Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 168 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік декларациялар толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 168 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      ЗШ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"Кеден органдарына Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі берген және тауардың көлемі мен осындай тауарды әкелуді жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтерді қамтитын тауарды мақсатты әкелуді растау ұсынылған жағдайда, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын сумен жабдықтау, газдандыру және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде пайдаланылатын полимер құбырлар шығаруға арналған, ЕАЭО СЭҚ ТН 3901 20 900 9 кіші қосалқы позициясында жіктелетін және 2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде 100 мың тоннадан аспайтын көлемде Қазақстан Республикасына әкелінетін, құрамында 2,0 мас.% немесе одан көбірек, бірақ 2,5 мас.%-дан аспайтын техникалық көміртегі (күйе) бар қара түсті түйіршік түріндегі полиэтиленге қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату
Кеден органдарына Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген әкелінетін тауардың мақсатты пайдаланылуын растауды және осындай тауардың мөлшері мен оны жеткізу мен әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда, титан құймаларын, қорытпаларын және қаңылтақтарын өндіруге арналған және 2015 жылдың 1 маусымынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде 2015 жылы 300 тоннадан аспайтын және 2016 жылы 600 тоннадан аспайтын көлемде Қазақстан Республикасына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 8112 92 910 0 кодымен жіктелетін ванадий-алюминий лигатурасына қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату

ПЭ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ВЛ";

      ПЛ коды бар позиция "жылына 820 тонна" деген сөздерден кейін ", жылына 75 тоннадан аспайтын көлемде ЕАЭО СЭҚ ТН 3920 20 210 1 және 3920 20 210 9 кіші қосалқы позициясындағы тауарлар" деген сөздермен толықтырылсын";

      б) 3-бөлімде:

      3.1 – 3.3 кіші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер

      3.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеу жөніндегі жеңілдіктер

Жүктердi, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарына, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттарына, керек-жарақтарға, отын, азық-түлiк және басқа мүлiкке қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттарына, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiкке, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерiне қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталарына (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздарға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Акцизделетiн тауарларды есептемегенде, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Акцизделетiн тауарларды есептемегенде, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Акцизделетiн тауарларды есептемегенде, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша техникалық жәрдем көрсету мақсатында әкелiнетiн (медициналық мақсаттар үшін арнайы жасалған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізатқа қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату

ТС
 
 
 
 
 
 
 
СМ
 
 
 
 
 
 
 
ДН
 
 
 
 
БГ
 
 
 
БП
 
 
 
 
 
 
ТХ
 
 
 
 
ГР
 
 
ДС
 
 
 
 
МД
 

      3.1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер

Халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдар, олардың жанындағы шетел мемлекеттерінің өкілдіктері, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің персоналы мен олардың отбасылары мүшелері үшін әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Әуе қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Ядролық қаруды таратуды болдырмау саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін әскери мақсаттағы және әскери техника өніміне қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
Қазақстан Республикасының өзге халықаралық шарттары шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
3.1.3. Мемлекет пайдасына бас тарту туралы кедендік рәсімге жатқызылатын тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
3.1.4. Пайдаланылмайды (сұратылмайды) деген тауарларға қатысты кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеуден босату
3.1.5. Кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар төлеу бойынша 3.1 кіші бөлімде атаулары аталмаған өзге де жеңілдіктер
 

МЮ
 
 
 
 
МВ
 
 
 
 
МА
 
 
 
ПР
 
 
ВТ
 
 
МГ
 
 
 
МС
 
 
ПП
ОО
СИ

      3.2. Кедендік баждарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер

      3.2.1. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қол қойылған халықаралық шарттарында көзделген кедендік баждарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер

Халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдар, олардың жанындағы шетел мемлекеттерінің өкілдіктері, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің персоналы мен олардың отбасылары мүшелері үшін әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
Әуе қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
Автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
Ядролық қаруды таратуды болдырмау саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
Халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін әскери мақсаттағы және әскери техника өніміне қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
Қазақстан Республикасының өзге халықаралық шарттары шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждарды төлеуден босату
3.2.2. Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерде шығарылатын және әкелінетін тауарларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шығарылатын және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерге әкетілетін тауарларға қатысты кедендік бажды төлеуден босату түріндегі тарифтік преференция
3.2.3. Кедендік баж төлеу бойынша 1.1 және 3.2 кіші бөлімдерде атаулары аталмаған өзге де жеңілдіктер

МЮ
 
 
 
 
МВ
 
МА
 
ПР
 
 
ВТ
 
 
МГ
 
МС
 
ЭК
 
 
ПИ

      3.3. Акцизді төлеу жөніндегі жеңілдіктер

      3.3.1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген акциздерді төлеу жөніндегі жеңілдіктер

Жол жүру кезiнде, аралық аялдама пункттерiнде, халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалануға қажетті акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар мен материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, медициналық мақсаттағы құрамында спирт бар өнімге (бальзамдардан басқа) қатысты акциз төлеуден босату
Шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Ішкі тұтынуға арналған шығарылымның кедендік рәсімін есептемегенде, халықаралық шарттарда белгіленген кедендік рәсімдер мен Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілер шеңберінде және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасымен босатылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату

Т
 
 
 
Ф
 
 
 
 
С
 
 
 
 
Д
 
 
П
 
 
 

      3.3.2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген акцизді төлеу жөніндегі жеңілдіктер

Халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдар, олардың жанындағы шетел мемлекеттерінің өкілдіктері, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің персоналы мен олардың отбасылары мүшелері үшін әкелінетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Әуе қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Ядролық қаруды таратуды болдырмау саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін әскери мақсаттағы және әскери техника өніміне қатысты акциз төлеуден босату
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
Қазақстан Республикасының өзге халықаралық шарттары шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату
3.3.3. 1.2 және 3.3 кіші бөлімдерде атаулары аталмаған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, акцизделетін тауарларға қатысты өзге де жеңілдіктер

М
 
 
 
Б
 
Е
 
 
Ж
 
З
 
Х
 
 
Ю
 
И"

      3.4 кіші бөлімде:

      3.4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.4.1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ҚҚС төлеу жөніндегі жеңілдіктер

Халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдар, олардың жанындағы шетел мемлекеттерінің өкілдіктері, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің персоналы мен олардың отбасылары мүшелері үшін әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Әуе қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Ядролық қаруды таратуды болдырмау саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін әскери мақсаттағы және әскери техника өніміне қатысты ҚҚС төлеуден босату
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
3.4.2-тармақта:
ГР, БТ, МЛ және БГ кодтары бар позициялар алып тасталсын;
Мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Қазақстан Республикасының Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберіндегі кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушылар, соның ішінде дәрілік субстанциялар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, және медициналық техника импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импортына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттарға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Акцизделетін тауарларды есептемегенде, гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарларға ҚҚС төлеуден босату
Акцизделетiн тауарларды есептемегенде, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Акцизделетiн тауарларды есептемегенде, мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша техникалық жәрдем көрсету мақсатында әкелiнетiн тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
 

МЮ
 
 
 
МВ
 
МА
 
ПР
 
ВТ
 
МГ";
 
 
 
 
 
 
 
 
ЗС
 
 
 
 
 
СН
 
 
ЗГ
 
ГС
 
 
 
 
 
ЛЖ
 
 
 
 
РН
 
БГ
 
БП
 
 
ТХ
 
 
ГР";
 
 

      в) 4-бөлімде:

      4.2.1-тармақта

      АВ, БВ және ВВ кодтары бар позициялардағы "Ресей Федерациясының аумағынан тысқары әкетілетін" деген сөздер "өткізілетін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"2032 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңді қоса алғанда, толығымен Азов теңізінде немесе өзінің Балтық теңізіндегі аумағының 50 және одан да көп пайызында орналасқан көмірсутек шикізатының жаңа теңіз кенорнын игеру кезінде алынған (өндірілген) тауарларға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату
2032 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңді қоса алғанда, өзінің Қара теңіздегі (тереңдігі қоса алғанда 100 метрге дейін), Печора немесе Ақ теңіздегі, Охот теңізінің оңтүстік бөлігіндегі (солтүстік ендіктен 55о оңтүстікке қарай) немесе Каспий теңізі түбінің ресейлік бөлігіндегі (ресейлік секторындағы) аумағының 50 және одан да көп пайызында орналасқан көмірсутек шикізатының жаңа теңіз кенорнын игеру кезінде алынған (өндірілген) тауарларға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату
2042 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңді қоса алғанда, өзінің Қара теңіздегі (тереңдігі қоса алғанда 100 метрге дейін), Охот теңізінің солтүстік бөлігіндегі (солтүстік ендіктен 55о немесе осы ендіктен солтүстікке қарай), Баренцев теңізінің оңтүстік бөлігіндегі (солтүстік ендіктен 72о оңтүстікке қарай) аумағының 50 және одан да көп пайызында орналасқан көмірсутек шикізатының жаңа теңіз кенорнын игеру кезінде алынған (өндірілген) тауарларға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату
Өзінің Карск теңізіндегі, Баренцев теңізінің солтүстік бөлігіндегі (солтүстік ендіктен 72о және осы ендіктен солтүстікке қарай), шығыс Арктикадағы (Лаптевтер теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Чукот теңізі және Беринг теңізі) аумағының 50 және одан да көп пайызында орналасқан көмірсутек шикізатының жаңа теңіз кенорнын игеру кезінде алынған (өндірілген) тауарларға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату
2021 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде, өзінің Охот теңізінің оңтүстік бөлігіндегі (солтүстік ендіктен 55о оңтүстікке қарай) аумағының 50 және одан да көп пайызында орналасқан, бұл ретте Ресей Федерациясының Салық кодексінің 11-бабына1 сәйкес көмірсутек шикізатының жаңа теңіз кенорны болып табылмайтын,
көмірсутек шикізатының теңіз кенорнын игеру кезінде алынған (өндірілген) және Ресей Федерациясынан әкетілетін тауарларға қатысты, осындай кенорнында өндірілетін көмірсутек шикізатының (ілеспе газды есептемегенде) әрбір түрінің қорларын игеру дәрежесі 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 5 пайыздан кем болған жағдайда, кедендік әкету бажын төлеуден босату
4.2.2-тармақ мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"2006 жылғы 21 қарашадағы ИТЭР жобасын іске асыру үшін ИТЭР термоядролық энергия жөніндегі халықаралық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісім шеңберінде Ресей Федерациясының шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баж төлеуден босату
4.4.1-тармақта:
РМ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Нақты пациенттердің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге арналған, Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін тіркелмеген дәрілік заттарға және туыспаған трансплантация жасауға арналған гемопоэтикалық бағаналық жасушалар мен сүйек кемігіне қатысты ҚҚС төлеуден босату
мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясына әкелінетін асыл тұқымды ірі қараға, асыл тұқымды шошқаларға, асыл тұқымды қойларға, асыл тұқымды ешкілерге, асыл тұқымды жылқыларға, асыл тұқымды жұмыртқаларға; асыл тұқымды бұқалардан, асыл тұқымды шошқалардан, асыл тұқымды қошқарлардан, асыл тұқымды текелерден, асыл тұқымды айғырлардан алынған ұрыққа; асыл тұқымды ірі қарадан, асыл тұқымды шошқалардан, асыл тұқымды қойлардан, асыл тұқымды ешкілерден, асыл тұқымды жылқылардан алынған эмбриондарға қатысты 10% мөлшерінде ҚҚС ставкасын қолдану
4.4.2-тармақ мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"2006 жылғы 21 қарашадағы ИТЭР жобасын іске асыру үшін ИТЭР термоядролық энергия жөніндегі халықаралық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісім шеңберінде Ресей Федерациясының шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату

НА
 
 
 
 
НЧ
 
 
 
 
 
 
 
НВ
 
 
 
 
 
 
 
НК
 
 
 
 
 
 
НМ";
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МР";
 
 
 
 
 
 
РЗ";
 
 
 
 
 
ПЖ";
 
 
 
 
 
 
МР";
 

      4. Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәлімет түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):

      а) 5-бөлімде:

      05014 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"05019
 
 
05020

ЕАЭО СЭҚ ТН 3-ескертпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билігінің көлік саласындағы уәкілетті органының әкелінетін тауардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауы
ЕАЭО СЭҚ ТН 4-ескертпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігі уәкілетті органының әкелінетін тауардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауы";

      05022 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"05022

ЕАЭО СЭҚ ТН 5-ескертпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігі уәкілетті органының әкелінетін тауардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауы";

      05023 коды бар позицияда "05022 коды бар позицияда көрсетілген құжатты" деген сөздер "05019, 05020, 05022, 05024-05028 кодтары бар позицияларда көрсетілген құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын";

      05023 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"05024
 
 
 
 
 
05025
 
 
 
 
 
 
 
 
05026
 
 
 
 
05027
 
 
 
 
05028
 
 

ЕАЭО СЭҚ ТН 6-ескертпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы бақылау мен қадағалау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігі уәкілетті органының әкелінетін тауардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің отын-энергетика кешені саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігі уәкілетті органының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігінің уәкілетті органымен бірлесе отырып, ЕАЭО СЭҚ ТН 8 және 10-ескертпелерге сәйкес шикі мұнай өндіру фактысын, ЕАЭО СЭҚ ТН 9-ескертпеге сәйкес тұрақты газ конденсатын игеру фактысын, ЕАЭО СЭҚ ТН 8 және 10-ескертпеге сәйкес пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансынан үзінді көшірмені растауы
ЕАЭО СЭҚ ТН 12-ескертпеге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің үкіметі уәкілеттік берген атқарушы билік органының әкелінетін тауардың жоғары сапалы сиыр етіне жататындығын растауы
ЕАЭО СЭҚ ТН 14-ескертпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігі уәкілетті органының әкелінетін тауардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауы
ЕАЭО СЭҚ ТН 16-ескертпеге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ғарыштық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы билігі уәкілетті органының әкелінетін тауардың мақсатқа сай пайдаланылуын растауы";

      10-бөлім 10043 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"10044

Тауарға арналған декларацияны есептемегенде, Кеден одағы Кеден кодексінің 193-бабына сәйкес берілген, белгіленген жағдайларда кедендік құжаттарда мәлімделетін тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі туралы мәліметтер";
 

      в) мынадай мазмұндағы 11-бөліммен толықтырылсын:

      "11. Кедендік декларацияны беретін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар ⃰ ⃰

11001
1102
1103

Жеке басты куәландыратын құжат
Декларанттың кеден өкілімен жасасқан шарты
Тауарға арналған декларацияны жасаған адамның өкілеттілігін куәландыратын құжат";

      г) мынадай мазмұндағы " ⃰ ⃰ " белгісі бар сілтемемен толықтырылсын:

      " ⃰ ⃰ Бөлім тауарды Ресей Федерациясының аумағында декларациялаған кезде қолданылады.".

      5. Өндіріп алу кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышында (9-қосымша):

      а) 2-бөлімде:

      2.4-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"2.4.1. Тағамдық шикізаттан жасалған этил спиртіне арналған акциз (шарап, жүзім, жеміс, коньяк, кальвадос, виски дистилляттарын қоспағанда)
2.4.2. Шарап, жүзім, жеміс, коньяк, кальвадос, виски дистилляттарына арналған акциз
2.4.3. Тағамдық емес шикізаттан жасалған этил спиртіне арналған акциз
2.4.4. Құрамында спирт бар өнімге арналған акциз
2.4.5. Этил спиртінің үлестік мөлшері 9%-дан жоғары ішімдік өніміне (сыраларды, шараптарды, көбікті шараптарды (шампандарды), тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарды қоспағанда) арналған акциз
2.4.6. Этил спиртінің үлестік мөлшері қоса алғанда 9%-ға дейінгі ішімдік өніміне (сыралардың, шараптардың, көбікті шараптардың (шампандардың), сидраның, пуаренің, балшараптың негізінде жасалатын сыраларды, сусындарды, тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын, және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарды қоспағанда) арналған акциз
2.4.7. Шараптарға арналған акциз
Шараптарға, жеміс шараптарына (көбікті шараптарды (шампандарды) қоспағанда), тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарға арналған акциз
көбікті шараптарға (шампандарға) арналған акциз
2.4.8. Сидраларға, пуареге, балшарапқа арналған акциз
2.4.9. Сыраға арналған акциз
Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 0,5 %-ға дейінгі сыраға арналған акциз
Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 0,5 %-дан жоғары және 8,6 %-ға дейінгі сыраға, сыра негізінде дайындалатын сусындарға арналған акциз
Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 8,6%-дан жоғары сыраға арналған акциз
2.4.10. Темекі өніміне арналған акциз
Трубкамен тартатын, шылымдық, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлық темекіге (темекі өнімін өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылатын темекіні қоспағанда) арналған акциз
Сигараға арналған акциз
Сигарилдерге (сигариттерге), бидиге, кретекке арналған акциз
Сигареттерге, папиростарға арналған акциз
2.4.11. Жеңіл автомобильдер мен мотоциклдерге арналған акциз
Қозғалтқышының қуаты қоса алғанда 67,5 кВт (90 а.к.) дейінгі жеңіл автомобильдерге арналған акциз
Қозғалтқышының қуаты қоса алғанда 67,5 кВт (90 а.к.) артық және 112,5 кВт (150 а.к.) дейінгі жеңіл автомобильдерге арналған акциз
Қозғалтқышының қуаты 112,5 кВт (150 а.к.) артық жеңіл автомобильдерге және 112,5 кВт (150 а.к.) артық мотоциклдерге арналған акциз
2.4.12. Автомобиль бензиніне арналған акциз
2.4.13. Дизель отынына арналған акциз
2.4.14. Дизельдік және (немесе) карбюраторлық (инжекторлық) қозғалтқыштар үшін мотор майларына арналған акциз
2.4.15. Тура айырылған бензинге арналған акциз
2.4.16. Тура айырылған және (немесе) екінші рет айырылған дизельдік фракциялардан өндірілетін, 280-нен 360о С дейінгі температурада қайнайтын тұрмыстық пеш отынына арналған акциз
 

4010
 
 
4140
 
4150
 
4020
4120
 
 
 
 
 
 
4130
 
 
 
 
 
 
4090
 
 
 
 
4200
 
4160
4100
 
4210
 
 
4220
 
 
4030
 
 
4230
4240
4250
 
 
 
4060
4180
4190
4040
4070
4080
4050
4170";
 

      2.5-кіші бөлімде:

      2.5.1-тармақта:

      4012 коды бар позиция "(шарап, жүзім, жеміс, коньяк, кальвадос, виски дистилляттарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын";

      4032 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"Трубкамен тартатын, шылымдық, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлық темекіге (темекі өнімін өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылатын темекіні есептемегенде) арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Сигарларға арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Сигарилдерге (сигариттерге), бидиге, кретекке арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Сигареттерге, папиростарға арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
4062 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:
"Қозғалтқышының қуаты қоса алғанда 67,5 кВт (90 а.к.) дейінгі жеңіл автомобильдерге арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Қозғалтқышының қуаты қоса алғанда 67,5 кВт (90 а.к.) артық және 112,5 кВт (150 а.к.) дейінгі жеңіл автомобильдерге арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Қозғалтқышының қуаты 112,5 кВт (150 а.к.) артық жеңіл автомобильдерге және 112,5 кВт (150 а.к.) артық мотоциклдерге арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар

4032
 
 
 
 
4232
 
4242
 
4252";
 
 
 
4062
 
4182
 
4192
 

      4082 коды бар позицияда "май" деген сөз "мотор майлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4092 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"Шараптарға, жеміс шараптарына (көбікті шараптарды (шампандарды) қоспағанда), тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарға арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
көбікті шараптарға (шампандарға) арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар

4092
 
 
 
 
 
 
4202";

      4012 коды бар позиция "этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 0,5 %-ға дейінгі" деген сөздермен толықтырылсын";

      4112 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 0,5 %-дан жоғары және 8,6 %-ға дейінгі сыраға, сыра негізінде дайындалатын сусындарға арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 8,6%-дан жоғары сыраға арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар

4212
 
 
 
4222";

      4122, 4132 және 4142 кодтары бар позициялар мынадай мазмұнда жазылсын:

"Этил спиртінің үлестік мөлшері 9%-дан жоғары ішімдік өніміне (сыраларды, шараптарды, көбікті шараптарды (шампандарды), тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарды қоспағанда) арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Этил спиртінің үлестік мөлшері қоса алғанда 9%-ға дейінгі ішімдік өніміне (сыралардың, шараптардың, көбікті шараптардың (шампандардың), сидраның, пуаренің, балшараптың негізінде жасалатын сыраларды, сусындарды, тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарды қоспағанда) арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар
Шарап, жүзім, жеміс, коньяк, кальвадос, виски дистилляттарына арналған акцизді төлеу мерзімін ұзартқаны үшін ұсынылатын пайыздар

4122
 
 
 
 
 
4132
 
 
 
 
 
 
 
4142";

      47Х2 коды бар позиция алып тасталсын;

      2.5.2-тармақта:

      4013 коды бар позиция "(шарап, жүзім, жеміс, коньяк, кальвадос, виски дистилляттарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын";

      4033 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"Трубкамен тартатын, шылымдық, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлық темекіге (темекі өнімін өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылатын темекіні қоспағанда) арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Сигарларға арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Сигарилдерге (сигариттерге), бидиге, кретекке арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Сигареттерге, папиростарға арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
4063 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:
"Қозғалтқышының қуаты қоса алғанда 67,5 кВт (90 а.к.) дейінгі жеңіл автомобильдерге арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Қозғалтқышының қуаты қоса алғанда 67,5 кВт (90 а.к.) артық және 112,5 кВт (150 а.к.) дейінгі жеңіл автомобильдерге арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Қозғалтқышының қуаты 112,5 кВт (150 а.к.) артық жеңіл автомобильдерге және 112,5 кВт (150 а.к.) артық мотоциклдерге арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар

4033
 
 
4233
 
4243
4253";
 
 
4063
 
4183
 
 
4193";
 
 

      4083 коды бар позицияда "май" деген сөз "мотор майлары" деген сөздермен ауыстырылсын:

      4093 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"Шараптарға, жеміс шараптарына (көбікті шараптарды (шампандарды) қоспағанда), тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарға арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Көбікті шараптарға (шампандарға) арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар

4093
 
 
 
 
 
4203";

      4103 коды бар позиция "Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 0,5 %-ға дейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4113 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:

"Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 0,5 %-дан жоғары және 8,6 %-ға дейінгі сыраға, сыра негізінде дайындалатын сусындарға арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Этил спиртінің нормативтік (стандартталған) үлестік мөлшері қоса алғанда 8,6%-дан жоғары сыраға арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар

4213
 
 
 
4223";

      4123, 4133 және 4143 кодтары бар позициялар мынадай мазмұнда жазылсын:

"Этил спиртінің үлестік мөлшері 9%-дан жоғары ішімдік өніміне (сыраларды, шараптарды, көбікті шараптарды (шампандарды), тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарды қоспағанда) арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Этил спиртінің үлестік мөлшері қоса алғанда 9%-ға дейінгі ішімдік өніміне (сыралардың, шараптардың, көбікті шараптардың (шампандардың), сидраның, пуаренің, балшараптың негізінде жасалатын сыраларды, сусындарды, тағамдық шикізаттан өндірілген тазартылған этил спиртін және (немесе) спирттелген жүзім немесе өзге жеміс ашытқысын және (немесе) шарап дистиллятын және (немесе) жеміс дистиллятын қоспай дайындалатын шараптық сусындарды қоспағанда) арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар
Шарап, жүзім, жеміс, коньяк, кальвадос, виски дистилляттарына арналған акцизді бөліп төлеуді ұсынғаны үшін пайыздар

4123
 
 
 
 
 
 
 
4133
 
 
 
 
 
4143";

      47Х3 коды бар позиция алып тасталсын;

      2.6-кіші бөлімде:

      7010 коды бар позиция алып тасталсын;

      "Айыппұлдар" деген позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айыппұлдар 7024 < 3 >";

      2.7-кіші бөлімде:

      9060 коды бар позиция алып тасталсын;

      9130 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау үшін төленетін мемлекеттік баж

9140";

      б) 5-бөлімнің 5,2 және 5,3-кіші бөлімдері мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен ауыстырылсын:

      "5.2. Кедендік әкету бажы

Оларға қатысты кедендік әкету бажы түрінің жеке коды белгіленбеген тауарларға арналған кедендік әкету бажы

3010

      Өзге де кедендік әкету баждары 35Х0 < 1 >

      4.3. Акциздер

Этил спиртіне арналған акциз
Құрамында спирт бар өнімге арналған акциз
Шарапқа арналған акциз
Сыраға арналған акциз
Темекіні алмастырғыштарға арналған акциз
Темекі бұйымдарына арналған акциз
Бензинге арналған акциз
Дизель отынына арналған акциз
Майлау материалдарына арналған акциз
Мұнайға және мұнай өнімдеріне арналған акциз
Мұнай газдарына және газ тәріздес көмірсутектерге (табиғи газдан басқа) арналған акциз

4510
4520
4530
4540
4550
4560
4610
4620
4630
4640
4650

      Өзге де акциздер 46Х0 < 1 >

      5.4.Өндіріп алу кеден органдарына жүктелген өзге төлем түрлері

Қоршаған ортаға зиян келтіретін тауарлардың импорты үшін экологиялық алым
Зиянды заттардың шығарылымы үшін экологиялық алым
Жол төлемдері
Экспорт үшін мемлекеттік баж

9310
 
9320
9330
9410";

      в) < 4 > белгісімен берілген сілтеме алып тасталсын.

      6. Кедендік транзитті сақтауды қамтамасыз ету шараларының сыныптауышында (18-қосымша):

      а) 00 коды бар позицияда "07 және 08 кодтарымен" деген сөздер "07, 08, 60 – 63 кодтары бар позицияларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 09 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"60
 
 
 
 
61
 
 
 
 
 
 
 
 
 
62
 
 
 
 
 
63

Шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, сондай-ақ артықшылықтарының көлемі бойынша соларға теңестірілген халықаралық ұйымдар органдарының және (немесе) миссияларының ресми пайдалануына арналған тауарларды тасымалдау
Алғашқы кезекте пайдалануға арналған тауарларды қоса алғанда, шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі мен консулдық мекемесінің персоналы мүшелерінің немесе артықшылықтарының көлемі бойынша соларға теңестірілген халықаралық ұйымдар органдарының және (немесе) миссиялары персоналының, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, егер де олар баратын мемлекетте тұрақты тұрмайтын болса немесе баратын мемлекеттің азаматы болмаса, жеке пайдалануына арналған тауарларды тасымалдау
Мәдени, ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға, спорттық жарыстарды өткізуге немесе оларға дайындалуға, табиғи апаттар мен авариялардың, дүлей апаттардың зардаптарын жоюға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қорғаныс қабілетін және мемлекеттік (ұлттық) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың қарулы күштерін қайта жарақтандыруға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шекарасын қорғауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының пайдалануына арналған тауарларды тасымалдау
Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтар мен пайыздардың сомасы, транзиттік декларацияны тіркейтін күнге жарамды валюталардың бағамы бойынша 500 (бес жүз) еуроға баламалы сомадан аспайтын болса, кедендік транзитті сақтауды қамтамасыз ету шараларын қолданбай-ақ";

      в) 10 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"97
 
98
 
ХХ ⃰⃰

Уәкілетті экономикалық оператор тасымал бағдарын белгілей отырып кедендік декларациялаған кезде тауар тасымалдау
Кедендік тасымалдаушы тасымал бағдарын белгілей отырып кедендік декларациялаған кезде тауар тасымалдау
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің өзге тәсілдері";

      г) " ⃰ " деген белгісі бар сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:

      " ⃰ Кодты мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің орталық кеден органы қалыптастырады:

      а) кодтың бірінші цифрының мынадай мәні бар:

      1 – Армения Республикасы үшін;

      2 – Беларусь Республикасы үшін;

      3 – Қазақстан Республикасы үшін;

      4 – Қырғыз Республикасы үшін;

      5 – Ресей Федерациясы үшін;

      б) кодтың екінші цифрының 1-ден 9-ға дейінгі мәні бар.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады