографиялық) құралдар осындай радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың құрамына кіретін болса, онда мұндай тауарларды әкелу Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не олардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімі) сәйкес жүзеге асырылады;
екінші абзацтағы "Бірыңғай тізбенің" деген сөздер "бірыңғай тізбенің" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 10-тармақтың "а" тармақшасындағы "Бірыңғай тізбенің" деген сөздер "бірыңғай тізбенің" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) "Шифрлық (криптографиялық) құралдар мен тауарлардың және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификациялау туралы ережеге (көрсетілген Шешімге № 9 қосымшаға № 2 қосымша)" № 2 қосымшаның алтыншы абзацы "Қазақстан Республикасы," деген сөздерден кейін "KG – Қырғыз Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын.
9. Көрсетілген Шешімге № 11 қосымшаның нөмірлік тақырыбындағы "11" деген цифрлар "19" деген цифрлармен ауыстырылсын.
10. Мынадай мазмұндағы № 11 – 18 қосымшалармен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 11 ҚОСЫМША |
Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.2-бөліміне енгізілген өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – әкелу, Одақ) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереженің мақсаттары үшін өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) деп өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, ауыл шаруашылы өнімінде сақталатын зиякестерге қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды улау, өсімдіктерді жинау алдындағы кептіру, жапырақтарын жұлу және өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, көктеуге қарсы құралдар мен өсімдіктердің өсуін реттегіштер, дефолианттар, десиканттар) түсініледі.
Осы Ережеде қолданылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Осы Ереженің 7-тармағына сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) әкелу жағдайларын қоспағанда, өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) әкелу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша ресімделген қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған кезде жүзеге асырылады.
Осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына Одақтың кедендік аумағына өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) әкелінген кезде табыс етіледі.
4. Жеке тұлғалардың өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) тауар ретінде жеке пайдалану үшін әкелуіне тыйым салынады.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тіркелген өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
6. Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) Одақтың кедендік аумағына әкелінген жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін тасымалдау үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өзге де кедендік рәсіммен орналастыру үшін мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
7. Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) Одақтың кедендік аумағына әкелінген жеріндегі кеден органынан одақтың кедендік аумағынан әкету жеріндегі кеден органына дейін тасымалдау үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылмай жүзеге асырылады.
8. Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) кедендік қойманың кедендік рәсіміне орналастыру осындай өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өзге де кедендік рәсімдерге орналастыру үшін мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде немесе өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) кедендік қойманың кедендік рәсіміне орналастыру үшін мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
9. Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) кері импорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
10. Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) бажсыз сауданың, жоюдың, мемлекеттің пайдасына бас тартудың, кедендік аумақта қайта өңдеудің, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің, еркін кедендік аймақтың, еркін қойманың және уақытша әкелудің (кіргізудің) кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
III. Лицензия беру
11. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
12. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
13. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді уәкілетті орган осы мүше мемлекеттің басқа мемлекеттік билік органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша қабылдаған жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, өтініш беруші келісуші органға осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
14. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
15. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органы осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен:
а) өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер) тіркеу (ұсақ алаңдарға бөлу және өндірістік сынақтар) және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінген;
б) өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер), егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, жаңадан анықталған карантиндік зиянды организмдердің ошақтарын жою үшін әкелінген;
в) осы Ереженің 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
16. Өтініш беруші мүше мемлекеттің қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген органына мынадай құжаттарды ұсынған кезде қорытынды (рұқсат беру құжаты) осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайларда беріледі:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар мен шектеулерді қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
б) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
17. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған кезде бас тартылады:
а) өтініш берушінің осы Ереженің 16-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтердің болуы;
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 12 ҚОСЫМША |
Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдарды, қазып алынатын жануарлардың сүйектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.4-бөліміне енгізілген минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдарды, қазып алынатын жануарлардың сүйектерін (бұдан әрі – коллекциялық материалдар) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – әкету, Одақ) тәртібін айқындайды.
Осы Ереже мәдени құндылығы бар және көрсетілген бірыңғай тізбенің 2.20-бөлімінің 2-тармағында көзделген коллекциялық материалдарды әкету тәртібіне қолданылмайды. Мұндай коллекциялық материалдарды әкету Мәдени құндылықтарды, ұлттық мұрағат қорларының құжаттарын және мұрағат құжаттарының тұпнұсқаларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 8 қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Ереженің мақсаттары үшін келісуші орган деп Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) табиғат пайдалану және жер қойнауын пайдалану саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органы немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензияны келісуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша ресімделген қорытынды (рұқсат беру құжатын) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) беруге мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік билік органы түсініледі.
Осы Ережеде қолданылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Осы Ереженің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, коллекциялық материалдарды әкету лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлғалардың коллекциялық материалдарды жеке пайдалану үшін тауар ретінде әкетуі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес келісуші орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Коллекциялық материалдарды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
6. Коллекциялық материалдарды кедендік аумақтан тыс уақытша әкетудің және қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
7. Бұрын Одақтың кедендік аумағына әкелінген коллекциялық материалдарды кері экспорттың және кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылмай жүзеге асырылады.
8. Коллекциялық материалдарды бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді.
III. Лицензия беру
9. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес өтініш берушілер коллекциялық материалдарды олжалаудың және оларға иелік етудің заңдылығын куәландыратын құжаттарды да ұсынады.
Коллекциялық материалдарды олар аумағынан алынған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші коллекциялық материалдарды олжалаудың және оларға иелік етудің заңдылығын куәландыратын құжат ретінде аумағынан осы коллекциялық материалдар алынған мүше мемлекеттің келісуші органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынады.
10. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
11. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді уәкілетті орган келісуші оргенмен келісу бойынша қабылдаған жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, өтініш беруші келісуші органға осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте уәкілетті органға осы Ереженің 9-тармағының екінші абзацында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
12. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
13. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді келісуші орган жүзеге асырады.
14. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) келісуші органға мынадай құжаттарды:
а) өтініш беруші:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар мен шектеулерді қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға (бұдан әрі – әдістемелік нұсқаулар) сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;
шарттың (келісімшарттың) көшірмесін, шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін;
коллекциялық материалдарды олжалаудың және оларға иелік етудің заңдылығын куәландыратын құжаттың көшірмесін. Коллекциялық материалдарды олар аумағынан алынған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші коллекциялық материалдарды олжалаудың және оларға иелік етудің заңдылығын куәландыратын құжат ретінде аумағынан осы коллекциялық материалдар алынған мүше мемлекеттің келісуші органы берген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынады;
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге құжаттарды;
б) коллекциялық материалдарды жеке пайдалану үшін тауар ретінде әкету кезінде жеке тұлға:
әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;
жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтерді (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген, жеке нөмірі (ол болған кезде) тұрғылықты жерінің мекенжайы);
коллекциялық материалдарды олжалаудың және оларға иелік етудің заңдылығын куәландыратын құжаттың көшірмесін. Коллекциялық материалдарды олар аумағынан алынған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде жеке тұлға коллекциялық материалдарды олжалаудың және оларға иелік етудің заңдылығын куәландыратын құжат ретінде аумағынан осы коллекциялық материалдар алынған мүше мемлекеттің келісуші органы берген қорытындына (рұқсат беру құжатын);
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынған кезде осы Ереженің 4 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда беріледі.
15. Осы Ереженің 9-тармағының үшінші абзацында, 14-тармағы "а" тармақшасының төртінші абзацында және "б" тармақшасының төртінші абзацында көзделген қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін келісуші органға мынадай құжаттар ұсынылады:
а) әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
б) тараптарының бірі осы коллекциялық материалдар аумағынан алынған мүше мемлекеттің сыртқы сауда қызметіне қатысушы болып табылатын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасындағы коллекциялық материалдарды сатып алу-сату шартының (келісімшартының) көшірмесі.
16. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған кезде бас тартылады:
а) осы Ереженің 14 және 15-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбау;
б) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтердің болуы;
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 13 ҚОСЫМША |
Асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі – бірыңғай тізбе) 2.9-бөліміне енгізілген асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – әкелу, Одақ) және Одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже:
а) құрамында асыл тастар бар мәдени құндылықтарды әкету кезінде қолданылмайды. Құрамында асыл тастар бар және бірыңғай тізбенің 2.20-бөліміне енгізілген мәдени құндылықтарды әкету Мәдени құндылықтарды, ұлттық мұрағат қорларының құжаттарын және мұрағат құжаттарының тұпнұсқаларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 8 қосымша) сәйкес жүзеге асырылады;
б) Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бағалы металдар мен асыл тастардың мемлекеттік қорларын толықтыруға арналған асыл тастарды мүше мемлекеттер субъектілерінің (федералдық мемлекет субъектілері үшін) бағалы металдар мен асыл тастардың мемлекеттік қорларына әкелу кезінде және (немесе) мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің асыл тастарды әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде қолданылмайды. Оларды әкелу және (немесе) әкету тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін;
в) жеке тұлғалардың асыл тастарды жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде қолданылмайды.
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
"мемлекеттік бақылау актісі" – № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған және мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылғанын растайтын құжат;
"асыл тастарды мемлекеттік бақылау" – № 2 қосымшаға сәйкес Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік рәсім;
"асыл тастар" – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі;
"табиғи алмастар" – өңделмеген, сол сияқты ішінара өңделген, гауһар дайындау үшін пайдаланылатын табиғи алмастар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7102 31 000 0-ден код), өңделмеген, сол сияқты ішінара не толық өңделген, өнеркәсіптік немесе ғылыми мақсатта пайдалануға жарамды табиғи алмастар, сондай-ақ бір кристалды және көп кристалды алмас құралынан рекупелцияланған табиғи алмастар, түйіршіктер және ұнтақтар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 29 000 0 және 7105 10 000 0 кодтары).
Осы Ережеде қолданылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
4. Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген асыл тастар Одақтың кедендік аумағына жеткізілген кезде мүше мемлекеттердің кеден органдары өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының сертификаты туралы (бұдан әрі – Кимберлий процесінің сертификаты) мәліметтер (сертификаттың нөмірі, сертификаттың берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетілген) береді.
Көрсетілген мәліметтер берілмеген немесе Кимберлий процесі сертификатының қолданылу мерзімі өткен жағдайда өңделмеген табиғи алмастар партиясын Одақтың кедендік аумағына әкелуге жол берілмейді.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Мына жағдайларды:
а) асыл тастарды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды;
б) кедендік транзиттің кедендік рәсімін және кедендік қойманың кедендік рәсімін қоспағанда, егер бұрын асыл тастар өзге кедендік рәсімдерге орналастырылмаса, оларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыруды қоспағанда, бірыңғай тізбенің 2.9-бөліміне енгізілген асыл тастарды кедендік рәсімдерге орналастыру мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған мамандандырылған (санатқа бөлінген) кеден бекеттерінде немесе мүше мемлекеттер кеден органдарының бөлімдерінде жүзеге асырылады.
6. Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген асыл тастарды экспорттың, ішкі тұтыну үшін шығарудың, мемлекеттің пайдасына бас тартудың, кері импорттың, уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің, кері экспорттың, еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі және Кимберлий процесінің сертификаты ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тартылған жағдайда, бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген асыл тастарды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына аумағында көрсетілген асыл тастарды осы кедендік рәсімге орналастыру жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы) берген Кимберлий процесінің сертификатын немесе Кимберлий процесінің сертификаты туралы мәліметтер (сертификаттың нөмірі, сертификаттың берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетілген) берілген кезде жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген асыл тастарды экспорттың, ішкі тұтыну үшін шығарудың, бажсыз сауданың, мемлекет пайдасына бас тартудың, кері импорттың, кері экспорттың, еркін кедендік аймақтың, еркін қойманың, уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, ішкі тұтынушы үшін қайта өңдеудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің және кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тартылған жағдайда, бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген асыл тастарды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісін ұсынбай жүзеге асырылады.
8. Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген асыл тастарды Одақтың кедендік аумағына әкелінген жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін және ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкету жеріндегі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру, сондай-ақ осындай асыл тастарды Одақтың кедендік аумағына әкелу жеріндегі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан әкету жеріндегі кеден органына және кедендік қоймаға дейін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына Кимберлий процесінің сертификаты туралы мәліметтер (сертификаттың нөмірі, сертификаттың берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетілген) ұсынылған кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісін беру талап етілмейді.
Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген асыл тастарды осы тармақтың бірінші абзацында көзделген кедендік рәсімдерге орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісін ұсынбай жүзеге асырылады.
9. Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімініне енгізілген асыл тастарды (бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген асыл тастардан және табиғи інжуден жасалған бұйымдарды қоспағанда) жоюдың кедендік рәсіміне және бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді.
Асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге № 1 ҚОСЫМША |
(нысан)
Мемлекеттік бақылау АКТІСІ
__________ ______________________________________ № _______
(күні) (мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған орын)
Асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету
туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 13 қосымша) сәйкес __________ ____________ өкілі
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы)
______________________________________________________ хаты негізінде
(экспорттаушы ұйымның немесе импорттаушы ұйымның атауы)
________________ тауарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырды.
Мәміленің деректемелері:
Меншік иесінің-ұйымның атауы * ________________________
Экспорттаушы ұйымның
(импорттаушы ұйымның) атауы _______________________________________
Импорттаушының (экспорттаушының) атауы__________________________
Жүк алушының (жүк жөнелтушінің)
атауы _____________________________________________________________
________________ жылғы № ______ сыртқы сауда шарты (келісімшарты)
________________ жылғы № ______ сыртқы сауда шартына (келісімшартына) ерекшелік
________________ жылғы № ______ инвойс
__________ жылғы № ___ Кимберлий процесінің сертификаты
(өңделмеген табиғи алмастарды әкелген кезде)
Партияның жалпы салмағы №_____________________________
Партияның құны_____________________________
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды _____________________________
Орындар саны _____________________________
Әкелу (әкету) мемлекеті _____________________________
Тауарды өңдеуге рұқсат _____________________________
Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай аспаптар мен құралдар пайдаланылады:
_________________________________________________
______________________________________________________________________________________________
Мемлекеттік бақылау нәтижелері және қорытындылар:______________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік бақылау аяқталғаннан кейін жүк ___ орынға буып түйілді және:
экспорттаушы ұйымның (импорттаушы ұйымның) № _________ мөрімен
уәкілетті орган (ұйым) өкілінің № _________ мөрімен пломбаланды.
Уәкілетті органның (ұйымның) өкілі:
______________/_______________/
(Т.А.Ә.) (қолы)
_________________________________________________________
(экспорттаушы ұйымның немесе импорттаушы ұйымның атауы)
мемлекеттік бақылау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың анықтығын растаймын.
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қарсы емеспін.
Сенімхат _____________________________________________
(экспорттаушы ұйымның немесе импорттаушы ұйымның атауы)
берілді.
Өкіл _________________________________________________________
______________________________________________________________
(экспорттаушы ұйымның немесе импорттаушы ұйымның атауы)
____________/_______________/
(Т.А.Ә.) (қолы)
Мемлекеттік бақылаудың жүргізілгенін растаймын.
Уәкілетті органның (ұйымның) өкілі:
_____________/______________/
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
______ жылғы "___" __________ № ____________
табиғи алмастарды әкету сертификаты*
Өкіл ______________________________________________________
(сертификатты ресімдеген уәкілетті органның (ұйымның) атауы)
____________/_______________/
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
___________
* Табиғи алмастарды әкету кезінде толтырылады
Асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге № 2 ҚОСЫМША |
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) жүзеге асырады.
2. Асыл тастарға мемлекеттік бақылау мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған мүше мемлекеттердің мамандандырылған (санаттарға бөлінген) кеден бекеттерінде немесе кеден органдарының бөлімдерінде жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
"гауһар" – түрлі нысанда бедерленген, қырлары жылтыратылған және кейіннен пайдалануға арналған өңделген табиғи алмастар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7102 39 000 0-ден код);
"өтініш берушілер" – асыл тастарды өндіру субъектілері, гауһар өндірісінің субъектілері, табиғи алмастан жасалған өнімдер мен бұйымдар өндірісінің субъектілері, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес асыл тастармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғалар;
"асыл тастарды сәйкестендіру" – мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) асыл тастардың әлемдік нарықтағы бағалар ескеріліп, сыныптамалық және құндық сипаттамаларының "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Одақтың ресми сайтында жарияланған нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеуі. Асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын айқындау үшін нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу және нормативтік-техникалық құжаттаманы жариялау № 1 қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады;
"асыл тастарды өндіру субъектілері" – аталған заңды тұлғалар резиденттері болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында асыл тастар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
"гауһар өндірісінің субъектілері" – аталған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер резиденттері болып табылатын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес гауһар дайындау мақсатында табиғи алмастарды бедерлеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер;
"табиғи алмастан жасалған өнімдер мен бұйымдар өндірісінің субъектілері" – аталған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер резиденттері болып табылатын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер дайындау мақсатында табиғи алмастарды бедерлеуді жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер;
"бірегей асыл тастар" – № 2 қосымшаға сәйкес өлшемшарттарға сәйкес бірегей санатқа жатқызылған және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мақсаттарда пайдалануға арналған асыл тастар. Асыл тастарды бірегей санатқа жатқызу тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуі мүмкін;
"бірегей кәріптас түзілімдері" – салмағы 1000 г жоғары, қалпы әртүрлі, фантазиялық нысандағы, өзінің құрылымы бойынша салыстырмалы түрде тұтас (кемінде 80 пайыз), үлгінің бүтіндігіне қауіп төндіретін өтпелі қабыршақ, визуалды сызат жоқ, түс гаммасы әртүрлі, мөлшері 10 мм астам флора мен фауна қосындылары жақсы сақталуы мүмкін кәріптас түзілімдері. Бірегей кәріптас түзілімдерін асыл тастарға жатқызу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
4. Асыл тастар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
а) Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін асыл тастардың шыққан тегін және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде оларға иелік етудің заңдылығын тексеру;
б) Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін асыл тастардың сорттау мен бағалау сапасының "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Одақтың ресми сайтында жарияланған нормативтік-техникалық құжаттамаға және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру;
в) асыл тастарды сәйкестендіру;
г) асыл тастардан жасалған бұйымдардың нормативтік-техникалық құжаттамаға және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексеру;
д) егер мұндай тәртіптер мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда, асыл тастарды бастапқы сыныптау кезінде (оларды өндіру кезінде) асыл тастарды бірегей санатқа жатқызудың белгіленген тәртібінің және бірегей кәріптас түзілімдерін асыл тастарға жатқызу тәртібінің сақталуын тексеру;
е) мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген асыл тастарды мүше мемлекеттердің бағалы металдар мен асыл тастардың мемлекеттік қорларына сатып алуға басым құқықтың сақталуын тексеру;
ж) мүше мемлекеттердің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының сертификаттарын (бұдан әрі – Кимберлий процесінің сертификаты) ресімдеу, беру және (немесе) есепке алу, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасын іске асыру мақсатында үшінші елдер берген Кимберлий процесінің сертификаттарын тексеру мен есепке алуды тексеру;
з) мыналардың:
бұрын Одақтың кедендік аумағынан әкетілген өңделмеген асыл тастардан дайындалу мүмкіндігін айқындау мақсатында Одақтың кедендік аумағына әкелінетін өңделмеген асыл тастардың;
бұрын Одақтың кедендік аумағына әкелінген өңделмеген асыл тастардан дайындалу мүмкіндігін айқындау мақсатында Одақтың кедендік аумағына әкетілген өңделмеген асыл тастардың шыққан тегін сәйкестендіру мен тексеру.
5. Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш берушілер немесе тиісті өкілеттіктерінің жазбаша растауы бар олардың өкілдері мынадай құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді:
а) өтініш беруші туралы деректер (оның ішінде өтініш берушінің тұрған жері) және асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажеті қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілетін өтінім-хат;
б) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, оған қосымша және (немесе) толықтыру, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
в) делдалдық шарттың көшірмесі (егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе);
г) арнайы есепке қою туралы құжаттың көшірмесі немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген қызмет түріне лицензияның көшірмесі;
д) жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияның немесе шарттың (келісімшарттың) көшірмесі (асыл тастарды өндіру субъектілері үшін);
е) өтініш берушінің жарғылық және тіркеу құжаттарының көшірмелері.
6. Одақтың кедендік аумағына әкелінген өңделмеген табиғи алмастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының талаптарына сәйкес ресімделген экспорттаушы мемлекеттің Кимберлий процесінің сертификаты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге беріледі.
7. Одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған өңделмеген асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттар табыс етіледі:
а) мүше мемлекеттердің аумақтарында өңделмеген асыл тастарды сатып алуға шарттар, беру және ерекшелік актілері (жиынтықтау ведомостары), оның ішінде осы шарт бойынша сатып алынған өңделмеген асыл тастар партиясының бір бөлігі Одақтың кедендік аумағынан әкетілген жағдайда;
б) Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін өңделмеген асыл тастармен жасалатын мәмілелерді мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен асыл тастарды сатып алуға ұсынылған шарттар бойынша есепке алу туралы растама (өңделмеген асыл тастарды мүше мемлекеттердің ішкі нарығында сатып алу);
в) № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама;
г) асыл тастарды өндіру субъектілерімен, гауһар өндірісінің субъектілерімен немесе табиғи алмастардан жасалған өнімдер мен бұйымдар өндірісінің субъектілерімен жасалған делдалдық шарттар (егер өңделмеген табиғи алмастар экспорты кезінде өтініш беруші ретінде мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес асыл тастармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және арнайы есепте тұрған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер әрекет ететін болса);
д) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
8. Одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған өңделген асыл заттарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар табыс етіледі:
а) өңделген асыл тастардың толық ассортиментін сандық және құндық мәнде көрсететін тиеп-жөнелту ерекшелігі;
б) өңделген асыл тастардың мөлшер-салмақ топтары бойынша қорытылған ерекшелігі;
в) № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша асыл тастарды дайындау үшін өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы анықтама;
г) № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, салмағы
10,8 карат және одан жоғары өңделмеген алмастарды пайдалану туралы анықтама;
д) салмағы 6 карат және одан жоғары гауһарды бағалау туралы кәсіпорынның хаттамасы (актісі);
е) асыл тастардың шыққан тегін (сатып алынуын) растайтын құжаттар және оларға иелік ету заңдылығы (келісімшарт, делдалдық шарт, беру актісі, ерекшелік (жиынтықтау ведомосы) белгіленген тәртіппен ескерілген мәміле актісі);
ж) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
9. Одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған табиғи алмастардан алынған ұнтақтарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар табыс етіледі:
а) ұнтақтардың табиғи алмастардан алынғанын (сатып алынуын) растайтын құжаттар және оларға иелік ету заңдылығы (келісімшарт, делдалдық шарт, беру актісі, ерекшелік (жиынтықтау ведомосы) белгіленген тәртіппен ескерілген мәміле актісі);
б) табиғи алмастардан алынған ұнтақтардың толық ассортиментін сандық және құндық мәнде көрсететін тиеп-жөнелту ерекшелігі;
в) табиғи алмастарды № 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша ұнтақ дайындау үшін пайдалану туралы анықтама;
г) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
10. Табиғи алмастарды кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру үшін гауһар дайындау мақсатында табиғи алмастарды бедерлеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге мемлекеттік бақылау актісі беріледі.
11. Құжаттардың ұсынылған көшірмелерінің әрбірі парағы өтініш берушінің қол қоюымен және мөрімен расталады не осы құжаттардың көшірмелері тігіледі, ал олардың соңғы парақтары өтініш берушінің қол қоюымен және мөрімен расталады.
12. Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, құжаттар электрондық құжат нысанында табыс етілуі мүмкін.
13. Асыл тастарды мемлекеттік бақылау нәтижелері Асыл тастарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 13 қосымша) № 1 қосымшада көзделген нысан бойынша жасалған мемлекеттік бақылау актісімен не оны беруден бас тартумен ресімделеді.
14. Мемлекеттік бақылау актісі 3 данада жасалады және оған мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) өкілі мен өтініш беруші (өтініш берушінің өкілі) қол қояды. Бірінші және екінші даналары өтініш берушіге тапсырылады. Бірінші данасы мүше мемлекеттің кеден органына беруге арналады, екінші данасы өтініш берушіде қалады. Үшінші данасы мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған уәкілетті органында (ұйымында) сақталады.
Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мемлекеттік бақылау актісі электрондық нысанда берілуі мүмкін.
15.Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін өңделмеген табиғи алмастардың барлық партиясына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген Кимберлий сертификаты беріледі.
16. Мемлекеттік бақылау актісі мемлекеттік бақылау рәсімін, сондай-ақ Кимберлий процесінің талаптарын орындауға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыру фактісін растайды.
17. Мемлекеттік бақылау актісін беруден:
а) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес және анық емес мәліметтер қамтылған;
б) осы Қағидалардың 4 – 8-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған;
в) тауар партиялары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарға сай келмеген жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
18. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы уәжді шешім өтініш берушіге жазбаша нысанда не мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, электрондық нысанда беріледі.
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына № 1 ҚОСЫМША |
Асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын айқындау үшін нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу ТӘРТІБІ
1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын айқындау үшін "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында (бұдан әрі – Одақтың ресми сайты) нормативтік-техникалық құжаттаманы жариялайды.
2. Нормативтік-техникалық құжаттама деп мынадай құжаттар түсініледі:
а) асыл тастарды стандарттау саласындағы құжаттар;
б) сыныптауыштар;
в) техникалық шарттар;
г) асыл тастардың прейскуранттары.
3. Нормативтік-техникалық құжаттаманы жариялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру, пайдалану және олардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге жауапты уәкілетті органының (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысы (басшысының орынбасары) қол қойған хаттама негізінде жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті органдар нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды уақтылы дайындау үшін әлемдік асыл тастар нарығына үнемі мониторингті жүзеге асырады.
5. Нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар болған кезде тиісті ұсыныстар енгізуге бастама жасаған уәкілетті орган басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына қарау және келісу үшін:
а) тоқсан сайын (өткен тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) – өңделмеген табиғи алмастарға арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға;
б) жартыжылдықта 1 рет (өткен жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей) – өңделмеген және өңделген жақұттарға, лағылдарға, зүбәржаттарға, александриттерге арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға;
в) кез келген уақытта – өзге нормативтік-техникалық құжаттамаға осындай өзгерістер енгізудің орындылығының техникалық-экономикалық негіздемесімен бірге нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын (бұдан әрі – хаттама жобасы) электрондық немесе факсимилдік байланыс арқылы жібереді.
6. Хаттама жобасын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұл жобаны уәкілетті органдар қарайды. Қандай да бір ескертулері болмаса, хаттама жобасына уәкілетті органның басшысы (басшысының орынбасары) қол қояды және ол электрондық немесе факсимилдік байланыс арқылы өзгерістер енгізуге бастама жасаған уәкілетті органға жіберіледі.
7. Барлық мүше мемлекеттің уәкілетті органдары хаттамаға қол қойғаннан кейін өзгерістер енгізуге бастама жасаған уәкілетті орган мүше мемлекеттердің әрқайсысы қол қойған хаттамалардың даналарын Комиссияға (нормативтік-техникалық құжаттамаға енгізілуі қажет тиісті өзгерістерді қоса беріп) жібереді.
8. Осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген хаттамаларды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комиссия нормативтік-техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістерді Одақтың ресми сайтында жариялайды.
9. Уәкілетті органдардың ең болмағанда біреуі нормативтік-құжаттарға енгізілетін өзгерістермен келіспеген жағдайда, өзгерістер енгізуге бастама жасаған уәкілетті орган уәкілетті органдардан соңғы жауапты алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылған ұсыныстарды талқылау және келісу үшін уәкілетті органдар өкілдерінің келісу кеңесін өткізеді.
Келісу кеңесі бейнеконференция режимінде өткізілуі мүмкін.
Ұсынылған ұсыныстар келісілген жағдайда өзгерістер енгізуге бастама жасаған уәкілетті орган уәкілетті органдарға осы Тәртіптің 6-тармағында көзделген тәртіппен қарау үшін келісу кеңесінің хаттамасын электрондық немесе факсимилдік байланыс арқылы жібереді.
Ұсынылған ұсыныстар келісілмеген жағдайда уәкілетті органдар өкілдерінің келісу кеңесінің хаттамасына кеңеске қатысушылар келіспеушіліктермен қол қояды.
Нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістерді қайта енгізу осы Тәртіптің 5-тармағына сәйкес уәкілетті органдардың қарауына ұсынылуы мүмкін.
10. Уәкілетті органдар тағайындалған жауапты орындаушылар туралы (телефон мен электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып) біріне-бірі және Комиссияға ақпарат береді. Бұл ақпарат Одақтың ресми сайтында жарияланады.
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына № 2 ҚОСЫМША |
Асыл тастарды бірегей санатқа жатқызу ӨЛШЕМШАРТТАРЫ
Бірегей асыл тастар санатына:
"борт" позициясынан басқа, салмағы 50 карат және одан жоғары алмастар;
кристалдары мен минералды байланысының нысандары жағынан қызығушылық туғызатын, бірінші түсті (күңгірт жасыл), бірінші және екінші сортты өңделмеген зүбәржаттар (штуфтар, зүбәржаттардың кристалдары немесе кристалдармен қосылып біткендері), сондай-ақ олардың бірінші түсті (күңгірт жасыл), іштей жылтырайтын мөлдірлік дәрежесі жоғары, мөлшері 10 мм және одан жоғары сынықтары ("экстра" санаты);
кристалдары мен минералды байланысының нысандары жағынан қызығушылық туғызатын, бірінші және екінші сортты, александриттік әсері күшті, кристалл нысандары жақсы білінетін өңделмеген александриттер;
белгілі бір тарихи оқиғалармен немесе тарихта, ғылымда, мәдениетте көрнекі рөл атқарған танымал тұлғалармен байланысты асыл тастар жатқызылуы мүмкін.
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына № 3 ҚОСЫМША |
(нысан)
_____________ жылғы № _______ сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы АНЫҚТАМА (экспорт кезінде)
Р/с № | Шикізат шартының нөмірі мен күні, өңделмеген алмастарды сатушы (ұйымның атауы) |
Беру, ерекшелік актісінің | Сыртқы сауда шарттары (келісімшарттары), беру, ерекшелік актілері (жиынтықтау ведомостары) бойынша өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған өңделген асыл тастарды дайындау үшін өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өткізу үшін өңделген асыл тастарды дайындау үшін пайдаланылған өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одақтың қайталама нарығында сатылған өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге мәлімделген өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Өңделмеген асыл тастардың сатушының қоймасындағы немесе өндірісіндегі қалдықтары туралы деректер | |||||||
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы , |
құны, АҚШ |
салмағы , |
құны, АҚШ |
салмағы , |
құны, АҚШ |
салмағы , |
құны, АҚШ |
салмағы , |
құны, АҚШ |
салмағы , |
құны, АҚШ | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Бас директор ________________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер ________________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. (бар болса)
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына № 4 ҚОСЫМША |
(нысан)
_____________ жылғы № _______ сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша асыл тастар дайындау үшін өңделмеген асыл тастарды пайдалану туралы АНЫҚТАМА
Р/с № | Шикізат шартының және өңделмеген асыл тастарды беру актісінің нөмірі мен күні | Өңделмеген асыл тастарды сатушы туралы деректер | Шикізат шарты бойынша өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін асыл тастарға сәйкес келетін өңделмеген асыл тастар туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін асыл тастар туралы деректер |
Жарамды шығымы, | Өңделмеген асыл тастардың сатушының қоймасындағы немесе өндірісіндегі қалдықтары туралы деректер | |||||
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ | |||||
есептік | келісімшарттық | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
ЖИЫНЫ: |
Кәсіпорынның басшысы _____________ _______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. (бар болса)
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына № 5 ҚОСЫМША |
(нысан)
Салмағы 10,8 карат және одан жоғары өңделмеген алмастарды пайдалану туралы АНЫҚТАМА
Р/с № |
Шикізат шартының, беру актісінің, ерекшеліктің | Өңделмеген алмастардың сипаттамалары (түсі, ақаулығы, (сапасы)) | Шикізат шарты бойынша өңделмеген алмастар туралы деректер | Гауһарға сәйкес келетін өңделмеген алмастар туралы деректер | Алынған гауһар туралы деректер | ||||||||
кристалл салмағы, карат |
құны, АҚШ | Кристалл салмағы, карат |
құны, АҚШ | бедер түрі |
сипаттамасы | салмағы, карат | дана | 1 карат үшін есептік (белгіленген) бағасы (жеңілдіктерімен, үстемелерімен), АҚШ доллары |
есептік (белгіленген) бағасы (жеңілдіктерімен, үстемелерімен), АҚШ доллары есептік | келісімшарттық құны, АҚШ доллары | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
ЖИЫНЫ: | |||||||||||||
ЖАЛПЫ ЖИЫНЫ: |
Бас директор ________________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер ________________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. (бар болса)
Асыл тастарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына № 6 ҚОСЫМША |
(нысан)
_____________ жылғы № _______ сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша ұнтақ партиясын дайындау үшін табиғи алмастарды пайдалану туралы АНЫҚТАМА
Р/с № | Шикізат шартының және өңделмеген алмастарды беру актісінің нөмірі мен күні | Өңделмеген алмасты сатушы туралы деректер | Шикізат шарттары, беру, ерекшелік актілері (жиынтықтау ведомостары) бойынша өңделмеген алмастар туралы деректер | Ұнтақ дайындау үшін пайдаланылған өңделмеген алмастар туралы деректер | Өңделмеген алмастан дайындалған ұнтақ туралы деректер | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін ұнтақ туралы деректер | Өңделмеген асыл тастардың сатушының қоймасындағы немесе өндірісіндегі қалдықтары туралы деректер | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ |
салмағы, |
құны, АҚШ | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кәсіпорын басшысы _____________ _______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. (бар болса)
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 14 ҚОСЫМША |
Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі – бірыңғай тізбе) 2.10-бөліміне енгізілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – әкелу, Одақ) және Одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже:
а) құрамында бағалы металдар бар мәдени құндылықтарды әкету кезінде қолданылмайды. Бірыңғай тізбенің 2.20-бөліміне енгізілген, құрамында бағалы металдар бар мәдени құндылықтарды әкету Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Мәдени құндылықтарды, ұлттық мұрағат қорларының құжаттарын және мұрағат құжаттарының тұпнұсқаларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады;
б) бағалы металдардың радиоактивті және тұрақты изотоптарын және олардың негізіндегі бұйымдарды әкелу және (немесе) әкету кезінде қолданылмайды. Оларды әкелу және (немесе) әкету тәртібі Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленуі мүмкін;
в) егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мүше мемлекеттердің бағалы металдар мен асыл тастардың мемлекеттік қорларын, сондай-ақ мүше мемлекеттер субъектілерінің (федералдық мемлекет субъектілері үшін) бағалы металдар мен асыл тастардың мемлекеттік қорларын толықтыру үшін бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу кезінде және (немесе) көрсетілген қорлардан бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкету кезінде қолданылмайды. Оларды әкелу және (немесе) әкету тәртібі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленуі мүмкін;
г) егер мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде қолданылмайды. Оларды әкелу және (немесе) әкету тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін;
д) мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің мүше мемлекеттердің аумағында төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде қолданылмайды. Оларды әкелу және (немесе) әкету тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін;
е) жеке тұлғалардың бағалы металдарды жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкелуі және (немесе) әкетуі кезінде қолданылмайды.
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
"мемлекеттік бақылау актісі" – № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, бағалы металдарға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижелерін растайтын құжат;
"ұнтақ және түйіршік түріндегі аффинирленген алтын және күміс" –мүше мемлекеттерде өндірілген, мүше мемлекеттерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұнтақ және түйіршік, сондай-ақ шетелде өндірілген, шығарылған елінің заңнамасына сәйкес сертификатталған ұнтақ және түйіршік;
"құйма түріндегі аффинирленген алтын және күміс" – мүше мемлекеттерде өндірілген, мүше мемлекеттерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін құймалар, сондай-ақ шетелде өндірілген, шығарылған елінің заңнамасына сәйкес дайындалған, таңбаланған және сертификатталған құймалар;
"ұнтақ және түйіршік түріндегі аффинирленген платина және платина тобындағы металдар" – мүше мемлекеттерде өндірілген, мүше мемлекеттерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұнтақ және түйіршік, сондай-ақ шетелде өндірілген, шығарылған елінің заңнамасына сәйкес сертификатталған ұнтақ және түйіршік;
"құйма және пластина түріндегі аффинирленген платина және платина тобындағы металдар" – мүше мемлекеттерде өндірілген, мүше мемлекеттерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін платина мен платина тобындағы металдардан дайындалған құймалар мен пластиналар, сондай-ақ шетелде өндірілген, шығарылған елінің заңнамасына сәйкес дайындалған, таңбаланған және сертификатталған құймалар мен пластиналар;
"бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік бақылау" – № 2 қосымшаға сәйкес Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік рәсім;
"бағалы металдар" – бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
"өтініш берушілер" – өндіру субъектілері, аффинирленген бағалы металдар өндірісінің субъектілері, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бағалы металдармен және (немесе) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар кредиттік ұйымдар, заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) ретінде тіркелген жеке тұлғалар және мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған өзге де мамандандырылған ұйымдар;
"аффинаждауға жатпайтын саф" – № 3 қосымшаға сәйкес тәртіппен аффинаждауға жатпайтын саф түрлері санатына жатқызылған бағалы металдардың саф түрлері;
"өндіру субъектілері" – өздері резиденттері болып табылатын мүше мемлекеттің аумағында бағалы металдар өндіруді жүзеге асыратын ұйымдар;
"аффинирленген бағалы металдар өндірісінің субъектілері" – мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалы металдар аффинажын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар;
"шикізат тауарлары" – бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары, өңделмеген бағалы металдар, оның ішінде құйма түріндегі Доре қорытпасы (ЕАЭО СЭҚ ТН 7108 12 000 9-дан коды) және катодты металдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 7106 10 000 0-ден, 7106 91 000 9-дан, 7108 11 000 0-ден, 7108 12 000 9-дан, 7110 11 000 9-дан, 7110 21 000 9-дан, 7110 31 000 0-ден және 7110 41 000 0-ден кодтары), мырыш шөгінділері (ЕАЭО СЭҚ ТН 7112-ден коды), бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген бағалы металдардың кендері мен концентраттары, түсті металдардың кендері мен концентраттары, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген құрамында бағалы металдар бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері.
Аффинирленген алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (бұдан әрі – аффинирленген бағалы металдар) үшін аффинаж қорытындысы бойынша қорытпаның 1000 массалық бөлігіндегі бағалы металдардың массалық бөліктерінің саны:
алтын үшін – кемінде 995;
күміс үшін – кемінде 999;
платина, палладий үшін – кемінде 999,5;
иридий, родий, рутений, осмий үшін – кемінде 999 құрауға тиіс.
Осы Ережеде қолданылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
4. Мыналарды:
а) көрсетілген тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды;
б) кедендік транзиттің кедендік рәсімін және кедендік қойманың кедендік рәсімін қоспағанда, егер бұрын көрсетілген тауарлар өзге кедендік рәсімдерге орналастырылмаса, оларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыруды қоспағанда, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған мүше мемлекеттердің мамандандырылған (санатқа бөлінген) кеден бекеттерінде немесе кеден органдарының бөлімдерінде жүзеге асырылады.
5. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) мен мемлекеттік бақылау актісі мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
6. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Бұрын уақытша әкетілген зергерлік бұйымдарды, алтын және күміс шеберлерінің бұйымдарын, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген бағалы металдармен қапталған бағалы металдардан жасалған басқа да бұйымдар мен олардың бөліктерін (ЕАЭО СЭҚ ТН 7113, 7114, 9003 19 000 1, 9021 29 000 0*, 9101**, 9102**, 9103**, 9105**, 9111**, 9112**, 9113 10 100 0, 9608 10 920 0-ден, 9608 10 990 0-ден және 9608 30 000 0-ден кодтары) экспорттың немесе уақытша әкелудің кедендік рәсімін аяқтау мақсаттары үшін уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылмай жүзеге асырылады.
8. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың, мемлекет пайдасына бас тартудың, кері импорттың, уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, ішкі тұтынушы үшін қайта өңдеудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің және кері экспорттың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тартылған жағдайда, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген бағалы металдарды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылмай жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну, мемлекет пайдасына бас тарту, кері импорт, уақытша әкелу (кіргізу), уақытша әкету, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, кеден аумағында қайта өңдеу, кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу, кері экспорт, еркін кеден аймағы және еркін қойма үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылмай жүзеге асырылады.
9. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген, мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылған кезде бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылатын өнім түріндегі бағалы металдар мен бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН 7113, 7114, 7115, 7118**, 9003 19 000 1, 9021 29 000 0*, 9101**, 9102**, 9103**, 9105**, 9111**, 9112**, 9113 10 100 0, 9608 10 920 0-ден, 9608 10 990 0 және 960830 000 0-ден кодтары) қоспағанда, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінде көрсетілген тауарларды бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді.
10. Бағалы металдарды немесе бағалы металдармен (ЕАЭО СЭҚ ТН 7106-дан, 7107 00 000 0, 7108-ден, 7109 00 000 0, 7110 және 7111 00 000 0 кодтары) қапталған металдарды, егер қайта өңдеу өнімдері зергерлік бұйымдар, алтын және күміс шеберлерінің бұйымдары, бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған металдардан жасалған басқа да бұйымдар және олардың бөліктері (ЕАЭО СЭҚ ТН 7113, 7114, 9003 19 000 1, 9021 29 000 0*, 9101**,9102**, 9103**, 9105**, 9111**, 9112**, 9113 10 100 0, 9608 10 920 0-ден, 9608 10 990 0-ден және 9608 30 000 0-ден кодтары) болып табылса, мүше мемлекет Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) Х бөліміне сәйкес біржақты тәртіппен кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу үшін мұндай тауарларды әкетуге сандық шектеулер енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыруға жол берілмейді. Бұл жағдайда мұндай тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына мемлекеттік бақылау актісі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
11. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінде көрсетілген тауарларды Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін, ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін, Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін, Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органынан мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің, сондай-ақ кеден қоймасының аумағы бойынша Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензияны және (немесе) мемлекеттік бақылау актісін ұсынбай жүзеге асырылады.
12. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінде көрсетілген тауарларды жоюдың кедендік рәсіміне, сондай-ақ бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген тауарларды еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
III. Лицензия беру
13. Лицензияны ресімдеу үшін өтініш берушілер аумағында өздері тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияларды және рұқсаттарды беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттарды ұсынады:
а) аффинирленген бағалы металдардың экспортына лицензияны ресімдеу үшін:
егер мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған болса, кредиттік ұйымдар және өзге де мамандандырылған ұйымдар – бағалы металдармен операциялар жасау құқығына лицензияның көшірмесі, сондай-ақ аффинирленген бағалы металдарға меншікті растайтын шарттардың (келісімшарттардың) көшірмелері немесе аффинирленген бағалы металдардың меншік иелерімен жасалған комиссия шартының (агенттік келісімнің) көшірмесі;
өндіру субъектілері – жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияның немесе келісімшарттың (шарттың) не жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны немесе келісімшартты (шартты) тіркеу туралы актінің көшірмесі;
аффинирленген бағалы металдарды өндіру субъектілері, бағалы металдармен операциялар жасауға құқығы бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер – бағалы металдарды иеленудің (оларға иелік етудің) заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы есепке қою туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне лицензияның көшірмесі;
б) бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлерінің экспортына лицензияны ресімдеу үшін:
өндіру субъектілері – жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияның немесе келісімшарттың (шарттың) не жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны немесе келісімшартты (шартты) тіркеу туралы актінің көшірмесі;
заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер – бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлерін иеленудің (оларға иелік етудің) заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес арнайы есепке қою туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне лицензияның көшірмесі;
в) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген тауарларды қоспағанда, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 2-кестелерінде көрсетілген тауарлардың экспортына лицензияны ресімдеу үшін:
мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген, бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы құжаттар;
аумағында осындай шикізат тауарлары өндірілетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің осындай қорытынды (қорытындылар) беруге уәкілетті мемлекеттік органының шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындысы (қорытындылары);
жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияның немесе келісімшарттың (шарттың) не жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны немесе келісімшартты (шартты) тіркеу туралы актінің көшірмесі (өндіру субъектілері үшін);
құрамында бағалы металдар бар тауарларды иеленудің (оларға иелік етудің) заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін).
14. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
15. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына немесе мүше мемлекет үіметінің актілеріне сәйкес лицензия беру туралы шешімді осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билігінің басқа органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдаған жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында немесе мүше мемлекет үкіметінің актілерінде көзделсе, келісуші органға осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы Ереженің 13-тармағының "а" тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында, "б" тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында және "в" тармақшасында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынылмайды.
16. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
________________
*Бағалы металдардан немесе иленген бағалы металдардан ғана.
** Асыл тастардан жасалған көздері бар немесе асыл тастардан жасалған көздерсіз бағалы металдардан ғана.
(нысан)
Мемлекеттік бақылау АКТІСІ
__________ _________________________________________ № ____
(күні) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет, қала)
Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 14 қосымша) сәйкес
____________________________________________________________
(уәкілетті орган (ұйым), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет)
өкілі _________________________________________________________________
(мемлекеттік бақылаушының лауазымы, Т.А.Ә.)
______________________________________________________________
(мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын орын)
өтініш беруші _____________________________________________________________
____________________________________________________________________ ұсынған
(ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________ тауарына
(тауардың атауы)
_____________ жылғы № _______ келісімшарт бойынша әкелу (әкету) үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырды.
_____________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет)
__________________ жылғы № _________________________лицензиясы*
Өтініш берушінің бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлармен операцияларды жүзеге асыру құқығын растайтын _________________
жылғы № ____________________________________ құжатты________________
______________________________________________________________
(құжаттың атауы)
________________________________________________________ берді.
(органның атауы)
Келісімшартқа және ілеспе құжатқа сәйкес тауардың салмағы ___________________________________ грамды құрайды.
(нетто)
Бағалы металдардың атауы және таза салмағы (зергерлік және басқа да тұрмыстық бұйымдар үшін сынамасына сәйкес негізгі металдың ғана таза салмағы көрсетіледі):
алтын _________________________________________________________ грамм,
күміс __________________________________________________________ грамм,
платина ________________________________________________________ грамм,
палладий ______________________________________ ________________ грамм,
иридий ________________________________________________________ грамм,
родий _________________________________________________________ грамм,
рутений _______________________________________________________ грамм,
осмий _________________________________________________________ грамм.
Бағалы металдардың саф** түріндегі зергерлік бұйымдардағы көздердің салмағы:
алтын ______________________________________________________________ грамм,
күміс _______________________________________________________________ грамм,
платина ____________________________________________________________ грамм.
Асыл тастардың атауы және салмағы (бағалы металдардан жасалған бұйымдар үшін):
өңделген алмастар (гауһарлар) __________________________________ карат,
зүбәржаттар ____________________________________________________ карат,
лағылдар _______________________________________________________ карат,
жақұттар _______________________________________________________ карат,
александриттер _________________________________________________ карат,
табиғи інжу _____________________________________________________ карат.
Тауардың мөлшері _______________________________________
(тиісті өлшем бірліктерінде)
Тауардың келісімшарттың құны** ______________________________
(келісімшарт бойынша валютамен)
Бағалы металдарды мемлекеттік бақылау нәтижелері:
___________________________________________________________________________
Уәкілетті органның (ұйымның) өкілі _____________
(қолы)
Мемлекеттік бақылау өтініш беруші өкілінің қатысуымен жүзеге асырылды
_____________________________________________________________
(өтініш беруші өкілінің лауазымы, Т.А.Ә., сенімхат нөмірі)
______________________________________________________________
Тауар мөртаңбалармен бекемделген:
мемлекеттік бақылаушы № ______________________________________
өтініш беруші № _______________________________________________
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын
растаймын, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қарсылығым жоқ, тауар толық көлемде алынды.
Өтініш берушінің өкілі___________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
____________
* тауардың экспорты кезінде толтырылады.
** Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарды әкету кезінде толтырылады.
Бағалы металдарға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Бағалы металдарға және құрамында бағалы металдар бар щикізат тауарларына (бұдан әрі – шикізат тауарлары) мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес айқындалған мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) жүзеге асырады.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін бірегей саф түрлері деп қосымшаға сәйкес өлшемшарттарға сай бірегей санатына жататын және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мақсаттарға арналған бағалы металдардың саф түрлері түсініледі. Бағалы металдардың саф түрлерін бірегейлер санатына жатқызу тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленуі мүмкін.
3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
а) бағалы металдар, шикізат тауарлары және көздер түріндегі асыл тастар партиясын ілеспе құжаттамада, оның ішінде нормативтік-техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеру;
б) әкетілетін бағалы металдардың, шикізат тауарларының және көздер түріндегі асыл тастардың шығу көзін тексеру;
в) бағалы металдармен және шикізат тауарларымен мәмілелер жасасу кезінде талаптардың сақталуын, егер мұндай талаптар мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген болса, тексеру;
г) Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі – бірыңғай тізбе) 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген, әкетілетін тауарлардағы бағалы металдардың және көз түріндегі асыл тастардың құнын бағалы металдар үшін – әлемдік нарық бағаларын ескере отырып, көз түріндегі асыл тастар үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде жарияланған прейскуранттарды және әлемдік нарық бағаларын ескере отырып, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бағалау.
4. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген тауарларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өндіру субъектілері, аффинирленген бағалы металдарды өндіру субъектілері, кредиттік ұйымдар, заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) немесе тиісті өкілеттіктерінің жазбаша растамасы бар олардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:
а) әкелу кезінде:
өтінім-хат, онда өтініш беруші туралы деректер (оның ішінде заңды тұлғаның мекенжайы, дара кәсіпкердің тұрғылықты жері), тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, тауардың мөлшері, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын жер және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін ұсынылатын қажетті құжаттар тізбесі көрсетіледі;
сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
тауарлардың толық ассортименті (атауы, таңбалануы, артикулы, партия нөмірі және т.с.с.), мөлшері мен салмағы көрсетілген, құрамында бағалы металдар бар тауарларға арналған ерекшеліктер;
зергерлік бұйымдар мен алтын және күміс шеберлерінің бұйымдарын қоспағанда, тауардағы бағалы металдардың, басқа да бұйымдардың және олардың бөліктерінің (ЕАЭО СЭҚ ТН 7113, 7114, 9003 19 000 1, 9021 29 000 0*,9101**, 9102**, 9103**, 9105**,9111**, 9112**, 9113 10 100 0, 9608 10 920 0-ден, 9608 10 990 0-ден және 9608 30 000 0-ден кодтары) құрамы туралы құжат;
арнайы есепке қойылғаны туралы құжаттың көшірмесі немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген қызмет түріне лицензияның көшірмесі;
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар;
б) әкету кезінде:
өтінім-хат, онда өтініш беруші туралы деректер (оның ішінде заңды тұлғаның мекенжайы, дара кәсіпкердің тұрғылықты жері), тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, тауардың мөлшері, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын жер және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін ұсынылатын қажетті құжаттар тізбесі көрсетіледі;
бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген тауарлар үшін – экспортқа лицензия. Лицензия осы тауарлар кейіннен экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда беріледі;
сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
тауарлардың толық ассортименті (атауы, таңбалануы, артикулы, партия нөмірі және т.с.с.), мөлшері мен салмағы көрсетілген, құрамында бағалы металдар бар тауарларға арналған ерекшеліктер;
шот-фактураның немесе инвойстың немесе әкетілетін тауардың құнын растау үшін пайдаланылатын өзге құжаттың көшірмесі;
әкетілетін тауарлардағы бағалы металдар мен асыл тастар құнының есебі;
арнайы есепке қойылғаны туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне лицензияның көшірмесі;
тауарларды иеленудің (оларға иелік етудің) заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе делдалдық шартының көшірмесі;
зергерлік бұйымдар мен алтын және күміс шеберлерінің бұйымдарын, басқа да бұйымдарды және олардың бөліктерін қоспағанда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген тауардағы бағалы металдардың құрамы туралы құжат (ЕАЭО СЭҚ ТН 7113, 7114, 9003 19 000 1, 9021 29 000 0*,9101**, 9102**, 9103**, 9105**,9111**, 9112**, 9113 10 100 0, 9608 10 920 0-ден, 9608 10 990 0-ден және 9608 30 000 0-ден кодтары);
әкетілетін тауарларға (зергерлік бұйымдарды қоспағанда) нормативтік-техникалық және (немесе) техникалық құжаттама;
жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияның немесе келісімшарттың (шарттың) не жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияны немесе келісімшартты (шартты) тіркеу туралы актінің көшірмесі (өндіру субъектілері үшін);
бағалы металдармен операциялар жасау құқығына лицензияның көшірмесі (мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кредиттік ұйымдар және өзге де мамандандырылған ұйымдар үшін), сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында заңды төлем құралы болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталар экспорты жағдайында;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) мүше мемлекеттер мен мүше мемлекеттер субъектілерінің (федеративтік мемлекет үшін) бағалы металдар және асыл тастар мемлекеттік қорын толтыру үшін бағалы металдарды, оның ішінде бірегей саф түрлерін сатып алудан, сондай-ақ бағалы металдарды, оның ішінде бірегей саф түрлерін және (немесе) шикізат тауарларын иеленудің басым құқығынан, егер мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай басым құқық көзделсе, ұлттық (орталық) банктердің бас тартуын растайтын құжат (құжаттар) немесе көрсетілген құжаттың көшірмесі (өндіру субъектілері және аффинирленген бағалы металдарды өндіру субъектілері ұсынады);
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар;
в) бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген қайта өңдеу мақсатында тауарларды әкелу және (немесе) әкету кезінде қосымша:
тауарларды кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі (кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда);
тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі (кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда);
тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі (ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда);
аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің мемлекеттік органының (ұйымының) тауарларды мүше мемлекеттің аумағында қайта өңдеудің орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындысы (қорытындылары) (бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген тауарлар кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу үшін әкетілген жағдайда);
нормативтік құқықтық актінің көшірмесі, оған сәйкес мүше мемлекет Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 14 қосымша) 10-тармағына сәйкес біржақты тәртіппен кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу үшін тауарларды әкетуге сандық шектеулерді енгізу туралы шешім қабылдайды;
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
Егер бұрын уақытша әкетілген бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған металдардан жасалған тауарлар партиясы (немесе тауарлар партиясының бір бөлігі) (ЕАЭО СЭҚ ТН 7113, 7114, 7115, 7118**, 9003 19 000 1, 9021 29 000 0*, 9101**, 9102**, 9103**, 9105**, 9111**, 9112**, 9113 10 100 0, 9608 10 920 0-ден, 9608 10 990 0 және 960830 000 0-ден кодтары) уақытша әкетудің кедендік рәсімін аяқтау мақсатында экспорттаудың және (немесе) уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда, осы тауарлар партиясын экспорттаудың және (немесе) уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде ресімделген кедендік декларацияның, ерекшеліктің және инвойстың көшірмелері ұсынылады.
5. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы өтініш берушінің қол қоюымен және мөрімен куәландырылады не құжаттардың көшірмелері тігіледі және соңғы парақтары өтініш берушінің қол қоюымен және мөрімен куәландырылады.
6. Егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, құжаттар электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
7. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген тауарларды мемлекеттік бақылау нәтижелері Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 14 қосымша) № 1 қосымшада көзделген нысан бойынша жасалған мемлекеттік бақылау актісімен ресімделеді.
8. Мемлекеттік бақылау актісі 3 данада жасалады және оған мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) өкілі және өтініш беруші (өтініш берушінің өкілі) қол қояды. Бірінші және екінші даналары өтініш берушіге табыс етіледі. Бірінші данасы мүше мемлекеттің кеден органына ұсынуға арналған, екінші данасы өтініш берушіде қалады. Үшінші данасы мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған уәкілетті органында сақталады.
Мемлекеттік бақылау актісі, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.
9. Мемлекеттік бақылау актісіне өзгерістер енгізу мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының барлық партиясы ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік бақылау осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген бағалы металдар партиясы мен құжаттар мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) ұсынылған кезден бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген кендер мен бағалы металдар концентраттарын (ЕАЭО СЭҚ ТН 2616 коды) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады. Бұл ретте тауар партиясы мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) ұсынылмайды.
11. Мүше мемлекеттердің аумақтарында заңды төлем құралы болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталарды экспорттаудың кедендік рәсіміне орналастыру мақсатында мемлекеттік бақылау актісі тек кредиттік ұйымдарға немесе мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де мамандандырылған ұйымдарға ғана беріледі.
12. Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру мақсатында, егер өңдеу бойынша операциялар кедендік аумақта қайта кедендік өңдеу және кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне сәйкес тауарларды жөндеу, оның ішінде құрамдас бөліктерін ауыстыру болып табылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау актісі өндіру субъектілеріне, аффинирленген бағалы металдарды өндіру субъектілеріне, өзінің өндірістік қызметінде бағалы металдарды пайдаланатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге беріледі.
13. Мемлекеттік бақылау актісін беруден мынадай жағдайларда:
а) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болса;
б) осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаса;
в) тауар партиясы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарға сәйкес келмесе;
г) монеталарды (асыл тастардан жасалған көздері бар немесе асыл тастардан жасалған көздерсіз бағалы металдардан ғана жасалған, ЕАЭО СЭҚ ТН 7118-ден коды) қоспағанда, бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1 және 3-кестелерінде көрсетілген тауарларды экспорттау кезінде сыртқы сауда шартында (келісімшартында) белгіленген олардың келісімшарттық құны олардағы бағалы металдардың және көз түріндегі асыл тастардың жалпы құнынан төмен болса;
д) бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген, өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары және мырыш шөгінділері түріндегі тауарлардың экспорты кезінде сыртқы сауда шартында (келісімшартында) белгіленген мәміле бағасы алынуы өнеркәсіптік тәсілмен экономикалық тұрғыдан тиімді металдарды қайта өңдеу құнын шегергендегі олардың құнынан төмен болса, бас тартылуы мүмкін.
14. Мемлекеттік бақылау актісін беруден бас тарту туралы уәжді шешім өтініш берушіге, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
__________
* Бағалы металдардан немесе иленген бағалы металдардан ғана.
**Асыл тастардан жасалған көздері бар немесе асыл тастардан жасалған көздерсіз бағалы металдардан ғана.
Бағалы металдарға және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына ҚОСЫМША |
Бағалы металдардың саф түрлерін бірегей санатына жатқызу ӨЛШЕМШАРТТАРЫ
Бірегей саф түрлері санатына:
байырғы кен орындарынан алынған саф алтын:
салмағы 1 г және одан асатын кристалдар, дендриттер және олардың сом түрлері;
салмағы 5 г және одан асатын дұрыс емес қалыптың жиналуы;
ұсақ тау-кен жыныстарынан алынған саф алтын:
салмағы 5 г және одан асатын, жұмырлану дәрежесі төмен кристалдар, дендриттер және олардың сом түрлері;
салмағы 50 г және одан асатын, жұмырлану дәрежесі төмен дұрыс емес қалыптың жиналуы;
жұмырлану дәрежесіне қарамастан, салмағы 1000 г және одан асатын дұрыс емес қалыптың жиналуы;
байырғы және ұсақ тау-кен жыныстарынан алынған саф күміс:
салмағы 0,5 г және одан асатын кристалдар, дендриттер және олардың сом түрлері;
салмағы 5 г және одан асатын дұрыс емес қалыптың жиналуы;
байырғы кен орындарынан алынған платина мен платина тобы металдарының саф түрлері:
салмағы 1 г және одан асатын кристалдар және олардың сом түрлері;
салмағы 5 г және одан асатын дұрыс емес қалыптың жиналуы;
ұсақ тау-кен жыныстарынан алынған платина мен платина тобы металдарының саф түрлері:
салмағы 5 г және одан асатын, жұмырлану дәрежесі төмен кристалдар және олардың сом түрлері;
салмағы 20 г және одан асатын, жұмырлану дәрежесі төмен дұрыс емес қалыптың жиналуы;
жұмырлану дәрежесіне қарамастан, салмағы 200 г және одан асатын дұрыс емес қалыптың жиналуы;
қандай да бір тарихи оқиғалармен немесе тарихта, ғылымда және мәдениетте көрнекі рөл атқарған белгілі тұлғалармен байланысты саф түрлері;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте бағалы металдар өндірудің даму тарихымен байланысты саф түрлері;
белгілі коллекциялардан, жинақтардан, музейлерден алынған саф түрлері;
өзгеше қалыптағы саф түрлері жатқызылуы мүмкін.
Бағалы металдардың саф түрлерін аффинажға жатпайтын саф түрлеріне жатқызу ТӘРТІБІ
1. Аффинажға жатпайтын саф түрлері (бұдан әрі – саф түрлері) санатына саф бағалы металдардың ерекше болып табылатын, өзінің өлшемдері бойынша осы (нақты) кен орнындағы бағалы металдың артықшылықтағы бөліктерінен бірден ерекшеленіп тұратын, салмағы 0,3 г артық болатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға немесе осындай аумақтан әкетуге және өндірістік ғылыми, әлеуметтік-мәдени мақсаттарға арналған, құрамында бағалы металл бар минералды шикізаттан бөлінген және бірегей саф түрлері санатына жатпайтын ұсақ тау-кен жыныстарынан алынған бағалы металдардың саф түрлері жатқызылуы мүмкін. Саф түрлерін өндіретін субъектілер оларды өздері белгілеген тәртіппен өз бетінше іріктейді және оларды салмағы мен мөлшері бойынша өздерінің теңгерімінде есепке алады.
2. Саф түрлері партиясы ірілік топтары бойынша саф түрлерінің мөлшері мен іріліктің әрбір тобы үшін олардың жалпы салмағы көрсетіле отырып, бөлінуге және бағалы саф түрлерінің өздерінің өлшемдері бойынша осы (нақты) кен орнындағы бағалы металдың артықшылықтағы бөліктерінен бірден ерекшеленіп тұратынын растайтын, саф түрлері алынған осы (нақты) кен орнындағы бағалы металдың ірілігін (геологиялық немесе пайдаланылатын барлау деректері бойынша) електі талдау деректерімен жабдықталған болуға тиіс.
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 15 ҚОСЫМША |
Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.16-бөліміне енгізілген, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі тиісінше – радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, бірыңғай тізбе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкелу) тәртібін айқындайды.
2. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың құрамында бірыңғай тізбенің 2.16-бөліміне енгізілген ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар болған жағдайда, оларды әкелу Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 16 қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
"жоғары жиілікті құрылғылар" – электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе өзге де мақсаттарда өндіруге және пайдалануға арналған жабдықтар немесе аспаптар;
"бірыңғай тізілім" – № 1 қосымшаға сәйкес тәртіппен қалыптастырылатын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың бірыңғай тізілімі, оларды Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейді;
"радиоэлектрондық құралдар" – радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған, бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғыдан не осындай құрылғылардың құрамдасуынан тұратын, қосалқы жабдықты білдіретін техникалық құралдар.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мағыналарда қолданылады.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия (бұдан әрі – лицензия) беруге өтінішті ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде не радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар бірыңғай тізілімге енгізілгені (бірыңғай тізілімде тіркеу нөмірі болған кезде) туралы мәліметтер (бұдан әрі – бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтер) болған кезде жүзеге асырылады.
5. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды лицензиясыз, қорытындысыз (рұқсат беру құжатынсыз) немесе бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтерсіз әкелу мынадай:
радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар № 2 қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген;
радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар үшінші мемлекеттердің аумақтарында тіркелген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына (бостарын қоса алғанда) орнатылған;
радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар Одақтың кедендік аумағында оларды пайдалану (қолдану, пайдалану) құқығынсыз әкелінетін, жөндеуге немесе Одақтың кедендік аумағында жасалатын көлік және басқа да техникалық құралдарға орнатуға арналған және радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар жасалу нәтижесінде немесе жөндеуден кейін алынған көлік және басқа да техникалық құралдарының құрамында Одақтың кедендік аумағынан кері шығарылуға жататын жағдайларда жүзеге асырылады.
6. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың әкелуі Одақтың мүше мемлекетінің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылған кезде жүзеге асырылады. Бірыңғай тізілімдегі немесе осы Ережеге № 2 қосымшада көзделген тізбеге енгізілген радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу кезінде қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу және оны мүше мемлекеттің кеден органына ұсыну талап етілмейді.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
7. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру лицензия немесе бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтер мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
8. Егер осы Ережеде өзгеше белгіленбесе, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды тауарларды ішкі тұтыну, кеден аумағында қайта өңдеу, уақытша әкелу (кіргізу), еркін кеден аймағы, еркін қойма үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыру, сондай-ақ кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолдануды аяқтау мақсатында кері импорттаудың кедендік рәсімімен орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) немесе бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтер ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Өзге жағдайларда радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды кері импорттаудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтерді мүше мемлекеттің кеден органына ұсыну талап етілмейді.
9. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтерді мүше мемлекеттің кеден органына ұсыну мынадай:
а) осы Ережеге № 2 қосымшада көзделген тізбеге енгізілген радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар кедендік рәсімге орналастырылған;
б) радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар кедендік транзиттің, кедендік қойманың, жоюдың, бажсыз сауданың, мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған;
в) әуе, теңіз (өзен) кемелерінің борт жабдығының құрамында, сондай-ақ жарамсыз радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды кейіннен Одақтың кедендік аумағынан ауыстырылған (алынған) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар әкетіле отырып, борт жабдығының құрамынан ауыстыру үшін әуе, теңіз (өзен) кемелеріне орнатуға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтар құрамында радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар уақытша әкелудің (кіргізудің) кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайларда талап етілмейді.
10. Егер радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың құрамына бірыңғай тізбенің 2.19-бөліміне енгізілген шифрлау (криптографиялық) құралдары кірген немесе радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар өнімдердің құрамына кірген жағдайда:
а) оларды осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес ұсынылатын, бірыңғай тізілімге енгізілгені туралы мәліметтерге немесе Ереженің 8-тармағына сәйкес ұсынылатын қорытындыға (рұқсат беру құжатына) қосымша кеден органына Ереженің 12-тармағында көзделген құжаттар немесе мәліметтер ұсынылады;
б) оларды кедендік қойманың, жоюдың, бажсыз сауданың, мемлекет пайдасына бас тартудың, Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін, ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдауға арналған кедендік транзиттің, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағына кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдауға арналған кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде мүше мемлекеттің кеден органына шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 9 қосымша) (бұдан әрі – Шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелу және әкету туралы ереже) көзделген құжаттар немесе мәліметтер ұсынылады.
III. Лицензия беру
11. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтінім беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияларды және рұқсаттарды беру қағидаларының (2014 жылғы 9 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
а) әкелінетін радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы ақпарат (атауы, типі, моделі, дайындаушы ел, техникалық сипаттамалары (радиожиіліктердің белдеулері, жиіліктер торының қадамы, таратқыштың қуаты, радиосигнал модуляциясының типі));
б) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар мен мәліметтер.
12. Егер әкелінетін радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың құрамына бірыңғай тізбенің 2.19-бөліміне енгізілген шифрлау (криптографиялық) құралдары кірген немесе егер радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдары бар өнімдердің құрамына кірген жағдайда өтінім беруші Шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелу және әкету туралы ережеге сәйкес не мүше мемлекеттің мемлекеттік билігінің мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздік саласындағы органы берген шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) не тіркелген нотификация туралы мәліметтерді (нөмірі, күні) қосымша ұсынады.
13. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
14. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билігінің басқа органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдаған жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, келісуші органға осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы Ереженің 11-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынылмайды.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
15. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру
16. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілетті органы осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
17. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) мүше мемлекеттің қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілетті органына мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылған кезде беріледі:
а) өтініш беруші:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
әкелінетін радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы ақпарат (атауы, типі, моделі, дайындаушы ел, техникалық сипаттамалары (радиожиіліктердің белдеулері, жиіліктер торының қадамы, таратқыштың қуаты, радиосигнал модуляциясының түрі немесе типі);
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар;
б) жеке тұлға:
осы тармақтың "а" тармақшасының екінші абзацында көзделген әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
әкелінетін радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы ақпарат (атауы, типі, моделі, дайындаушы ел, техникалық сипаттамалары (радиожиіліктердің белдеулері, жиіліктер торының қадамы, таратқыштың қуаты, радиосигнал модуляциясының түрі немесе типі));
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
18. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған:
а) осы Ереженің 17-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
б) әкелінетін радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық сипаттамалары мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеген;
в) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болған;
г) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейтін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру ТӘРТІБІ
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейтін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың бірыңғай тізілімін (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізілім, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің байланыс саласындағы мемлекеттік органдары ұсынатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну талап етілмейтін радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы мәліметтерді қамтитын ұсыныстар негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, мемлекеттік органдар, Одақ, Комиссия) қалыптастырады.
2. Бірыңғай тізілім "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастырылады.
3. Радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдар Комиссияға *.xls форматындағы файл түрінде пошталық және электрондық байланыс арқылы ресми хатпен (бұдан әрі – ұсыныс) ұсынады.
Бірыңғай тізілім құрылымының және бірыңғай тізілімге енгізу үшін Комиссияға ұсынылатын бірыңғай тізілімге енгізуге арналған деректер файлының сипаттамасы кестеде.
Алаңның атауы | Алаң типі | Мағыналық мазмұны | Міндеттілік |
1. Бірыңғай тізілімдегі нөмірі |
символдық, форматта: | тіркеу нөмірі | Комиссия толтырады |
2. Бірыңғай тізілімге енгізілген күн | форматтағы күні КК.АА.ЖЖЖЖ | радиоэлектрондық немесе жоғары жиілікті құрылғының бірыңғай тізілімге енгізілген күні | Комиссия толтырады |
3. Мүше мемлекеттің атауы | символдық | радиоэлектрондық құрал немесе жоғары жиілікті құрылғы туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізуді ұсынған мүше мемлекеттің атауы | ия |
4. Радиоэлектрондық құралдың немесе жоғары жиілікті құрылғының атауы және типі | символдық | радиоэлектрондық құралдың немесе жоғары жиілікті құрылғының атауы және типі | ия |
5. Радиоэлектрондық құралдың немесе жоғары жиілікті құрылғының моделі | символдық | Радиоэлектрондық құрал немесе жоғары жиілікті құрылғы моделінің атауы | ия |
6. Радиожиіліктер белдеуі, радиожиілік арнасы немесе радиоэлектрондық құралдың немесе жоғары жиілікті құрылғының радиожиілігі | символдық | радиожиіліктер белдеуі, радиожиілік арнасы немесе радиоэлектрондық құралдың немесе жоғары жиілікті құрылғының радиожиілігі | ия |
7. Жиіліктердің өлшем бірлігі | символдық | жиіліктің өлшем бірлігі | ия |
8. Қуаты | символдық | қуаты | ия |
9. Қуатың өлшем бірлігі | символдық | қуаттың өлшем бірлігі | ия |
10. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиілікті құрылғыны дайындаушы | символдық | дайындаушының атауы | ия |
11. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиілікті құрылғыны дайындаушы ел | символдық | дайындаушы елдің атауы | ия |
12. Өзге де техникалық ақпарат | символдық | қосымша техникалық ақпарат | жоқ |
13. Мәртебе | логикалық |
бірыңғай тізілімдегі жазба мәртебесі: қолданылады | ия |
14. Қолданылу мерзімі | форматтағы күні КК.АА.ЖЖЖЖ | радиоэлектрондық құралдың немесе жоғары жиілікті құрылғының бірыңғай тізілімнен алып тасталған күні | мемлекеттік орган немесе Комиссия толтырады |
15. Жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін Беларусь Республикасына | логикалық | бірыңғай тізілімдегі жазба мәртебесі: ия/жоқ | ия |
_____________
* XX – әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің коды (АМ – Армения Республикасы, BY – Беларусь Республикасы, KZ – Қазақстан Республикасы, KG – Қырғыз Республикасы, RU – Ресей Федерациясы).
** жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Беларусь Республикасының аумағына әкелетін радиоэлектрондық құралға немесе жоғары жиілікті құрылғыға қатысты қолданылады.
4. Мемлекеттік органдар ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жауаптылықта болады.
5. Мемлекеттік органнан алынған ұсынысты Комиссия басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына электрондық байланыс арқылы жібереді.
Басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары алынған ұсынысты 20 жұмыс күні ішінде қарайды және өзінің шешімі туралы пошталық және электрондық байланыс арқылы ресми хат жолдау жолымен Комиссияға ақпарат береді.
Барлық мемлекеттік органдар келіскен жағдайда Комиссия соңғы жауапты электрондық байланыс арқылы алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсыныста көрсетілген мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізеді.
6. Радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізу мемлекеттік органдар келіскен мерзімге, бірақ олар бірыңғай тізілімге енгізілген күннен бастап 10 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай тізілімнен мәліметтерді алып тастау оларды бірыңғай тізілімге енгізу мерзімі өткен жағдайда немесе мемлекеттік органның Комиссияға бұл мәліметтерді бірыңғай тізілімнен алып тастауға негіздемені қамтитын жазбаша өтініші негізінде (бірыңғай тізілімдегі тиісті нөмірі, атауы, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды өндіруші туралы деректер көрсетіле отырып) жүзеге асырылады.
Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды бірыңғай тізілімнен алып тастау туралы мемлекеттік органнан алынған ұсынысты Комиссия басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына электрондық байланыс арқылы жібереді.
8. Комиссия және мемлекеттік органдар деректерді қабылдау үшін пайдаланылатын электрондық мекенжайлары туралы біріне-бірі ақпарат береді.
Қажет болған жағдайда Комиссия мемлекеттік органдар өкілдерінің бірыңғай тізілімді жүргізу мәселелері бойынша консультацияларын ұйымдастырады.
9. Бірыңғай тізілімде қамтылған радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар туралы мәліметтер бірыңғай тізілімге сәйкес олардың тіркеу нөмірлері көрсетіле отырып, тауарларға арналған кедендік декларацияда көрсетіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде лицензияны немесе қорытындыны (рұқсат беру құжатын) немесе бірыңғай тізілімнен мәліметтерді ұсыну талап етілмейтін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың ТІЗБЕСІ
1. Тұрмыстық ӨЖЖ пештер және тұрмыстық индукциялық пештер.
2. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша радиожиіліктер белдеуі (радиожиілік және қуат) пайдаланылатын жоғары жиілікті құрылғылар.
3. Дауысты, бейнені, деректерді және (немесе) ақпараттың басқа да түрлерін тарату үшін әртүрлі қолданылатын, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар:
1) ұялы байланыс желілеріне арналған қабылдау құрылғысын білдіретін, оның ішінде ішінде кіріктірілген не басқа құрылғылар құрамына кіретін таратушы шеткі (абоненттік) аппаратура (ұялы телефондар, сондай-ақ ұялы байланыс желілерінде қолданылатын модемдер);
2) таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, 433,075 – 434,790 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін радиостанциялар;
3) таратқышының шығу қуаты 0,5 Вт-тан аспайтын, 446,0 – 446,1 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін радиостанциялар;
4) таратқышының шығу қуаты 5 Вт-тан аспайтын, 26,965 – 27,860 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, диапазоны 27 МГц радиостанциялар;
5) IEEE 802.15 стандартының әсер ету радиусы шағын қабылдау құрылғысын білдіретін, әртүрлі сериялардағы (түрлендірілген), таратқышының шығу қуаты 100 мВт-тан аспайтын, 2400 – 2483,5 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін таратушы аппаратура;
6) IEEE 802.11 стандартының әсер ету радиусы шағын қабылдау құрылғысын білдіретін, әртүрлі сериялардағы (түрлендірілген), таратқышының шығу қуаты 100 мВт-тан аспайтын, 2400 – 2483,5 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, оның ішінде кіріктірілген не басқа құрылғылар құрамына кіретін таратушы шеткі (абоненттік) аппаратура;
7) IEEE 802.11 стандартының әсер ету радиусы шағын қабылдау құрылғысын білдіретін, таратқышының шығу қуаты 100 мВт-тан аспайтын, 5150 – 5350 МГц және 5650 – 5725 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, оның ішінде кіріктірілген не басқа құрылғылар құрамына кіретін таратушы шеткі (абоненттік) аппаратура;
8) IEEE 802.16 және IEEE 802.16e (WiMAX) стандартының әсер ету радиусы шағын қабылдау құрылғысын білдіретін, таратқышының шығу қуаты 1 Вт-тан аспайтын, 2500 – 2690 МГц және 3400 – 3600 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, оның ішінде кіріктірілген не басқа құрылғылар құрамына кіретін таратушы шеткі (абоненттік) аппаратура (3400 – 3600 МГц радиожиіліктер белдеуі Ресей Федерациясына қатысты қолданылмайды);
9) құрамында радиосәуле тарататын құрылғылар жоқ, спутниктік таратуды қоса алғанда, телевизиялық және радиотарату бағдарламаларын қабылдауға арналған радиоқабылдағыш құралдар, есту қабілеті нашар (бұзылған) адамдарға арналған есту аппараттары мен радиотренажерлер, дербес радиошақыру құрылғылары, спутниктіәк радионавигация, оның ішінде кіріктірілген не басқа құрылғылар құрамына кіретін жүйелер;
10) 1880 – 1900 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, "DECT" технологиясының сымсыз телефон аппараттарының базалық және абоненттік блоктары;
11) 457 кГц радиожиілікте жұмыс істейтін, дүлей апаттардан зардап шеккендерді табуға және оларды құтқаруға арналған құрылғылар;
12) 13,553 – 13,567 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, радиожиілікті сәйкестендіру құрылғылары;
13) 433,05 – 434,79 (433,92 +/- 0,2%) МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, штрихкодты жапсырмаларды, RFID-белгілерді тазартуға және осы жапсырмалар мен белгілерден алынған ақпаратты таратуға арналған радиоэлектрондық құралдар;
14) 433,050 – 434,79 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, қашықтан басқарудың әсер ету радиусы шағын және телеметрияны, телебасқаруды, сигнал беруді тарату, деректерді және осыған ұқсас басқа да хабарларды тарату аппаратурасы (құрылғылары);
15) 26,945 МГц және 26,960 МГц радиожиіліктерде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 2 Вт-тан аспайтын; 433,05 – 434,79 (433,92 +/- 0,2%) МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 5 мВт-тан аспайтын; 868 – 868,2 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын апаттардың сигналдарын беруге арналған күзет радиосигналын беру, автоматты радиотаратқыштар құрылғалары;
16) 230 МГц-ге дейінгі радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін және 108 – 144 МГц, 148 – 151 МГц, 162,7 – 163,2 және 168,5 – 174 МГц радиожиіліктер белдеулерін пайдаланбайтын, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, аспаптар мен аксессуарлардың, есту қабілеті нашар (бұзылған) адамдарға арналған (есту аппараттары мен радиотренажерлердің) сымсыз жүйелері;
17) 28,0 – 28,2 МГц және 40,66 – 40,70 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 1 Вт-тан аспайтын, ұшақтарды, катерлерді және басқаларды модельдермен радиобасқару аппаратурасы;
18) 26957 – 27283 кГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, балалардың радиомен сөйлесу құрылғылары және радиомен басқарылатын ойыншықтар;
19) 38,7 – 39,23 МГц және 40,66 – 40,7 МГц радиожиіліктер белдеулерінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 10 мВт-тан аспайтын, сондай-ақ 863,933 – 864,045 МГц радиожиіліктер белдеуінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты 2 мВт-тан аспайтын, балалардың радиосигналдық және радиомен сөйлесу құрылғылары, сондай-ақ баланы радиомен бақылау құрылғылары;
20) 66 – 74 МГц и 87,5 – 92 МГц радиожиіліктер белдеулерінде жұмыс істейтін, таратқышының шығу қуаты қоса алғанда 10 мВт-ға дейінгі ("караоке" үлгісіндегілерді) радиомикрофондар.
Жоғары жиілікті құрылғыларға арналған радиожиіліктер белдеулерінің немесе радиожиіліктердің номиналдық мәндерінің ТІЗБЕСІ
Р/с № | Радиожиіліктер белдеулері немесе рұқсат етілетін ауытқулары бар радиожиіліктердің номиналдық мәндері | Қуаты | ||
1 | 1,0 кГц +/– 20% | немесе | 0,8 – 1,2 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
2 | 2,4 кГц +/–7,5% | немесе | 2,2 – 2,6 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
3 | 4 кГц +/– 7,5% | немесе | 3,7 – 4,3 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
4 | 8 кГц +/– 7,5% | немесе | 7,4 – 8,6 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
5 | 10 кГц +/– 7,5% | немесе | 9,2 – 10,8 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
6 | 11 кГц +/– 7,5% | немесе | 10,1 – 11,9 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
7 | 16 кГц +/–7,5% | немесе | 14,8 – 17,2 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
8 | 18 кГц +/–7,5% | немесе | 16,7 – 19,4 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
9 | 20 кГц +/– 7,5% | немесе | 18,5 – 21,5 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
10 | 22 кГц +/– 7,5% | немесе | 20,4 – 23,7 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
11 | 30 кГц +/–7,5% | немесе | 27,7 – 32,3 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
12 | 40 кГц +/– 7,5% | немесе | 37 – 43 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
13 | 44 кГц +/– 10% | немесе | 40 – 48 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
14 | 60 кГц +/– 10% | немесе | 54 – 66 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
15 | 66 кГц +12 % –10% | немесе | 59 – 74 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
16 | 180 кГц +/– 2,5% | немесе | 175,5 – 184,5 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
17 | 205 кГц +/– 2,5% | немесе | 200 – 210 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
18 | 215 кГц +/– 2,5% | немесе | 210 – 220 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
19 | 225 кГц +/– 2,5% | немесе | 220 – 230 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
20 | 235 кГц +/– 2,5% | немесе | 230 – 240 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
21 | 245 кГц +/– 2,5% | немесе | 239 – 251 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
22 | 255 кГц +/– 2,5% | немесе | 249 – 261 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
23 | 265 кГц +/– 2,5% | немесе | 259 – 271 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
24 | 275 кГц +/– 2,5% | немесе | 269 – 281 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
25 | 288 кГц +/– 2,5% | немесе | 281 – 295 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
26 | 300 кГц +/– 2,5% | немесе | 292,5 – 307,5 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
27 | 302 кГц +/– 2,5% | немесе | 295 – 309 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
28 | 316 кГц +/– 2,5% | немесе | 309 – 323 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
29 | 330 кГц +/– 2,5% | немесе | 322 – 338 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
30 | 338 кГц +/– 2,5% | немесе | 330 – 346 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
31 | 354 кГц +/– 2,5% | немесе | 346 – 362 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
32 | 372 кГц +/– 2,5% | немесе | 363 – 381 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
33 | 390 кГц +/– 2,5% | немесе | 381 – 399 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
34 | 400 кГц +/– 2,5% | немесе | 390 – 410 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
35 | 410 кГц +/– 2,5% | немесе | 400 – 420 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
36 | 430 кГц +/– 2,5% | немесе | 420 – 440 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
37 | 440 кГц +/– 2,5% | немесе | 429 – 451 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
38 | 450 кГц +/– 2,5% | немесе | 439 – 461 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
39 | 472 кГц +/– 2,5% | немесе | 461 – 483 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
40 | 495 кГц +/– 2,5% | немесе | 484 – 507 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
41 | 519 кГц +/– 2,5% | немесе | 507 – 531 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
42 | 600 кГц +/– 2,5% | немесе | 585 – 615 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
43 | 871 кГц +/– 2,5% | немесе | 850 – 892 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
44 | 880 кГц +/–1,0% | немесе | 871 – 889 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
45 | 914 кГц +/– 2,5% | немесе | 892 – 936 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
46 | 959 кГц +/– 2,5% | немесе | 936 – 982 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
47 | 1007 кГц +/– 2,5% | немесе | 982 – 1032 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
48 | 1058 кГц +/– 2,5% | немесе | 1032 – 1084 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
49 | 1060 кГц +/– 2,5% | немесе | 1033,5 – 1086,5 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
50 | 1112 кГц +/– 2,5% | немесе | 1085 – 1139 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
51 | 1168 кГц +/– 2,5% | немесе | 1139 – 1197 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
52 | 1760 кГц +/–2,5% | немесе | 1720 – 1800 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
53 | 2200 кГц +/– 2,5% | немесе | 2145 – 2255 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
54 | 2640 кГц +/– 1,0% | немесе | 2610 – 2670 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
55 | 5280 кГц +/–2,5% | немесе | 5150 – 5410 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
56 | 6780 кГц +/– 0,2% | немесе | 6767 – 6794 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
57 | 13560 кГц +/–1,0% | немесе | 13424 – 13696 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
58 | 27120 кГц +/– 1,0% | немесе | 26850 – 27390 кГц | 5 Вт-дан аспайды |
59 | 40,68 МГц +/– 1,0% | немесе | 40,3 – 41,1 МГц | 5 Вт-дан аспайды |
60 | 81,36 МГц +/– 1,0% | немесе | 80,6 – 82,2 МГц | 5 Вт-дан аспайды |
61 | 433,92 МГц +/– 0,2% | немесе | 433,05 – 434,79 МГц | 5 Вт-дан аспайды |
62 | 915 МГц +/– 1,4% | немесе | 902 – 928 МГц | 5 Вт-дан аспайды |
63 | 2450 МГц +/– 2,0% | немесе | 2400 – 2500 МГц | 5 Вт-дан аспайды |
64 | 5800 МГц +/– 1,3% | немесе | 5725 – 5875 МГц | 5 Вт-дан аспайды |
65 | 24,125 ГГц +/– 0,5% | немесе | 24,0 – 24,25 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
66 | 42,3 ГГц +/– 2,5% | немесе | 41,3 – 43,4 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
67 | 46,2 ГГц +/– 2,5% | немесе | 45,0 – 47,4 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
68 | 48,4 ГГц +/– 2,5% | немесе | 47,2 – 49,6 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
69 | 61,25 ГГц +/– 0,4% | немесе | 61,0 – 61,5 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
70 | 122,5 ГГц +/– 0,4% | немесе | 122,0 – 123,0 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
71 | 245 ГГц +/– 0,4% | немесе | 244,0 – 246,0 ГГц | 5 Вт-дан аспайды |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 16 ҚОСЫМША |
Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.17-бөліміне енгізілген ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізбе, арнайы техникалық құралдар) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкелу) және Одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Егер арнайы техникалық құралдардың құрамында бірыңғай тізбенің 2.19-бөліміне енгізілген шифрлау (криптографиялық) құралдары болса, тауарды бірыңғай тізбенің 2.17-бөліміне жатқызу туралы шешімді Одақтың мүше мемлекетінің (бұдан әрі – мүше мемлекет) лицензия беруді келісуге және (немесе) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілетті мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – келісуші орган) жүзеге асырады.
4. Арнайы техникалық құралдарды әкелу және (немесе) әкету, осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия (бұдан әрі – лицензия) беруге өтінішті ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған кезде жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде арнайы техникалық құралдарды әкелуіне және (немесе) әкетуіне тыйым салынған.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
6. Арнайы техникалық құралдарды экспорттаудың немесе ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру кеден органына лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
7. Арнайы техникалық құралдарды кедендік аумақта қайта өңдеудің, уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, еркін кеден аймағының, еркін қойманың, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің, кері экспорттаудың, кері импорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
Арнайы техникалық құралдарды уақытша әкелудің (кіргізудің) немесе уақытша әкетудің кедендік рәсімін қолдануды аяқтау мақсатында кері экспорттаудың, кері импорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастыру арнайы техникалық құралдарды уақытша әкелудің (кіргізудің) немесе уақытша әкетудің кедендік рәсімдеріне орналастыру үшін ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
8. Арнайы техникалық құралдарды Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру лицензия және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынбай жүзеге асырылады.
9. Арнайы техникалық құралдарды Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің, Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру, сондай-ақ арнайы техникалық құралдарды кеден қоймасының және жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру лицензия және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
10. Арнайы техникалық құралдарды бажсыз сауданың және мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
III. Лицензия беру
11. Лицензияны ресімдеу үшін дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияларды және рұқсаттарды беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы щартқа № 7 қосымшаға қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес өтініш беруші арнайы техникалық құралдарға арналған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ шарттың (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін не арнайы техникалық құралдардың түпкі тұтынушысының ниетін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттарды ұсынады. Мүше мемлекеттің уәкілетті органының немесе келісуші органның жазбаша сұрау салуы бойынша өтініш беруші сараптама қорытындысының көшірмесін және (немесе) арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсынуға міндетті.
12. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
13. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді келісуші органмен келісу бойынша мүше мемлекеттің уәкілетті органы қабылдаған жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өтінім беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, келісуші органға осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте келісуші орган сұрау салған, осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттар және (немесе) үлгілер мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынылмайды.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
14. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды әкелу немесе әкету мүше мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін растайтын сараптама немесе техникалық зерттеу нәтижелерінің негізінде лицензия беруден бас тартылады.
IV. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру
15. Қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді келісуші орган мүше мемлекеттің тиісті заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
16. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) мүше мемлекеттің қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілетті органына мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылған кезде беріледі:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
б) арнайы техникалық құралдар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтер (нөмірі, күні) немесе осындай лицензияның көшірмесі;
в) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда, тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
г) арнайы техникалық құралдарға арналған техникалық құжаттама;
д) шарттың (келісімшарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі не арнайы техникалық құралдарды түпкі тұтынушының ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
е) келісуші органның жазбаша сұрау салуы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі және (немесе) арнайы техникалық құралдардың үлгілері;
ж) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар мен мәліметтер.
17. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер болған:
а) өтінім беруші осы Ереженің 16-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған;
б) өтінім беруші қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болған;
в) арнайы техникалық құралдарды әкелу немесе әкету мүше мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін растайтын сараптама немесе техникалық зерттеу нәтижелері болған;
г) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 17 ҚОСЫМША |
Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оған арналған патрондарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.22-бөліміне енгізілген азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оған арналған патрондарды (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізбе, қару) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкелу) және Одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереже:
а) қару Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) қарулы күштерінің, мемлекеттік әскери құралымдарының, мемлекеттік әскерилендірілген құралымдарының, әскерилендірілген ұйымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, кеден органдарының және прокуратура органдарының қажеттіліктері үшін әкелінген және (немесе) әкетілген кезде;
б) 1899 жылдың соңына дейін жасалған атыс, лақтырылатын және пневматикалық қару (орталық ұрыстың унитарлы патрондарымен атуға арналған атыс қаруынан басқа), 1945 жылдың соңына дейін жасалған суық қару (бұдан әрі – антиквар қару) әкетілген кезде;
в) мәдени құндылығы бар және антиквар қаруға жатқызылмайтын қару әкетілген кезде қолданылмайды.
3. Бірыңғай тізбенің 2.20-бөліміне енгізілген антиквар қаруды және мәдени құндылығы бар және антиквар қаруға жатқызылмайтын қаруды әкету Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Мәдени құндылықтарды, ұлттық мұрағат қорларының құжаттарын және мұрағат құжаттарының түпнұсқаларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады,
4. Осы Ереженің мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
"антиквар қарудың көшірмелері" – антиквар қарудың түпнұсқасы бойынша не оның конструкциясы, сыртқы түрі мен көркем әрленуі дәл немесе ауқымды түрде көшірілген жағдайдағы үлгісінің сызбалары бойынша жасалған және антиквар қарудың немесе қарудың өзге түрлерінің төлнұсқа бөліктерін қамтымайтын қару;
"антиквар қарудың репликалары" – конструкциясы, сыртқы түрі немесе көркем әрленуі шығармашылықпен түрлендірілген антиквар қарудың түпнұсқасы, сызбалары не үлгісінің сипаты бойынша жасалған, көркем шығарма үлгісі ретінде мәдени құндылықты білдіретін қару.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
5. Қаруды әкелу және (немесе) әкету, осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) болған кезде жүзеге асырылады.
6. Қаруды жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі және (немесе) әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
7. Қаруды экспорттаудың немесе ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына қорытынды (рұқсат беру құжатын) ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
8. Кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсыну мынадай:
а) Одақтың кедендік аумағына бұрын әкелінген және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне, кері экспорттаудың кедендік рәсіміне орналастырылған қару орналастырылған;
б) экспорттаудың кедендік рәсіміне сәйкес Одақтың кедендік аумағынан бұрын әкетілген қару кері импорттаудың кедендік рәсіміне орналастырылған;
в) қару уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастырылған;
г) қару уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінің қолданылуын аяқтау мақсатында кері экспорттаудың және кері импорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған;
д) қару Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастырылған;
е) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, антиквар қарудың көшірмелері және репликалары экспорттаудың, ішкі тұтыну үшін шығарудың, уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің, кері экспорттаудың және кері импорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған жағдайларда талап етіледі.
9. Қаруды кеден қоймасының, Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін тасымалдау үшін, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру мұндай қаруды өзге де кедендік рәсімдермен орналастыру үшін кеден органына ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
Антиквар қарудың көшірмелерін және репликаларын кеден қоймасының, Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін тасымалдау үшін, сондай-ақ ішкі кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастыру, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, антиквар қарудың көшірмелерін және репликаларын өзге де кедендік рәсімдерге орналастыру үшін кеден органына ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
10. Қаруды осы Ереженің 8-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген кедендік рәсімдерді қолдануды аяқтау мақсатында кері экспорттаудың және кері импорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастыру мұндай қаруды осы Ереженің 8-тармағының "в" тармақшасында көрсетілген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін кеден органына ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
Антиквар қарудың көшірмелерін және репликаларын уақытша әкелудің (кіргізудің), уақытша әкетудің, кедендік аумақта қайта өңдеудің, кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінің қолданылуын аяқтау мақсатында кері экспорттаудың және кері импорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастыру, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мұндай қаруды көрсетілген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін кеден органына ұсынылған қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.
11. Осы Ереженің 8-тармағының "д" тармақшасында көрсетілген жағдайда қаруды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аумағы арқылы осы қаруды тасымалдау жүзеге асырылатын барлық мүше мемлекеттердің қорытындыларды (рұқсат құжаттарын) беруге уәкілетті органдары берген қорытындылар (рұқсат құжаттары) кеден органына ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
12. Қаруды, антиквар қарудың көшірмелерін және репликаларын мемлекет пайдасына бас тартудың және жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынбай жүзеге асырылады.
13. Қаруды, антиквар қарудың көшірмелерін және репликаларын бажсыз сауданың, еркін кеден аймағының, еркін қойманың ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
III. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру
14. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруді мүше мемлекеттің қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруге уәкілетті органы осы мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
15. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш берушілер) мынадай:
а) қарудың экспорты немесе импорты;
б) қаруды спорттық ұйымдар спорттық іс-шараларға қатысу үшін уақытша әкелген немесе уақытша әкеткен;
в) қару Одақтың кедендік аумағында (Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде) өтетін көрмелерге қатысу үшін уақытша әкелінген немесе уақытша әкетілген;
г) қару, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, Одақтың кедендік аумағында (Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде) өтетін тарихи-мәдени іс-шараларға қатысу үшін уақытша әкелінген немесе уақытша әкетілген;
д) қару аң аулауға қатысу үшін уақытша әкелінген немесе уақытша әкетілген;
е) қару сәйкестікті растау мақсатында сынақтар (сертификаттау, сәйкестікті декларациялау) өткізу үшін әкелінген және (немесе) әкетілген;
ж) қару, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу үшін әкелінген және (немесе) әкетілген;
з) қару оны жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында әкелінген және (немесе) әкетілген жағдайларда беріледі.
16. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) жеке тұлғаларға мынадай:
а) қару Одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттерде (бұдан әрі – үшінші мемлекеттер) сатып алынған, жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Одақтың кедендік аумағына әкелінген;
б) қару спорттық іс-шараларға қатысу үшін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде уақытша әкелінген немесе уақытша әкетілген;
в) қару аң аулауға қатысу үшін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде уақытша әкелінген немесе уақытша әкетілген;
г) қару үшінші мемлекеттерге тұрақты тұруға кететін жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар ретінде әкетілген және қару мүше мемлекеттерге тұрақты тұруға келетін жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар ретінде әкелінген;
д) қару, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, Одақтың кедендік аумағында (Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде) өтетін көрмелерге және тарихи-мәдени іс-шараларға қатысу үшін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде уақытша әкелінген немесе уақытша әкетілген;
е) қару сәйкестікті растау мақсатында сынақтар (сертификаттау, сәйкестікті декларациялау) өткізу үшін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген;
ж) қару, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу үшін жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген;
з) қару оны жөндеу, ауыстыру, қайтару мақсатында жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген;
и) үшінші мемлекеттер басшыларының және үшінші мемлекеттер үкіметтері басшыларының наградтау құжаттарының негізінде алынған наградалық қару жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген және (немесе) әкетілген;
к) егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, антиквар қарудың көшірмелері және репликалары жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелінген және (немесе) әкетілген жағдайларда беріледі.
17. Қорытынды (рұқсат беру құжаты) Ереженің 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мүше мемлекеттің қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті органына мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
а) өтініш беруші:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағы мүше мемлекеттерінің үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транизтіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;
сәйкестік сертификатын немесе мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген және қаруды әкелгеннен кейін оны белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өткенін растайтын өзге де құжатты не осындай құжаттардың көшірмелерін;
егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы берген, қарудың адам организміне әсерінің зақымдаушы факторларын болғызбау туралы құжатты не осындай құжаттың көшірмесін;
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар мен мәліметтерді;
б) жеке тұлға:
осы тармақтың "а" тармақшасының екінші абзацында көрсетілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасын;
егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, жеке басын куәландыратын құжаттардың немесе жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтердің (сериясы, нөмірі, қашан және кім берген, жеке нөмірі (ол болған кезде), тұрғылықты жерінің мекенжайы) көшірмелерін;
мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар мен мәліметтерді ұсынған кезде беріледі.
18. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден мынадай негіздер:
а) осы Ереженің 17-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
б) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін ұсынылған құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтер болған;
в) мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де негіздер болған кезде бас тартылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 18 ҚОСЫМША |
Отын-энергетикалық және минералды шикізаттың аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) көзделген, үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.23-бөліміне енгізілген аудандар мен отын-энергетикалық және минералды шикізат кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты (бұдан әрі – жер қойнауы туралы ақпарат) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету (бұдан әрі тиісінше – Одақ, әкету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) және Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттарда айқындалған мәндерде қолданылады.
3. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпаратты әкету Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия (бұдан әрі – лицензия) беруге өтінішті ресімдеу туралы және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген лицензия бар болған кезде жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлғалардың жер қойнауы туралы ақпаратты жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкетуіне тыйым салынған.
II. Кедендік рәсімдерге орналастыру
5. Жер қойнауы туралы ақпаратты экспорттаудың кедендік рәсіміне орналастыру Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына мемлекеттік лицензия ұсынылған кезде жүзеге асырылады.
6. Жер қойнауы туралы ақпаратты Одақтың кедендік аумағына келу орнындағы кеден органынан Одақтың кедендік аумағынан кету орнындағы кеден органына дейін тасымалдау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру мүше мемлекеттің кеден органына лицензия ұсынылмастан жүзеге асырылады.
7. Жер қойнауы туралы ақпаратты әкету кезінде оны кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеудің, уақытша әкетудің, кері экспорттаудың кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
III. Лицензия беру
8. Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш берушілер) лицензияны ресімдеу үшін аумағында өтініш беруші тіркелген мүше мемлекеттің уәкілетті органына Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияларды және рұқсаттарды беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы щартқа № 7 қосымшаға қосымша) (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағының 1 – 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Қағидалардың 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес өтініш берушілер жер қойнауы туралы ақпаратты алудың және білудің заңдылығын куәландыратын құжаттарды да ұсынады.
Жер қойнауы туралы ақпаратты аумағында осы ақпарат болған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өтініш беруші жер қойнауы туралы ақпаратты алудың және білудің заңдылығын куәландыратын құжат ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген нысан бойынша жасалған, аумағында жер қойнауы туралы ақпарат болған мүше мемлекеттің қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) беруге уәкілетті органы берген қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді.
Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш берушілер аумағында жер қойнауы туралы ақпарат болған мүше мемлекеттің қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілетті органына мынадай құжаттарды ұсынады:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағы мүше мемлекеттерінің үшінші елдермен саудада әкелуге немесе әкетуге тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транизтіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытындының (рұқсат беру құжатының) жобасы;
тараптарының бірі аумағында жер қойнауы туралы ақпарат болған мүше мемлекеттің сыртқы сауда қызметіне қатысушы болып табылатын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасындағы жер қойнауы туралы ақпаратты сатып алу-сату шартының (келісімшарттың) көшірмесі.
9. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың көшірмелері Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылуға тиіс.
10. Егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес лицензия беру туралы шешімді осы мүше мемлекеттің мемлекеттік билігінің басқа органымен (бұдан әрі – келісуші орган) келісу бойынша уәкілетті орган қабылдаған жағдайда, онда мұндай келісу осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өтініш беруші, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, келісуші органға осы Ереженің 8-тармағының бірінші – үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы Ереженің 8-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар мүше мемлекеттің уәкілетті органына ұсынылмайды.
Келісу қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
11. Қағидалардың 14-тармағының 1 – 4-тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде, сондай-ақ келісуші орган лицензия беруге өтінішті келісуден бас тартқан жағдайда – Қағидалардың 14-тармағының 6-тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тартылады.".
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 131 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы үшін асыл тастарға арналған бірыңғай нормативтік техникалық құжаттарды белгілеу туралы" 2011 жылғы 22 маусымдағы № 723 шешімі.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімінде:
а) көрсетілген Шешіммен бекітілген Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.4, 1.6, 2.2, 2.4, 2.9, 2.10, 2.16, 2.17, 2.22 және 2.23-бөлімдері;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген шектеулерді қолдану туралы ережелерде:
Өсімдіктерді қорғау құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереже;
Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдарды, қазып алынған жануарлар сүйектерін Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;
Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;
Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереже;
Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже;
Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оған арналған патрондарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, Кеден одағының кедендік аумағынан әкету және Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзиттеу тәртібі туралы ереже;
Отын-энергетикалық және минералды шикізаттың аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ереже.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 2 қазандағы № 177 шешімінің 1-тармағының 2-тармақшасы.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Шектеулерді қолдану туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 242 шешімі.
5. Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағының "а" тармақшасы ("Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 243 шешіміне қосымша).
6. Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жекелеген шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағының "б" және "д" тармақшалары (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 140 шешіміне қосымша).
7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифіне кендер мен қорғасын концентраттарына қатысты және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 25 ақпандағы № 25 шешімінің 3-тармағы.
8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифіне кәріптасқа қатысты, Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы" 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 53 шешімінің 3-тармағы.
9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын айқындау мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағында бірыңғай ретінде қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар тізбесінің 5-тармағына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 13 мамырдағы № 66 шешімі.
10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Шектеулерді қолдану туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 13 мамырдағы № 67 шешімі.
11. Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифіне азаматтық әуе кемелеріне арналған жиынтықтаушылардың жекелеген түрлеріне қатысты, Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы" 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 175 шешіміне № 4 қосымша).
12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифіне 9303 тауар позициясының мылтықтар мен винтовкаларға арналған бөліктерінің жекелеген түрлеріне қатысты және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 217 шешімінің 2-тармағы.
13. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифіне нефритке қатысты және сутегіфосфатадиаммонияға (диаммоний фосфаты) қатысты және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 4 шешімінің 2-тармағы.