2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 160 шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кіріспенің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған және Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарлардың (бұдан әрі – бақылаудағы тауарлар) бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларға қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жануарлардың, соның ішінде адамдар мен жануарларға және жануарлардан алынатын тауарларға ортақ, ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті жұқпалы ауруларын қоздырушылардың туындауына, тасымалдануына және таралуына жол бермеу мақсатында әзірленді.".
2. Талаптар мәтіні бойынша:
а) тиісті түрдегі және септіктегі "Тараптар" сөзі тиісті түрдегі және септіктегі "мүше мемлекет" сөздерімен ауыстырылсын;
б) "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тиісті септіктегі "Кеден одағының Комиссиясы" деген сөздер тиісті септіктегі "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) "сұрататын" деген сөздер "сұратылатын" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда пайдаланылатын терминдер" бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Талаптарда пайдаланылатын терминдер".
4. "Жалпы ережелер" бөлімінде:
а) екінші абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
б) төртінші абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
в) алтыншы абзацта екінші сөйлем алып тасталсын;
г) жетінші абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
д) он бірінші – он төртінші абзацтардағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
е) он бесінші абзацта "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарлар (өнімдер) объектілерін және сынамаларын (үлгілерін) алуды бірлесіп тексеру жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ережемен" деген сөздер "мүше мемлекеттердің заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) он жетінші абзацта "Бірыңғай талаптармен" деген сөздер "Талаптармен" деген сөзбен ауыстырылсын;
з) соңғы абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты.
5. 6-тараудың он төртінші абзацындағы және 10-тараудың он сегізінші абзацындағы өзгерістер орыс тіліндегі мәтінге қатысты.
6. 11-тараудың екінші абзацында "Кеден одағының ветеринария саласындағы нормативтік актілерімен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін ветеринария саласындағы актілермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 15-тараудың жиырма бірінші абзацындағы, 16-тараудың соңғы абзацындағы, 19-тараудың соңғы абзацындағы, 33-тараудың соңғы абзацындағы, 37-тараудың соңғы абзацындағы және 40-тараудың соңғы абзацындағы өзгерістер орыс тіліндегі мәтінге қатысты.
8. 39-тарауда сілтемеде "Кеден одағының Комиссиясы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. "Қорытынды және ауыспалы ережелер" бөлімінде:
а) 3-тармақта "кез келген" деген сөздер "кез келген мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 4-тармақта "Кеден одағының Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың" деген сөздер "осы Талаптардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 5-тармақта:
бірінші абзацта "Комиссия шешімімен" деген сөздер "Кеден одағы Комиссиясының шешімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші – төртінші абзацтардағы өзгерістер орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
төртінші абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
г) 6-тармақта:
бірінші абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
екінші абзацтағы өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге қатысты;
10. Мынадай мазмұндағы 42-тараумен толықтырылсын:
"42-тарау
Зертханалық жануарларды (тышқандарды, құмтышқандарды, егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын, аламандарды, мысықтарды, иттерді, адам тәрізді емес приматтарды, құстарды), сондай-ақ олардың ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) мүше мемлекеттердің арасында тасымалдау кезіндегі ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және мүше мемлекеттер арасында тасымалдауға зертханалық зерттеулерде және (немесе) ғылыми мақсаттарға пайдалануға арналған жануарларға (бұдан әрі – зертханалық жануарлар) (тышқандар, құмтышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояндары, аламандар, мысықтар, иттер, адам тәрізді емес приматтар, құстар), сондай-ақ көрсетілген мақсаттарға пайдалануға арналған олардың ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондарына (бұдан әрі – ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондар) рұқсат етіледі.
Осы тараудың мақсатына орай зертханалық донор жануарлар деп ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) немесе эмбриондар алынған зертханалық жануарлар түсіндіріледі.
Зертханалық жануарлар мен зертханалық донор жануарлар клиникалық жағынан сау, жабайы табиғатта ауланған жануарлардан алынбаған және мамандандырылған тәлімбақтардан шыққан, жануарлардың жұқпалы ауруларынан (соның ішінде ұрықтандырылған ұрық жасушасын (зиготалар) немесе эмбриондарды іріктеу күні) ресми еркін болуға тиіс.
Зертханалық жануарлар мен зертханалық донор жануарлардың денсаулық мәртебесі ХЭБ ұсынымдарына сәйкес жүргізілген зертханалық тесттер нәтижелерімен расталуы қажет.
Зертханалық жануарлар мен зертханалық донор жануарлардың генетикалық мәртебесі белгілі болуға тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін зертханалық жануарлардың, олардың ұрықтандырылған ұрық жасушасы (зиготалар) мен эмбриондарының жануардың түрі, тұқымы (кеміргіштер үшін – сонымен қатар туыстастары немесе үйірлестері) және жүргізілген генетикалық араласулар (генетикалық өзгерген жануарлар үшін) туралы ақпараттарды қамтитын ілеспе құжаттары болуға тиіс.
Ұрықтандырылған ұрық жасушаларында (зиготаларда) және эмбриондарда патогендік және токсикогендік микроорганизмдер болмауы тиіс. Оларды іріктеу, сақтау және тасымалдау ХЭБ Кодексі ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Тасымалдау кезінде зертханалық жануарлар басқа жануарлармен байланысқа түспеуі қажет.
Зертханалық жануарлар жаңа контейнерлерде немесе ауру қоздырғыштарды жою мақсатында тазартудан және дезинфекциялаудан өткен контейнерлерде тасымалданады.
Әрбір контейнер этикеткамен маркалануы және нөмірленуі тиіс.".
11. Көрсетілген Талаптардың № 1 қосымшасында:
а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары қолданатын реттеу шараларының тізбесі";
б) мәтін бойынша "КО СЭҚ ТН" сөздері "ЕАЭО СЭҚ ТН" сөздерімен ауыстырылсын.
12. Көрсетілген Талаптардың № 3 қосымшасының 3-тармағында "Кеден одағының және бірыңғай экономикалық кеңістіктің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.