"Табиғи үлбірден жасалған киім, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнімдерді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың 2015-2016 жылдарға арналған жоспар-кестесін бекіту және тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесін құруға техникалық тапсырманы пайдалану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 19 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1. Ұсынылып отырған "Табиғи үлбірден жасалған киім, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнімдерді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың 2015-2016 жылдарға арналған жоспар-кестесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарын әзірлеген кезде тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесін құруға қоса беріліп отырған техникалық тапсырманы пайдалану ұсынымы жасалсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян
Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский
Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев
Ресей Федерациясынан
И. Шувалов


  Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 19 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнімдерді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың 2015-2016 жылдарға арналған ЖОСПАР-КЕСТЕСІ

Іс-шараның атауы

Күтілетін
нәтиже

Орындаушы

Орындау мерзімі

I. "Табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнімдерді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

1. "Табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімді жасасу 

1. "Табиғи үлбірден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) жобасы Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Кеңесінің отырысында мақұлдансын, Келісімді мемлекетішілік келісуді жүргізу және қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерге жіберу

Комиссия Кеңесінің шешімі
 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер), Комиссия

2015
жылғы
I тоқсан

2. Келісімге қол қою

Келісім

мүше мемлекеттер

2015
жылғы мамыр

3. Келісімнің күшіне енуі

Cыртқы істер министрліктернің ноталары
 

мүше мемлекеттер

2015
жылғы қыркүйек

2. Пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындау

4. Мынадай құжаттардың жобаларын әзірлеу:
а) бақылау (сәйкестендіру) белгісінің сипаттамасы, оны салу тәртібі, сондай-ақ бақылау (сәйкестендіру) белгілерін қамтитын ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар
б) тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
в) бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесі
г) мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары мен дара кәсіпкерлеріне бақылау (сәйкестендіру) белгілерін жасауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар өз мүше мемлекеттерінің құзыретті органдарына беретін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны беру мерзімдері
д) осы тармақтың "в" тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өз мемлекеттерінің құзыретті органдарына беретін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны беру мерзімдері
е) мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен Комиссияның өзара іс-қимыл жасау тәртібі

Комиссия шешімдері

Комиссия,
жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесінің құрылуын және жұмыс істеуін үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы
 

2015
жылғы маусым
2015
жылғы маусым
2015
жылғы қыркүйек
2015
жылғы қазан
2015
жылғы қазан
2015
жылғы қазан
 

5. Комиссия Алқасының отырысында қарау үшін Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген, Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқауға тауарларға арналған декларацияда бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің нөмірлерін көрсету туралы талаптар белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау

Комиссия шешімі

мүше мемлекеттер,
Комиссия

Келісімге қол қойылған күннен бастап 2 ай ішінде
 

6. Комиссия Алқасының шешіміне кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымдары мен форматтарын сипаттау бөлігінде өзгерістер енгізу

Комиссия шешімі

мүше мемлекеттер,
Комиссия

Келісімге қол қойылған күннен бастап 5 ай ішінде

7. Мүше мемлекеттердің аумақтарында таңбалауды енгізу үшін қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу

нормативтік құқықтық актілер

мүше мемлекеттер

2015
жылғы қараша

II. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық және интеграциялық құрауыштарын әзірлеу және пайдалануға беру

1. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық және интеграциялық құрауыштарын әзірлеу

8. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарын құруды қаржыландыру жөніндегі нормативтік-өкімдік құжаттарды дайындау немесе мүше мемлекеттердің қолданыстағы ақпараттандыру жоспарларына өзгерістер енгізу

мүше мемлекеттердің нормативтік-өкімдік құжаттары

мүше мемлекеттер

2015
жылғы мамыр

9. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық және интеграциялық құрауыштарын құру жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастыру

жасалған келісімшарттар

мүше мемлекеттер,
Комиссия

2015
жылғы шілде

10. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарының ақпараттық өзара іс-қимылы және мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының ақпараттық жүйелері үшін қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеу

техникалық құжаттаманың жинақталымы

мүше мемлекеттер

2015
жылғы қыркүйек
 

11. Ұлттық құрауыштар арасындағы, сондай-ақ ұлттық құрауыштар мен интеграциялық құрауыш арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу

технологиялық құжаттардың жинақталымы, Комиссия Алқасының шешімі

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2015
жылғы қыркүйек
 

12. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеудің хаттамалары

мүше мемлекеттер

2015
жылғы
IV тоқсан

13. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің интеграциялық құрауышын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеудің хаттамалары

Комиссия

2015
жылғы
IV тоқсан

14. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарына арналған жабдықтарды жеткізіп беру

жабдықтарды жеткізіп беру актілері

мүше мемлекеттер

2015
жылғы
IV тоқсан

2. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық пен интеграциялық құрауыштарын тәжірибелі және өнеркәсіптік пайдалануға беру

15. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық және интеграциялық құрауыштарын баптау жөніндегі интеграциялық жұмыстар

тестілеу хаттамалары

мүше мемлекеттер, Комиссия

2016 жылғы
I тоқсан

16. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің интеграциялық құрауышын тәжірибелі пайдалануға беру
 

жүйені тәжірибелі пайдалануға қабылдау актісі
 

Комиссия

2016 жылғы
I тоқсан

17. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарын тәжірибелі пайдалануға беру

жүйені тәжірибелі пайдалануға қабылдау актілері

мүше мемлекеттер, Комиссия

2016 жылғы
I тоқсан

18. Тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық және интеграциялық құрауыштарын өнеркәсіптік пайдалануға беру

жүйені өнеркәсіптік пайдалануға беру актілері

мүше мемлекеттер, Комиссия

2016
жылғы
1 сәуір

III. Пилоттық жобаны іске асыру

19. Пилоттық жобаны іске асыру үшін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық және интеграциялық құрауыштарын өнеркәсіптік пайдалану

пилоттық жобаны іске асыру үшін ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі

мүше мемлекеттер, Комиссия

2016 жылғы
II – IV тоқсандар

20. Пилоттық жобаның нәтижелеріне талдау жүргізу

пилоттық жобаның нәтижелері туралы есеп

мүше мемлекеттер, Комиссия

2016 жылғы
IV тоқсан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады