ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Шешім 02.12.2015 ж. қолданысқа енгізіледі - Еуразиялық экономикалық Одақтың сайты
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 15 шешімін орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі А.А. Слепнев бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз жүргізуші делегациясының (бұдан әрі – келіссөз жүргізуші делегация) басшысы болып тағайындалсын және оған келіссөз жүргізуші делегацияның жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
2. Келіссөз жүргізуші делегация бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай халық Республикасы арасында сауда экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы Қытай Халық Республикасымен келіссөздер жүргізуге арналған директиваларды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауы үшін енгізу мақсатында, оларды дайындалсын.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев О.Панкратов И.Шувалов |