Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, қуаты 250 а.к. дейінгі бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 8429 11 009 0 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, қуаты 250 а.к. дейінгі бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылып, бұл демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 қарашадағы
№ 148 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІНІҢ МӨЛШЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің мөлшері (кедендік құннан пайыз)

Қуаты 250 а.к. дейінгі бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар шынжыр табанды бульдозерлер

Xuanhua Construction Machinery Co., Ltd (No. 21, Dongsheng Road, Xuanhua, Hebei Province, China)

9,65

Shantui Construction Machinery Co., Ltd (No. 58, Highway G327, High-Tech District, JiningCity, Shandong Province, China)

11,31

Shanxi Zoomlion Heavy Industry Science & Technology Machinery Co., Ltd (Guanbei Village, Huayin City, Shanxi Province, China)

13,80

Tianjin Liugong Machinery Co., Ltd. (No. 203, Jingsan Road, Tianjin Airport Economic Area, China)

44,65

өзгелері

44,65

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады