Тауар декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 166 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабы 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауар декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 166 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауар декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемесі қолданылатын тауарлардың бір тауар партиясы және Қазақстан Республикасы оларға қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемесімен салыстырғанда біршама төмен кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген осындай баж мөлшерлемелері көлемін (бұдан әрі – кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлардың және осындай баждардың мөлшерлемелері көлемінің тізбесі) қолданатын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарлар бар болған жағдайда, мұндай тауарлар әртүрлі ТД-да декларациялауға жатады.".

      2. 43-тармақтың 1-тармақшасындағы сегізінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында кеден аумағына әкелінетін (әкелінген) оларға қатысты кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлардың және осындай баждардың мөлшерлемелері көлемінің тізбесіне енгізілген тауарларды декларациялау кезінде ТД реттік нөмірі әрбір күнтізбелік жылдан бастап 1 000 000 басталады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады