Еуразиялық экономикалық комиссияның мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуі жөнінде актілер қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің хабарламаларын, мүше мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешімдер қабылдау тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 69 Шешімі

      Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) 33-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      Қоса беріліп отырған, Еуразиялық экономикалық комиссияның мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуі жөнінде актілер қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің хабарламаларын, мүше мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешімдер қабылдау тәртібі бекітілсін.

      Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев

Қырғыз Республикасынан
О. Панкратов

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов


  Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 69 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық комиссияның мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуі жөнінде актілер қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің хабарламаларын, мүше мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешімдер қабылдау тәртібі I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 33-тармағының үшінші абзацына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Тәртіп, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы құпия ақпаратты сақтау қажеттігіне байланысты,мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу) жүзеге асыру ерекшеліктерін және Хаттаманың 11-тармағына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды, Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағына сәйкес белгілі бір әлеуетті өнім берушіден нақты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеуі жөнінде актілер қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) хабарламаларын, мүше мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою мәселелері жөніндегі өтініштерін қарауына, сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешімдер қабылдауына қолданылады.

      3. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттігіне байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін және тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің)) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды, белгілі бір әлеуетті өнім берушіден нақты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін, сондай-ақ ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу жөнінде актілер қабылдауы туралы мүше мемлекеттер хабарламаларының (бұдан әрі – акт туралы хабарлама) және осы Тәртіпте ресми жіберу көзделген өзге де құжаттардың электрондық көшірмелері (бұдан әрі – электрондық көшірмелер), жеделдікті қамтамасыз ету және Хаттаманың 32-тармағы мен осы Тәртіпте белгіленген мерзімдерді сақтау мақсатында, мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті реттеуші және (немесе) бақылаушы органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар) мен Комиссияға № 1 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі. Бұл ретте, көрсетілген құжаттар уәкілетті органдар мен Комиссияға қағаз жеткізгіште де міндетті түрде жіберіледі.

      4. Электрондық көшірмелер уәкілетті органның, Комиссияның құжат айналымы қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.

      5. Акт туралы хабарламаны және Хаттама мен осы Тәртіпте ресми жіберу көзделген өзге де құжаттарды қағаз жеткізгіште әзірлеген уәкілетті органның немесе Комиссияның құрылымдық бөлімшесі электрондық көшірмелерді жіберуді қамтамасыз етеді.

      6. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "ұлттық режимнен алып қою" – бір мүше мемлекеттің актісімен белгіленген, нақты тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға басқа мүше мемлекеттердің әлеуетті өнім берушілерінің (мердігерлерінің, орындаушыларының) қол жеткізуін шектеу не экономиканың белгілі бір салаларында жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуді шектеу;

      "тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері" – мүше мемлекет актісімен белгіленген, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 88-бабы мен Хаттамада белгіленгеннен өзгеше, сатып алуды жүзеге асыру процесін реттеу.

II. Актілер туралы хабарламаларды қарау

      7. Комиссияға келіп түскен актілер туралы хабарламаларды қарауды мемлекеттік сатып алу мәселелері өкілеттіктеріне жатқызылған Комиссия департаменті (бұдан әрі – жауапты департамент) акт туралы хабарлама келіп түскен тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) мемлекеттік сатып алуға қатысты саланы реттеу мәселелері өкілеттіктеріне жатқызылған Комиссияның мүдделі департаменттерінің (бұдан әрі – мүдделі департаменттер) қатысуымен жүзеге асырады.

      8. Уәкілетті орган Комиссияға, мүше мемлекеттердің үкіметтеріне және уәкілетті органдарға жіберетін акт туралы хабарламаға мынадай құжаттар (материалдар) мен мәліметтер қоса беріледі:

      а) акт жобасы;

      б) актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі, онда соның ішінде, мынадай мәліметтер:

      егер қабылданатын актіде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері немесе ұлттық режимнен алып қою белгіленетін болса – осы Тәртіптің 9-тармағында көзделген ақпаратты қоса алғанда, жағдайдың ерекшелігін негіздеу қамтылады. Бұл ретте, осы Тәртіптің 9-тармағының кез келген тармақшасына сілтеме жағдайдың ерекшелігін негіздеу үшін жеткілікті мән-жай болып табылмайды.

      егер қабылданатын актіде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттігіне байланысты, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері белгіленетін болса - осындай ерекшеліктерді белгілеу қажеттігін негіздеу;

      егер қабылданатын актіде мүше мемлекет басшысының жарлығымен немесе өкімімен, мүше мемлекет басшысының шешімі немесе тапсырмасы бойынша мүше мемлекет үкіметінің өкімімен (осындай шешімді немесе тапсырманы көрсете отырып) белгіленген әлеуетті өнім беруші айқындалатын болса – осындай өнім берушіден нақты мемлекеттік сатып алу қажеттігін негіздеу қамтылады.

      в) егер Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушіден нақты сатып алу туралы актінің жобасы – мүше мемлекет үкіметі өкімінің жобасы болса, – мүше мемлекет басшысының шешімі немесе тапсырмасы туралы мәліметтер;

      г) мүше мемлекеттер үкіметтері мен уәкілетті органдарға акт туралы хабарламаны жіберу туралы мәліметтер.

      9. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін ерекше жағдайларға, соның ішінде мыналар:

      а) адамның өмірі мен денсаулығын қорғау;

      б) қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті қорғау;

      в) қоршаған ортаны қорғау;

      г) жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау;

      д) халықаралық міндеттемелерді орындау;

      е) мүше мемлекеттердің ұлттық қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      ж) орны толмайтын табиғи ресурстардың сарқылуының алдын алу;

      з) халықаралық төреліктің, халықаралық коммерциялық төреліктің және шетелдік сот органдарының шешімдерін орындау;

      и) тиісті сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін қажетті уақыттың болмауына байланысты белгілі бір тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) сатып алу;

      к) аса қауіпті, техникалық күрделі және бірегей объектілерді салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін шаралар қабылдау қажеттігі жатады.

      10. Уәкілетті орган Комиссияға, мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарға жіберетін акт туралы хабарламаға, егер мүше мемлекеттің заңнамасымен осындай актіге қатысты реттеушілік әсерді бағалау (реттеушілік әсерді талдау) рәсімі көзделген болса, акт жобасының реттеушілік әсерін бағалау (реттеушілік әсерін талдау) туралы қорытындыны қоса алғанда, қабылданатын актіге жататын өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер қоса берілуі мүмкін.

      11. Актіні қабылдау қажеттігін, оның ішінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін немесе ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу жағдайының ерекшелігін негіздеу мақсатында, акт туралы хабарламамен бірге, акт туралы хабарламаны жіберетін мүше мемлекетке қатысты № 1 қосымшаға сәйкес мәліметтер ұсынылуы мүмкін.

      12. Акт туралы хабарламаны қарау кезінде осы Тәртіптің 8, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген құжаттар (материалдар) мен мәліметтердің болуы, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерінің немесе ұлттық режимнен алып қоюдың (егер хабарлама осындай ерекшеліктер мен алып қоюды белгілеу туралы акт қабылдауға қатысты болса) қолданылу мерзіміне, уәкілетті органдарға акт туралы хабарлама жіберу мерзіміне қатысты Хаттаманың 11, 31 және 32-тармақтарының, Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағының ережелеріне олардың сәйкестігі, Хаттаманың 11 және 31-тармақтарына, Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағына сәйкес актіні қабылдаудың негіздемесінің және жағдайдың ерекше (егер хабарлама тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін немесе ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы актіні қабылдауға қатысты болса) болуы бағаланады.

      13. Комиссия уәкілетті органнан осы Тәртіптің 8-тармағының "а" - "г" тармақшаларында көрсетілген құжаттар (материалдар) мен (немесе) мәліметтерді, егер мұндай құжаттар (материалдар) және (немесе) мәліметтер Комиссияға келіп түспеген болса, сұратады.

      14. Осы Тәртіптің 13-тармағында көзделген құжаттар (материалдар) мен мәліметтерді сұрату Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне (бұдан әрі – Комиссия жұмысының регламенті) сәйкес жүзеге асырылады және Комиссия акт туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға жіберіледі.

      15. Уәкілетті орган осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған жауап береді.

      16. Егер осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген мерзім ішінде немесе ертерек, жоба туралы хабарламаға сұрау салу уәкілетті органға келіп түскен акт қабылданса, бұл жөніндегі ақпарат сұрау салуға жауаппен бір мезгілде, осындай акт қоса беріле отырып, Комиссияға жіберіледі.

      17. Комиссия осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес келіп түскен құжаттарды (материалдарды), осы Тәртіптің 13-тармағында көзделген сұрау салуға жауаптың келмеуі (ол келмеген жағдайда) туралы ақпаратты, сондай-ақ актіні қабылдау туралы ақпаратты (егер ол жөнінде хабарлама қаралған акт қабылданған болса) қоса алғанда, осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес акт туралы хабарламаны қарау нәтижелері бойынша қорытындыны мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарға акт туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

      18. Егер бұл жөніндегі ұсыныс уәкілетті органнан келіп түскен болса, Комиссия акт туралы хабарламаны Хаттаманың 32-тармағына сәйкес консультациялар шеңберінде уәкілетті органдармен бірлесіп, осы Тәртіптің ІҮ бөлімінде айқындалған тәртіппен қарауды қамтамасыз етеді.

III. Актілердің күшін жою туралы өтініштерді қарау

      19. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттігіне байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін және Хаттаманың 11-тармағына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін, Хаттаманың 31-тармағына сәйкес ұлттық режимнен алып қоюды, Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағына сәйкес белгілі бір әлеуетті өнім берушіден нақты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеу жөніндегі актілердің күшін жою қажеттігі туралы мүше мемлекеттердің өтініштерін (бұдан әрі –актілердің күшін жою туралы өтініш) қарауды мүдделі департаменттердің қатысуымен жауапты департамент ұйымдастырады.

      20. Актінің күшін жою туралы өтінішті мүше мемлекеттердің үкіметтері немесе уәкілетті органдар жібереді және онда:

      а) өтініш жіберілетін актінің көшірмесі;

      б) Хаттаманың 32-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялардың хаттамасы (мұндай хаттама болған жағдайда);

      в) актінің күшін жою қажеттігі туралы мүше мемлекеттің позициясын негіздеу;

      г) актінің күшін жою туралы өтінішті жіберетін мүше мемлекетке қатысты осы Тәртіпке № 2 қосымшада көзделген мәліметтер қамтылады.

      21. Мүдделі департаменттердің қатысуымен жауапты департамент:

      а) актінің күшін жою туралы өтінішті:

      осы Тәртіптің 8, 10, 11 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар (материалдар) мен мәліметтердің болуы, Хаттаманың 11, 31 және 32- тармақтарының және Хаттамаға № 3 қосымшаның 14-тармағының ережелеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін мемлекеттік сатып алу саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге актінің сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;

      б) осы Тәртіпке №2 қосымшада көзделген көрсеткіштер мен мәліметтер бойынша талдау жүргізеді (бұл ретте, көрсетілген көрсеткіштердің бірде-бірі жеке-жеке алғанда талдау жүргізу үшін жеткілікті болмайды), соның ішінде:

      актіні қабылдау салдарынан мүше мемлекеттердің экономикасына келтірілген теріс экономикалық зардаптар;

      актіні қабылдау салдарынан бір немесе бірнеше мүше мемлекеттің экономика саласына келтірілген залал тұрғысынан талдау жүргізеді;

      в) осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген талдау барысында мынадай:

      сандық көрсеткіштермен көрсетілуі мүмкін және саланың, өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) экономикалық жағдайы мен тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) нарығының жай-күйіне әсер етуі мүмкін;

      сандық көрсеткіштермен көрсетілмейтін, алайда Комиссия тиісті шешім қабылдауы үшін олардың әсер етуі маңызды болып табылатын факторлар бағаланады.

      22. Егер актінің күшін жою туралы өтінішті қарау қорытындылары бойынша, осы Тәртіптің 21-тармағының ережелері ескеріле отырып, құжаттар (материалдар) мен мәліметтердің толық көлемде ұсынылмағаны және (немесе) онда тиісінше бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттың жоқ екені немесе күшін жою туралы өтініштің нысанасы болып табылатын акт туралы хабарлама Комиссияға келіп түспегені анықталатын болса, Комиссия осы Тәртіпке № 2 қосымшада көзделген мәліметтерді қоса алғанда, жетіспейтін құжаттар (материалдар) мен (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды актінің күшін жою туралы өтініш жіберген мүше мемлекеттің уәкілетті органына және (немесе) актісіне байланысты өтініш келіп түскен мүше мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.

      23. Осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген сұрау салу Комиссия жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады және актінің күшін жою туралы өтініш Комиссияға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      24. Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде, осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген сұрау салуға сәйкес құжаттар (материалдар) мен мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Егер осындай құжаттар (материалдар) мен мәліметтер Комиссияға көрсетілген мерзімде жіберіле алмайтын болса, уәкілетті орган себептерін, сондай-ақ сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 45 күннен аспауға тиіс оларды ықтимал ұсыну мерзімін көрсете отырып, Комиссияға бұл жөнінде жазбаша нысанда хабар береді.

      25. Уәкілетті орган осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген сұрау салуға сәйкес құжаттар (материалдар) мен мәліметтерді осы Тәртіптің 24-тармағында көрсетілген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, Комиссия көрсетілген мерзімдер өткен соң күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде,бұл жөнінде осындай уәкілетті органның мүше мемлекетінің үкіметіне, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарына хабар береді.

      26. Комиссия актінің күшін жою туралы өтінішті, егер бұл жөніндегі ұсыныс уәкілетті органнан келіп түскен болса, осы Тәртіптің ІҮ бөлімінде айқындалған тәртіппен Хаттаманың 32-тармағына сәйкес консультациялар шеңберінде уәкілетті органдармен бірлесіп қарауды қамтамасыз етеді.

      27. Осы Тәртіптің 21 және 26-тармақтарына сәйкес актінің күшін жою туралы өтінішті қарау қорытындылары бойынша, жауапты департамент консультациялар жүргізілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және (немесе) осы Тәртіптің 24-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен соң осы Тәртіптің 21-тармағының "б" тармақшасында көзделген талдау қорытындылары қамтылған, актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін негіздердің болуы не жоқ екені туралы қорытынды әзірлейді. Көрсетілген қорытындыға жауапты департамент басшысы қол қояды, Мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін Комиссия Алқасының мүшесі (бұдан әрі – Комиссия Алқасының мүшесі) бекітеді және ол мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарға жіберіледі. Көрсетілген қорытындымен бірге осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген сұрау салуға сәйкес Комиссияға келіп түскен құжаттар (материалдар) мен мәліметтер жіберіледі.

III. Консультациялар жүргізу

      28. Комиссия осы Тәртіптің 18 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, актілердің күшін жою туралы өтініштерді, сондай-ақ актілер туралы хабарламаларды қарау мәселелері бойынша консультациялар жүргізеді.

      29. Консультациялар жүргізуді ұйымдастыруды жауапты департамент қамтамасыз етеді.

      30. Консультациялар, соның ішінде қайталама консультациялар Комиссия оларды өткізу туралы хат жіберген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      31. Комиссия Алқасының мүшесі қол қойған консультацияларды жүргізу күні, уақыты мен орны туралы ақпарат бар хат осы Тәртіптің 18 немесе 26-тармағында көзделген ұсыныс Комиссияға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарға жіберіледі.

      32. Актінің күшін жою туралы өтінішті қарау барысында осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген сұрау салу жіберілген жағдайда, консультацияларды жүргізу күні, уақыты мен орны туралы ақпарат бар хат осы Тәртіптің 24-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен соң күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      33. Консультацияларға қатысуға мүдделі департаменттердің өкілдері шақырылады.

      34. Консультациялар жүргізілетін актісінің жобасына (актіге) қатысты мүше мемлекет өкілінің (өкілдерінің) және консультацияларды жүргізуге бастамашы болған мүше мемлекет өкілінің (өкілдерінің) консультацияларға қатысуы міндетті болып табылады.

      35. Осы Тәртіптің 34-тармағында көрсетілген мүше мемлекет өкілі (өкілдері) консультацияларда болмаған жағдайда, қайталама консультациялар тағайындалады.

      36. Осы Тәртіптің 34-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттер өкілі (өкілдері) қайталама консультацияларға келмеген жағдайда, мұндай консультациялар өткізілмеді деп танылады және консультациялар хаттамасында осы факт тіркеледі.

      37. Консультацияларды жүргізу күні туралы тиісті түрде хабарланған өзге де мүше мемлекеттер өкілдерінің болмауы консультацияларды жүргізу үшін кедергі болып табылмайды.

      38. Мүше мемлекеттердің өкілдері консультациялар барысында қаралып отырған мәселе бойынша мүше мемлекеттердің позициясын растайтын құжаттарды (материалдарды), мәліметтер мен түсіндірмелерді ұсынуға құқылы.

      39. Егер консультациялардың қорытындылары бойынша мүше мемлекеттің өкілдері консультациялар жүргізілетін актінің жобасына (актіге) қатысты, актінің жобасын (актіні) Хаттаманың ережелеріне және (немесе) консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес келтіру мақсатында, осындай актінің жобасын пысықтау немесе осындай актіге өзгерістер енгізу (оның күші жойылды деп тану) қажет деп таныса, мүше мемлекет консультациялар жүргізілген күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде,мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен актінің жобасын тиісті пысықтауды немесе актіге тиісті өзгерістер енгізуді (оның күші жойылды деп тануды) қамтамасыз етеді.

      40. Актісінің жобасы пысықталған немесе актісіне өзгерістер енгізілген (актісінің күші жойылды деп танылған) мүше мемлекеттің уәкілетті органы актінің жобасын пысықтау немесе актіге өзгерістер енгізу (оның күші жойылды деп тану) туралы хабарламаны басқа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарына және Комиссияға актінің жобасы пысықталған немесе актіге өзгерістер енгізу (оны күші жойылды деп тану) туралы шешімге қол қойылған (шешім қабылданған) күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жібереді.

      41. Консультациялардың хаттамасын жауапты департамент ресімдейді, Комиссия Алқасының мүшесі бекітеді және консультациялар жүргізілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде мүше мемлекеттердің үкіметтері мен уәкілетті органдарға жіберіледі.

IV. Актілердің күшін жою қажеттігі туралы шешімдер қабылдау

      42. Актінің күшін жою қажеттігі туралы шешімді Комиссия Алқасы қабылдайды.

      43. Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібіне актінің күшін жою қажеттігі туралы мәселені қосу туралы ұсыныс (бұдан әрі – актінің күшін жою туралы ұсыныс) Комиссия жұмысының регламентінде көзделген тәртіппен енгізіледі және актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылданады.

      44. Егер осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген қорытындыда актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін негіздердің болуы туралы тұжырым жасалса, Комиссия осы актінің күшін жою қажеттігі туралы Комиссия Алқасы шешімінің жобасын дайындайды.

      45. Актінің күшін жою туралы ұсыныс Комиссия Алқасының отырысында мәселелерді қарау үшін Комиссия жұмысының регламентінде көзделген, сондай-ақ Хаттаманың 33-тармағының бірінші және екінші абзацтары мен осы Тәртіптің 49-тармағында белгіленген рәсімдерді жүргізу үшін қажетті мерзімдер ескеріле отырып енгізіледі.

      46. Комиссия Алқасы отырысының күн тәртібіне енгізілген және Комиссия жұмысының регламентіне сәйкес дайындалған актінің күшін жою қажеттігі туралы мәселе бойынша құжаттар мен материалдардың жиынтығына консультациялар хаттамасы, құжаттар (материалдар) (болған кезде), сондай-ақ осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген қорытынды қоса беріледі.

      47. Комиссия Алқасы осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген қорытындыны ескере отырып, актінің күшін жою қажеттігінің болуы не жоқ екені туралы шешім қабылдайды. Комиссия Алқасының көрсетілген шешімінде құпия ақпаратты қоспағанда, қорытындының тұжырымдары көрсетілуге тиіс.

      48. Комиссия Алқасының актінің күшін жою қажеттігі туралы шешімі Комиссия жұмысының регламентіне сәйкес күшіне енеді.

      49. Комиссия Алқасы актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, мүше мемлекет Хаттаманың 33-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай актіге тиісті өзгерістер енгізуді (оның күші жойылды деп тануды) қамтамасыз етеді.

      50. Комиссия Алқасы актісіне қатысты оның күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдаған мүше мемлекеттің уәкілетті органы актіге өзгерістер енгізу (оның күші жойылды деп тану) туралы хабарламаны мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, уәкілетті органдар мен Комиссияға актіге өзгерістер енгізу (оның күші жойылды деп тану) туралы шешімге қол қойылған (шешім қабылданған) күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жібереді.

  Еуразиялық экономикалық комиссияның
  мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық)
  сатып алу саласында ұлттық режимнен алып
  қоюды белгілеуі жөнінде актілер қабылдау
  туралы Еуразиялық экономикалық одаққа
  мүше мемлекеттердің хабарламаларын, мүше
  мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою
  мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау,
  сондай-ақ Комиссияның осындай актілердің
  күшін жою қажеттігі туралы шешімдер
  қабылдау тәртібіне
  № 1 ҚОСЫМША

Хабарламалар мен өзге де ақпараттың электрондық көшірмелерін жіберу үшін электрондық пошта мекенжайларының ТІЗБЕСІ

      Армения Республикасы - secretariat@minfm.am

      Беларусь Республикасы- mail@mintorg.gov.by

      Қазақстан Республикасы - administrator@minfin.gov.kz

      Қырғыз Республикасы - minfm@minfin.kg

      Ресей Федерациясы - mineconom@economy.gov.ru

      Еуразиялық экономикалық комиссия - info@eecommission.org


  Еуразиялық экономикалық комиссияның мүше
  мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып
  алу саласында ұлттық режимнен алып қоюды
  белгілеуі жөнінде актілер қабылдау туралы
  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің
хабарламаларын, мүше
мемлекеттердің осындай актілердің күшін жою мәселелері
  жөніндегі өтініштерін қарау, сондай-ақ Комиссияның
  осындай актілердің күшін жою қажеттігі
  туралы шешімдер қабылдау тәртібіне
  № 2 ҚОСЫМША

Актіні қабылдау қажеттігін негіздеу және актінің күшін жою туралы өтініш жасау үшін ұсынылатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия актінің күшін жою қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін негіздердің болуы не жоқ екені туралы қорытынды дайындау үшін пайдаланатын көрсеткіштер мен мәліметтердің ТІЗБЕСІ

      1. Тауарды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) тұтыну көлемі *

      2. Мүше мемлекетке қатысты және қажет болған кезде үшінші елдерге қатысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) әкелу және әкету көлемі *

      3. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) мемлекеттік сатып алу көлемі*

      4. Тауарды өндіру (жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі) көлемі **

      5. Тауар өндірушілердің өндірістік қуаттылығын жүктеу**

      6. Тауарды өндіру рентабельділігі**

      7. Тауар (жұмыстар,қызметтер көрсету) бірлігін өндіруге жұмсалатын шығындар **

      8. Тауарды (жұмыстар,қызметтер көрсету) өндірушілер бағасының орташа деңгейі **

      9. Инвестициялар көлемі**

      10. Ұлттық режимнен алып қоюға жол берілетіндігі және қажеттігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін, тауардың (жұмыстар,қызметтер көрсету) өзіне тән сипаттамалары

      *Көрсеткіштің мәнін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет береді және Еуразиялық экономикалық комиссия осы мемлекет аумағы бойынша тұтастай есептейді.

      **Көрсеткіштің мәнін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет береді және Еуразиялық экономикалық комиссия осы мемлекеттің өндірушілері бөлінісінде (ұлттық экономика салалары бойынша) есептейді.

      Ескертпе. Көрсеткіштер мен мәліметтер жеткілікті болып табылады, бірақ олар түбегейлі емес, әдетте, алдағы 3 жылдық кезеңге беріледі және қажет болған кезде, статистикалық есептілік немесе бухгалтерлік баланс деректерімен расталады, сондай-ақ ағымдағы кезеңге арналған болжамды көрсеткіштер ұсынылады.

      Көрсеткіштер бойынша деректер мен мәліметтер болмаған жағдайда, бұл жөніндегі ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің үкіметі немесе уәкілетті орган себептерін көрсете отырып ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады