Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Темекі өнімдерінің техникалық регламенті" (КО ТР 035/2014) техникалық регламенті талаптарының қолданылуы мен орындалуы және техникалық реттеу нысандарының сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 159 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Темекі өнімдерінің техникалық регламенті" (КО ТР 035/2014) техникалық регламенті талаптарының қолданылуы мен орындалуы және техникалық реттеу нысандарының сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 159 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Темекі өнімдерінің техникалық регламенті" (КО ТР 035/2014) техникалық регламенті талаптарының қолданылуы мен орындалуы және техникалық реттеу нысандарының сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА

№ р/с

ХБЖ коды

Халықаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрі

Кеден одағының техникалық регламентінің элементтері

Әзірлеу мерзімі

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет – жауапты әзірлеуші

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

1

65.160

Сигаралар және сигариллалар. Қалыңдығын айқындау. МЕМСТ әзірлеу

ІІ бөлім

2015 жыл

2016 жыл

Ресей Федерациясы

2

65.160

Темекі және темекі өнімдері. Кесілген темекі талшығының енін айқындау.
ISO 20193:2012 ескере отырып МЕМСТ әзірлеу

ІІ бөлім

2015 жыл

2016 жыл

Ресей Федерациясы

3

65.160

Сигареттер. Сынамаларды іріктеу.
ISO 8243:2013 ескере отырып МЕМСТ 31632-2012 негізінде МЕМСТ әзірлеу

VІІ бөлім

2015 жыл

2016 жыл

Ресей Федерациясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады