Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша формальдегидтің сулы-спиртті ерітіндісінің сыныптамасы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 165 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Формальдегид ерітіндісінің 10 салмақ бөлігінен (37-40 %), этил спиртінің 39,5 салмақ бөлігінен, дистилденген судың 50 салмақ бөлігінен, иіссудің 0,5 салмақ бөлігінен тұратын, микроб жойғыш және иіс кетіргіш қасиеттері бар, терінің аса тершеңдігі кезінде сыртқы қолдануға арналған және құтыға құйылған формальдегидтің сулы-спиртті ерітіндісі Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1-негізгі ережесіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3808 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады