Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне №1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 20152016 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы" 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11 шешімін орындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың макроэкономикалық саясатының 2015-2016 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі ісшаралар тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде тізбеде көрсетілген ісшараларды ескеруге және олардың іске асырылу барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуге ұсыным жасалсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері міндеттер бөлінісіне сәйкес Комиссияның тізбеде көзделген іс-шараларды орындауын үйлестірсін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2015-2016 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған шараларға талдау жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев В.Диль И.Шувалов |
Еуразиялық экономикалық | |
комиссия Кеңесінің 2015 жылғы | |
14 қазандағы № 31 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2015-2016 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ТІЗБЕСІ
Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған ісқимылдар | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жүзеге асыру үшін ұсыным жасалатын ісшаралар | Еуразиялық экономикалық комиссияның жүзеге асыратын ісшаралары | Еуразиялық экономикалық комиссияның жауапты департаменттері | Күтілетін экономикалық әсер |
І. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету | ||||
1-бағыт. Баға тұрақтылығына қол жеткізу | ||||
Әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағалардың едәуір өсуіне жол бермеу | әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсетуге көтерме және бөлшек бағалардың деңгейіне тұрақты мониторингті, сондайақ босату бағаларына саудалық көтерме және бөлшек үстеме белгілеуге бақылауды жүзеге асыру | әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағалардың едәуір өсуіне жол бермеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) ісқимылдары мониторингі | Макроэкономикалық саясат департаменті | әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағалардың едәуір өсуін ұстап тұруға жәрдемдесу мүше мемлекеттердегі инфляция деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесу |
Мүше мемлекеттер аумақтарындағы бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасы мен бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу | мүше мемлекеттердің аумағында монополияға қарсы заңнама мен бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу, оның ішінде бағаның негізсіз өсуіне әкелетін бұзушылықтарды анықтау мақсатында мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) бақылауды жүзеге асыру және монополияға қарсы тиісті ден қою шараларын қабылдау қажет болған жағдайда бәсекелестікті дамыту бағдарламаларын қабылдау | егер мұндай бұзушылықтар трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке, оның ішінде бағаның негізсіз өсуіне әкелетін жағымсыз әсер ететін немесе етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттер шаруашылық субъектілерінің бәсекелестіктің ортақ қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру трансшекаралық тауар нарықтарына, осы нарықтарға басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің тауарларының енуіне кедергі жасайтын шектеулерді талдау | Монополияға қарсы реттеу департаменті, Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті | мүше мемлекеттердегі инфляция деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесу |
Олардың тұтынушылары мен өндірушілері мүдделерінің теңгерімінің сақталуын есепке ала отырып, табиғи монополиялардың қызметтер көрсетуіне тарифтерді экономикалық негізді түрде реттеу | реттелетін қызметтер көрсетуге тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру кезінде табиғи монополиялар тұтынушылары мен субъектілері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету белгіленетін тарифтердің (бағалардың) табиғи монополиялар салаларындағы реттеу қолданылатын қызметтер көрсету сапасына сәйкестігін қамтамасыз ету табиғи монополиялар субъектілеріне шығындарды қысқарту, жаңа технологиялар енгізу, инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыру тиімді болатын экономикалық жағдайлар жасау | мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу | Көлік және инфрақұрылым департаменті | мүше мемлекеттердегі инфляция деңгейін ұстап тұруға жәрдемдесу |
2-бағыт. Мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды жандандыру | ||||
Ұлттық валюталарда депозиттер қалыптастыруды ынталандыратын экономикалық жағдайлар жасау | жеке және заңды тұлғалардың ұлттық валюталарда депозиттер ашуын ынталандыру мен қолдау жөнінде шаралар қабылдау | ұлттық валюталарда депозиттер қалыптастыруды ынталандыратын экономикалық жағдайлар жасау бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылдары мониторингі | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттер экономикаларында ұлттық валюталар рөлінің көтерілуі |
Ішкі нарықта шартты бірліктерде немесе үшінші елдердің ұлттық валюталарында баға белгілеуге тыйым салу енгізу | ішкі нарықта тауарларға және қызметтер көрсетуге шартты бірліктерде немесе үшінші елдердің ұлттық валюталарында баға белгілеуге тыйым салуды енгізу және (немесе) оның сақталуын қамтамасыз ету | ішкі нарықта шартты бірліктерде немесе үшінші елдердің ұлттық валюталарында баға белгілеуге тыйым салуды енгізу және (немесе) оның сақталуын қамтамасыз ету бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылдары мониторингі | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттер экономикаларында ұлттық валюталар рөлінің көтерілуі |
Валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге тәсілдерді келісу | валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге келісілген тәсілдер туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісуді жүргізу және оған қол қою үшін ырықтандыру шаралары мен мемлекетішілік рәсімдер қабылдау | мемлекетішілік келісім өткізу мен ішкі мемлекеттік рәсімдер шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы мен Кеңесінің қарауы үшін материалдар дайындау | Қаржылық саясат департаменті | валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамамен айқындалатын шаруашылық қызмет талаптарының жақындасуы |
Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру | Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде өзара есеп айырысу үшін ұлттық валюталарды пайдалануды ынталандыру бойынша жағдайлар жасау жөніндегі халықаралық тәжірибені қолдану | сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде өзара есеп айырысу үшін ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейтуге жағдайлар жасау бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті | Одақ шеңберінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық валюталарда есеп айырысулар үлесінің ұлғаюы мүше мемлекеттер экономикаларында ұлттық валюталар рөлінің көтерілуі |
Мүше мемлекеттер резиденттерінің арасында төлемдік-есеп айырысу қатынастары тетігін жетілдіру | мүше мемлекеттер ұлттық (орталық) банкілерінің ұлттық төлем жүйесін дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы келісім жобасын дайындауы | мүше мемлекеттер резиденттерінің арасында төлемдік-есеп айырысу қатынастары тетігін жетілдіру мониторингі Мүше мемлекеттер резиденттерінің арасында төлем-есеп айырысу қатынастары тетігін жетілдіру мәселелері бойынша Мемлекетаралық банкпен ынтымақтастық | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | өзара есеп айырысу үшін транзакциялық шығындарды азайту және бүкіл Одақ аумағында төлемдік қызметтер көрсетуіне қолжетімділікті қамтамасыз ету |
Мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық бақылау саласындағы ісқимылды үйлестіруді күшейту | мүше мемлекеттердің уәкілетті валюталық бақылау органдарының өзара ісқимылы қаржы нарығы жөніндегі консультативтік комитет жанындағы мүше мемлекеттер аумақтарында валюталық реттеу мен валюталық бақылау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысу | қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет жанындағы мүше мемлекеттер аумақтарында валюталық реттеу мен валюталық бақылау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткізу мүше мемлекеттер аумақтарында валюталық бақылау мәсәлелері бойынша анықтамалық-талдамалық материалдар дайындау | Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің валюталық заңнамасында айқындалатын шаруашылық қызмет талаптарының жақындасуы |
3-бағыт. Бюджет жүйелерінің тепе-теңдігін қолдау | ||||
Салық жүйесін жетілдіру және салықтық әкімшілік ету тиімділігін арттыру жолымен бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту | неғұрлым сезімтал акциздік тауарлар бойынша акциздер мөлшерлемелерін үндестіру (жақындастыру) өзара саудада қосылған құнға салық салу жүйесін (оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып) одан әрі жетілдіру салық төлеушінің салық органына тауарларды әкелу мен жанама салықтар төлеу туралы өтінім беруі кезінде электрондық құжат айналымын енгізу | бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылы мониторингі салық төлеушінің салық органына тауарларды әкелу мен жанама салықтар төлеу туралы өтінім беруі кезінде сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының электрондық құжат айналымын енгізуі бойынша ақпарат алмасу үшін іс-шаралар ұйымдастыру | Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттерде салықтық әкімшілік ету тиімділігінің артуы мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті тапшылығының (профицитінің) белгіленген мәнін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттердің кіріс бөлігінің ұлғаюы |
Заңсыз қаржылық операцияларға қарсы ісқимылға бағытталған шаралар әзірлеу және іске асыру | заңсыз қаржылық операцияларды салықтық бақылау құралдарын енгізу мына: резидент мүше мемлекеттермен жасасқан сыртқы сауда келісімшарттары туралы ақпаратпен; импорттаушы (экспорттаушы) мүше мемлекеттердің деректері бойынша өзара саудада тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтермен алмасу тәртібі бойынша халықаралық келісімдер әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау | заңсыз қаржылық операцияларға қарсы ісқимылға бағытталған шаралар әзірлеу және іске асыру бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі халықаралық келісімдер жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарын құру, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сарапшыларының кеңестерін ұйымдастыру | Қаржылық саясат департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті | мүше мемлекеттер бюджеттері кірістерінің ұлғаюы мүше мемлекеттерде салықтық әкімшілік ету тиімділігінің артуы |
Дамудың басым бағыттарына ресурстарды шоғырландыру есебінен бюджет шығыстарын оңтайландыру | сыртқы міндеттемелерді сөзсіз орындау және бюджет саясатының әлеуметтік бағыттылығын сақтау кезінде тиімсіз шығындарды болдырмау есебінен бюджет шығыстарын оңтайландыру | дамудың басым бағыттарына ресурстарды шоғырландыру есебінен бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті тапшылығының (профицитінің) белгіленген мәнін сақталуын қамтамасы ету мақсатында мемлекеттік бюджеттердің шығыс бөлігін оңтайландыру |
Үкіметаралық қарыздар беру құралдарын жетілдіру | үкіметаралық қарыздар беру құралдарын пайдаланудың халықаралық тәжірибесін зерделеп, талдау және оларды Одақ шеңберінде қолдану мүмкіндігін қарау | үкіметаралық қарыздар беру құралдарын жетілдіру бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің бюджет жүйелері теңгерімінің қамтамасыз етілуі |
Үшінші елдердегі төмен салық юрисдикцияларын пайдалануға қарсы іс-қимыл | негізсіз преференциялар мен негізсіз салық пайдаларын алу мақсатында үшінші елдердегі төмен салық юрисдикцияларын пайдаланудың жолын кесу тетіктерін жасау төмен салық юрисдикцияларын пайдалануға қарсы ісқимыл мақсатында мүше мемлекеттердің салық заңнамасының нормаларын жетілдіру | үшінші елдердегі төмен салық юрисдикцияларын пайдалануға қарсы іс-қимыл бойынша мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі төмен салық юрисдикцияларын пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық реттеу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және талдау | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | мемлекеттік бюджеттердің кіріс бөлігінің ұлғаюы мүше мемлекеттерден капиталдың сыртқа ағымының төмендеуі |
4-бағыт. Банк жүйелерінің орнықтылығын арттыру | ||||
Ұлттық валюталарда өтімділікті, оның ішінде қажет кезінде қолданылатын құралдарды кеңейту жолымен, қолдау жөнінде шаралар қабылдау | банктердің кредиттік ұйымдардың өтімділігін қамтамасыз ететін резервтерін құру жөніндегі қызметін реттеу өтімділікті қолдаудың қолданылатын құралдарын кеңейту саласында халықаралық тәжірибені зерделеу | ұлттық валюталарда өтімділікті, оның ішінде қажет кезінде қолданылатын құралдарды кеңейту жолымен, қолдау жөнінде мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің қаржылық жүйесі өтімділігінің қамтамасыз етілуі |
Проблемалық активтерді басқару институттарын құру мүмкіндігін қарау | "жаман қарыздар" банктерін құру жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу, оларды мүше мемлекеттерде ұйымдастырудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттердің проблемалық активтерді басқару институттарын құру мүмкіндігін қарау жөніндегі ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің банк жүйелері орнықтылығының артуы |
Жүйе құраушы банктерді толық капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау | жүйе құраушы банктерді, оның ішінде резервтік қорлар қаражатын пайдалана отырып, толық капиталдандыру жөнінде ұсыныстар дайындау және шаралар қабылдау | мүше мемлекеттердің жүйе құраушы банктерді толық капиталдандыру жөніндегі ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің банк жүйелері орнықтылығының артуы экономиканың басым салалары ұйымдарын кредиттеудің қажетті деңгейінің ұстап тұрылуы басым инфрақұрылым жобаларын қаржыландырудың қамтамасыз етілуі |
Депозиттерді сақтандыру өтемінің шекті сомаларын ұлғайту | мүше мемлекеттердегі экономикалық ахуалды ескере отырып, депозиттерді сақтандыру өтемінің шекті сомаларын ұлғайту туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау | мүше мемлекеттердің депозиттерді сақтандыру өтемінің шекті сомаларын ұлғайту жөніндегі ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті | депозиттердегі ақшалай қаражат көлемінің ұлғаюы |
ІІ. Экономикалық өсімді орнықты дамыту және қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау | ||||
1-бағыт. Экономиканы әртарапандыру (оның ішінде Одақтың интеграциялық әлеуетін іске асыруды ескере отырып) | ||||
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) іске асыру шеңберінде Одақтың интеграциялық әлеуетін пайдаланудың басым бағыттарын таңдау жөнінде жұмыс жүргізу | Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін қалыптастыру мен бағалау үшін елдік және еларалық "Шығындар-Шығарылым" кестесін пайдалану жөніндегі сараптама тобының жұмысына қатысу | Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін қалыптастыру мен бағалау үшін елдік және еларалық "Шығындар-Шығарылым" кестесін пайдалану жөніндегі сараптама тобының жұмысын ұйымдастыру | Макроэкономикалық саясат департаменті, Статистика департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті, Агроөнеркәсіптік саясат департаменті, Көлік және инфра құрылым департаменті, Энергетика департаменті, Сауда саясаты департаменті, Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті, Ішкі нарықты қорғау департаменті | Одақтың интеграциялық әлеуетінің қалыптасуы |
Одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын әзірлеу және келісу | Одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жобасын одан әрі әзірлеу және келісу үшін ұсыныстар дайындау | Одақ шеңберінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жобасын әзірлеу кезінде арнайы жұмыс тобы қызметін консультативтік қолдау мен үйлестіру | Өнеркәсіптік саясат департаменті | Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жандануы және мүше мемлекеттер өнеркәсібінің дамуы |
Инновациялық белсенділікті ынталандыру | еуразиялық технологиялық тұғырнаманы (бұдан әрі – ЕТТ), оларды қаржыландыру тетіктері жөніндегі ұсыныстарды қамти отырып, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі туралы ереже жобасын әзірлеу қажет болған жағдайда бірлескен семинарлар, конференциялар, бизнес-диалогтар және т.б. түрінде тәжірибелер мен технологиялар алмасу бойынша ұйымдастыру ісшараларын өткізу | мүше мемлекеттердің инновациялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі ісқимылы мониторингі мүше мемлекеттердің қызметін консультативтік қолдау мен үйлестіру Одақ органдарының қарауына әзірленген құжаттар жобаларын енгізуді қамтамасыз ету | Өнеркәсіптік саясат департаменті | инновациялық өнімнің жалпы көлеміне шаққанда ЕТТ жобалары шеңберінде шығарылған инновациялық өнім үлесінің өсуі инновациялық салада тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін жағдайлардың жасалуы инновациялық инфрақұрылымның дамуы, инновациядағы инвестициялардың өсуі |
Жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды ынталандыру мақсатында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу тетіктерін әзірлеу | ұсыныстар дайындау және мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2020 жылға дейінгі перспективалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізбесін келісу мүше мемлекеттердің бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2020 жылға дейінгі перспективалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізбесін қалыптастыру және осы тізбе бойынша Комиссия Алқасының ұсынымын қабылдау мүше мемлекеттердің бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін қалыптастыру мәселесі бойынша мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіру | Агроөнеркәсіптік саясат департаменті Агроөнеркәсіптік саясат департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті | инновациялық дамуды ынталандыру бойынша күш-жігерді біріктіру есебінен ынтымақтастықтың тереңдеуі және жаңа технологиялардың дамуы |
2-бағыт. Іскерлік белсенділікті қолдау | ||||
Экономиканың нақты секторлары мен қызметтер көрсету саласының кәсіпорындарына салық жүктемесін өсіруге жол бермеуге ұмтылу | қажет болған жағдайда экономиканың нақты секторлары мен қызметтер көрсету саласының кәсіпорындарына салық жүктемесін тұрақтандыру жөнінде ұлттық деңгейде шаралар қабылдау | экономиканың нақты секторлары мен қызметтер көрсету саласының кәсіпорындарына салық жүктемесінің айтарлықтай өсуіне жол бермеу жөніндегі мүше мемлекеттердің ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | кәсіпорындардың қаржышаруашылық қызметі жағдайларының жақсаруы |
Шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыру | мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнамасын шаруашылық субъектілерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу өлшемшарттары бөлігінде жақындастыру мәселелерін талқылау қажет болған жағдайда орта және шағын бизнес кәсіпорындарына салық жүктемесін өсіруге немесе төмендетуге жол бермеу жөнінде ұлттық деңгейде шаралар қабылдау | халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнамасын шаруашылық субъектілерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу өлшемшарттары бөлігінде жақындастыру бағыттарын айқындау мәселесі бойынша Комиссия мен мүше мемлекеттер сарапшыларының жұмыс кеңестерін ұйымдастыру және өткізу мүше мемлекеттердің орта және шағын бизнес кәсіпорындарына салық жүктемесін өсіруге немесе төмендетуге жол бермеу жөніндегі іс-қимылы мониторингі | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Қаржылық саясат департаменті | шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мүше мемлекеттер аумақтарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы |
Бизнесті жүргізу жайлылығының халықаралық рейтингтердегі мүше мемлекеттер позицияларының жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар қабылдау | мүше мемлекеттерде бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша іс-қимылдарды іске асыру | мүше мемлекеттердің бизнесті жүргізу жайлылығының халықаралық рейтингтеріндегі мүше мемлекеттер позицияларының жақсаруын қамтамасыз ететін ісқимылы мониторингі | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | бизнесті жүргізу жайлылығы халықаралық рейтингтеріндегі мүше мемлекеттер позицияларының жақсаруы |
Мүше мемлекеттердің үздік практикалар мен ұлттық даму институттарының өзара ісқимылы тетіктерін қалыптастыру негізінде шаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ұлттық жүйелерін жетілдіру | қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында шаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ұлттық жүйелерінің жұмыс істеуін зерделеу мен тәжірибе алмасу мүше мемлекеттердің ұлттық даму институттарының өзара ісқимылы тетіктерін қалыптастыру мүмкіндіктерін қарау мақсатында ұлттық даму институттары қызметі саласында халықаралық практиканы зерделеу | шаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ұлттық жүйелерінің жұмыс істеуі мен оны жетілдіру және даму институттарының өзара ісқимылының тетіктерін қалыптастыру бойынша үздік халықаралық практикаларды талдау жүргізілген талдау бойынша ұсыныстар тұжырымдау | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Қаржылық саясат департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті, Агроөнеркәсіптік саясат департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті | мүше мемлекеттер аумақтарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы |
3-бағыт. Қаржы қаражаты көздерін кеңейту және кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру | ||||
Экономиканың анағұрлым маңызды секторларына айналымдық және инвестициялық ресурстарды тарту үшін мүмкіндіктер жасау | мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің басқа мүше мемлекеттердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар дайындау мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері мен Комиссияның ынтымақтастықтың бағыттары мен нысандарын тұжырымдау, ықтимал кедергілерді айқындау мен мүше мемлекеттер арасындағы кредит тарихы құрамына кіретін мәліметтермен алмасу бойынша өзара ісқимыл тетіктерін әзірлеу жөніндегі консультацияларына қатысу үшінші тараптармен оңтайлы құндағы кредиттік ресурстарды тарту туралы келіссөздер жүргізу | мүше мемлекеттердің экономиканың анағұрлым маңызды секторларына айналымдық және инвестициялық ресурстарды тарту үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі іс-қимылы мониторингі мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері мен Комиссияның ынтымақтастықтың бағыттары мен нысандарын тұжырымдау, ықтимал кедергілерді айқындау мен мүше мемлекеттер арасындағы кредит тарихы құрамына кіретін мәліметтермен алмасу бойынша өзара ісқимылы туралы келісім жобасын әзірлеу жөніндегі консультацияларын ұйымдастыру | Макроэкономикалық саясат департаменті Қаржылық саясат департаменті | кәсіпорындардың қаржышаруашылық қызметінің жағдайларының жақсаруы |
Басым жобаларға кредиттік қаражатты мақсатты бөлу және оларды алушыға тиімді жеткізу тетіктерін одан әрі дамыту | басым жобаларға кредиттік қаражатты мақсатты бөлуге бақылауды жоғарлату және оларды алушыға дейін тиімді жеткізу | мүше мемлекеттердің басым жобаларға кредиттік қаражатты мақсатты бөлу және оларды алушыға тиімді жеткізу тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі ісқимылы мониторингі | Макроэкономикалық саясат департаменті | басым жобаларға бөлінген кредиттік қаражатты пайдалану тиімділігінің артуы |
Өндірістік сала кәсіпорындарының негізгі капиталына жекеше инвестициялардың өсуі үшін жағдайлар жасау | ұлттық капитал нарығын тиімді дамыту мен жекеше инвестициялар тарту мақсатында қолайлы салық ахуалын жасау үшін қажетті ұлттық деңгейде шаралар қабылдау қажет болған жағдайда, шаруашылық субъектілері мүше мемлекеттердегі көздерден алып, тиісті салықтарын төлемей, бұрын шетел юрисдикциясына шығарылған кірістерін мүше мемлекеттер юрисдикциясына қайтару шартымен оларды жауапкершіліктен босатуды, сондайақ мұндай актілерді жетілдіруді көздейтін жекеше капиталға "рақымшылық жасау" туралы мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін қабылдау | мүше мемлекеттердің өндірістік сала кәсіпорындарының негізгі капиталына жекеше инвестициялардың өсімі үшін жағдайлар жасау жөніндегі ісқимылы мониторингі | Қаржылық саясат департаменті | өндірістік сала кәсіпорындарының негізгі капиталына жекеше инвестициялардың өсуі |
Үздік халықаралық практикалар мен мүше мемлекеттер практикаларын ескере отырып, мүше мемлекеттердің мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктерін қолдану саласын регламенттейтін заңнамасын жетілдіру | мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктері мен құралдарын дамыту перспективасын бағалау мақсатында мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктерін қолданудың мүше мемлекеттер тәжірибесі мен халықаралық практикаларын талдау | мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктерін қолдану тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру және жобаларды іс жүзінде іске асыру кезінде пайдалану үшін мемлекеттік-жекеше әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің консультацияларын ұйымдастыру | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | Одақ аумағында мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын жүзеге асырудың оңтайлы тетіктерін енгізу үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы |
Өңірлік даму институттарының қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануды жандандыру (Еуразия тұрақтандыру және даму қоры, Еуразия даму банкі) | Еуразия тұрақтандыру және даму қоры мен Еуразия даму банкінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдаланудың ықтимал бағыттары жөнінде ұсыныстар дайындау | Еуразия тұрақтандыру және даму қорымен және Еуразия даму банкімен консультациялар ұйымдастыру | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | ірі ұлттық және интеграциялық инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету |
4бағыт. Өзара сауданы жандандыру | ||||
Мүше мемлекеттердің арасында, экспортты сақтандыру мен кредиттеуді қоса алғанда, сауда қатынастарын дамыту үшін тиімді қаржылық тетіктерді пайдалану | мүше мемлекеттердің өзара саудасында экспортты кредиттеу мүмкіндіктерін қарау, экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру институттарының ынтымақтастығын дамыту, сондайақ өзара саудада сақтандыру тетіктерін дамыту | мүше мемлекеттердің арасындағы сауда қатынастарын дамыту үшін олардың қаржылық тетіктерді жетілдіру мен пайдалану жөніндегі ісқимылыі мониторингі | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | сауда мәмілелеріне қатысушылардың кәсіпкерлік және саяси тәуекелдерден қорғалуын арттыру есебінен өзара сауда көлемінің өсуі |
Шаруашылық субъектілерінің Одақ нарығына өзара қол жеткізуіндегі алып қоюлар мен шектеулерді, оның ішінде кедергілерді анықтау мен жою жөніндегі жұмысты жалғастыру | мүше мемлекеттер шаруашылық субъектілерінің өзара қолжетімділігі үшін одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау Шарт ережелері мен Одақ құқығына кіретін басқа да актілерді ескере отырып, шаруашылық субъектілерінің Одақ нарығына өзара қолжетімділігі үшін кедергілерді жоюға бағытталған ісшараларды мүше мемлекеттердің дербес, сондайақ Комиссиямен бірлесіп жүзеге асыруы жөніндегі жұмысты жалғастыру мүше мемлекеттер заңнамасында жаңа кедергілердің белгіленуіне жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдау мүше мемлекеттердің заңнамасында қабылданатын актілердің одақ құқығына сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде сараптама өткізу туралы нормаларды бекіту | мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарымен және бизнес қоғамдастығымен бірлесіп алып қоюларды, шектеулер мен кедергілерді анықтау мен жою жөнінде жұмыс жүргізу алып қоюлардың, шектеулер мен кедергілердің мүше мемлекеттер экономикасына әсерін бағалау алып қоюларды, шектеулер мен кедергілерді анықтау мен жоюды талдау алып қоюларды, шектеулер мен кедергілерді анықтау мен жою жөніндегі жүргізілген жұмыс қорытындылары туралы мүше мемлекеттерді хабардар ету кедергілерді жою нәтижелері туралы мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастығын хабардар ету | Интеграцияны дамыту департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті, Монополияға қарсы реттеу департаменті, өз құзыреттеріне сәйкес департаменттер | мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы |
Мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азықтүліктерінің негізгі түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныс болжамдарын дайындау | мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азықтүліктерінің негізгі түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныс болжамдарын әзірлеп, комиссияға уақтылы табыс ету | мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азықтүліктерінің негізгі түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныстың бірлескен болжамдарын дайындауы кезіндегі қызметін үйлестіру | Агроөнеркәсіптік саясат департаменті | мүше мемлекеттер экономикасы аграрлық секторын дамыту жайкүйінің бағалануы мен басымдықтарының айқындалуы |
Ауыл шаруашылығының сезімтал тауарлары тізбесін қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізу | ауыл шаруашылығының сезімтал тауарлары тізбесін келісу мүше мемлекеттердің бірбіріне және Комиссияға ауыл шаруашылығының сезімтал тауарларының әрқайсысы бойынша өндірістерді дамыту жоспарларын (бағдарламаларын) ұсынуы ауыл шаруашылығы сезімтал тауарларына қатысты мәселелер бойынша консультацияларға қатысу | мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығының сезімтал тауарлары тізбесін қалыптастыру кезіндегі қызметін үйлестіру мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығының сезімтал тауарларына қатысты мәселелер бойынша консультацияларын ұйымдастыру | Агроөнеркәсіптік саясат департаменті | ауыл шаруашылығының сезімтал тауарларының әрқайсысы бойынша өндірістерді дамыту бағдарламаларын жоспарлау сапасын арттыру |
Одақтың ортақ газ, мұнай, мұнай өнімдері мен электр энергиясы нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру | Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу, келісу және бекіту Одақтың ортақ мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу, келісу және бекіту Одақтың ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу, келісу және бекіту | Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу мен мақұлдау Одақтың ортақ мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу және мақұлдау Одақтың ортақ электр энергиясы өнімдерінің нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу мен мақұлдау | Энергетика департаменті | энергетика саласының өзара сауда көлемдерінің ұлғаюы мен бәсекеге қабілеттілігінің артуы (ортақ нарықтар жұмыс істей бастағаннан кейін) |
Қабылдаған әдіснама негізінде Одақ газының, мұнайы мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансын әзірлеу | Одақ шеңберінде Газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансын қалыптастыру әдіснамасы туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісуді, аталған Келісім жобасы бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу және оған мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қол қоюы қабылданған Әдіснама негізінде мүше мемлекеттердің газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансын әзірлеп, оларды комиссияға ұсыну. Одақтың газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансын келісу | Одақ шеңберінде Газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансын қалыптастыру әдіснамасы туралы келісім жобасын Комиссия Кеңесінің мақұлдауы және құжатты мемлекетішілік рәсімдерден өткізу үшін жолдау қабылданған әдіснама негізінде Одақтың газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамдық) балансын қалыптастыру | Энергетика департаменті | энергия жеткізгіштердің өзара сауда көлемінің ұлғаюы мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігінің артуы |
5-бағыт. Сыртқы сауданы дамыту және өткізу нарықтарын әртараптандыру | ||||
Одақ тауарларының экспортын ілгерілетуге бағытталған кедендік реттеу саласындағы әкімшілік рәсімдерін оңайлату | электрондық декларациялау жүйесін, уәкілетті экономикалық оператор институтын дамыту, тауарларды кедендік декларациялау үшін қажетті құжаттар саны бойынша талаптарды қысқарту, электрондық құжаттарды пайдалануға кезеңкезеңмен көшу, ведомствоаралық өзара ісқимылды дамыту, көліктің шекараларда тұрып қалуын қысқарту арқылы сауда мен көлікке арналған шығындарды төмендету, кеден операцияларын жасау уақытын қысқарту, транзит рәсімін оңайлату | мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде кедендік реттеу саласындағы рәсімдерді оңайлату мен жеделдетуге бағытталған Кеден кодексін дайындауға және Одақ құқығына кіретін актілерді қабылдау Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің ережелерін іске асыруға бағытталған, Одақ құқығына кіретін актілерді әзірлеу және оны мүше мемлекеттермен келісу | Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті, Сауда саясаты департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде кедендік реттеу саласындағы рәсімдерді жеделдету мен оңайлатуға бағытталған, Кеден кодексін дайындау кеден операцияларын жасау үшін қажетті, оның ішінде уақытша, шығындардың қысқаруы |
Мемлекеттік бақылау нысандарының тиімділігін арттыру кезінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік рәсімдердің ұсыну уақытын, құнын және санын қысқартуға бағытталған шараларды іске асыру | сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талдау және электрондық құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру мақсатында Одақ құқығына кіретін актілер мен мүше мемлекеттер заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігін бағалау электрондық құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру мақсатында Одақ құқығына кіретін актілер мен мүше мемлекеттер заңнамасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талдау және электрондық құжаттарды рәсімдеуді ұйымдастыру мақсатында Одақ құқығына кіретін актілер мен мүше мемлекеттер заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігін бағалау сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттардың форматы мен құрылымын міндетті бекітуді көздейтін Одақ органының актілері жобасын әзірлеу | Кедендік құрылым департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті, Сауда саясаты департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті, Қаржылық саясат департаменті | сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары шығындарының қысқаруы |
Сыртқы қызметті реттеу жүйесінде "бір терезе" тетігін дамыту | сыртқы қызметті реттеу жүйесінде "бір терезе" ұлттық тетіктерін дамыту | "бір терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жайкүйін бағалау әдістемесін әзірлеу "бір терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жайкүйін бекітілген Әдістемеге сәйкес талдау әрбір мүше мемлекеттер бойынша сыртқы экономикалық қызметке байланысты мемлекеттік рәсімдер мен бизнеспроцестерді оңтайландыру, сондайақ "бір терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөнінде қорытындылар әзірлеу "бір терезе" ұлттық тетіктерін дамыту бойынша тәсілдерді жақындастырудың басым бағыттарын айқындау | Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік құрылым департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті, Сауда саясаты департаменті, Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті, Қаржылық саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті | Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды алып өту кезінде қажетті кедендік операциялар жасауға байланысты уақыт және құндық шығындардың қысқаруы |
Әлемдік нарықта Одақ мүдделерін ілгерілетуге бағытталған, үшінші елдермен саудаэкономикалық қатынастарды дамыту | Одақтың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру Қытай Халық Республикасымен саудаэкономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу Одақтың халықаралық қызметінің географиясын кеңейту мен тиімділігін арттыруға жәрдемдесу | Одақтың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарды келісу мен бекітуді қамтамасыз ету Қытай Халық Республикасымен саудаэкономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздерді ұйымдастыру Одақ мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық байланыстарды дамыту және халықаралық қызметті жүзеге асыру | Сауда саясаты департаменті | әлемдік нарықта мүше мемлекеттер үлесінің ұлғаюы Қытай Халық Республикасымен инвестициялық және сауда ынтымақтастығының қарқындауы Одақтың қосымша сыртқы сауда әлеуетінің анықталып, іске асырылуы |
Үшінші елдермен еркін сауда режимін орнататын шарттар жасасу жөнінде жұмыс жүргізу | бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері, екінші жағынан Вьетнам Социалистік Республикасы арасында Еркін сауда туралы келісімді ратификациялау бірлескен зерттеу топтары шеңберінде ықтимал артықшылықтар мен шығындарды бағалауды ескере отырып, мүше мемлекеттер мен үшінші елдер, оның ішінде Израиль Мемлекетімен, Үндістан Республикасымен және Мысыр Араб Республикасымен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөніндегі жұмысқа қатысу одақтың интеграциялық әлеуетін іске асыру мақсатында үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздерге қатысу мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу | бірлескен зерттеу топтары шеңберінде ықтимал артықшылықтар мен шығындарды бағалауды ескере отырып, мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында, оның ішінде Израиль Мемлекетімен, Үндістан Республикасымен және Мысыр Араб Республикасымен, еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және оған қатысу Одақтың интеграциялық әлеуетін іске асыру мақсатында үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздерді ұйымдастыру және оған қатысу мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығы туралы ұсыныстарды қарау | Сауда саясаты департаменті | мүше мемлекеттер тауарлары мен қызмет көрсетулерінің еркін сауда туралы келісімдер бойынша әріптес елдерге экспортының өсуі еркін сауда туралы келісімдер бойынша әріптес елдерден тауарлар импортына шығыстардың қысқаруы |
Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы үшінші тараптар мен ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау | Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өтетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасы бойынша Қытай Халық Республикасымен келіссөздерге қатысу және ұсыныстар дайындау үшінші тараптармен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды іске асыру бойынша ұсыныстар дайындау | Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бекіткен 2014 жылғы 12 қарашадағы № 101 директиваларға сәйкес Қытай Халық Республикасымен келіссөздер ұйымдастыру және өткізу үшінші тараптармен Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды іске асыру бойынша ұсыныстарды дайындау және қарау | Кедендік инфрақұрылым департаменті, Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті, Сауда саясаты департаменті Ақпараттық технологиялар департаменті Көлік және инфрақұрылым департаменті, | Қытай Халық Республикасымен өзара сауда көлемінің ұлғаюы Қытай Халық Республикасының шаруашылық субъектілеріне көрсетілетін көліктік қызметтер экспортының өсуі есепке алынбаған сауда көлемінің төмендеуі мен кедендік әкімшілік ету тиімділігінің артуы, кедендік кірістердің өсуі |
Үздік халықаралық практикалар деңгейінде экспортты қолдау, кредиттеу және сақтандыру тетіктерін әзірлеу | мүше мемлекеттер банктерінің консультативтік органын (кеңесін) құру қолда бар қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде мүше мемлекеттерде кооперациялық негізде өндірілген өнімдер экспортын қолдауды есепке алу мүше мемлекеттерде кооперациялық негізде өндірілген өнімдер экспортын бірлесіп қолдау мақсатында мүше мемлекеттердің даму банктері арасында кредиттеуді жүзеге асыруды жандандыру мүше мемлекеттерде кооперациялық негізде өндірілген өнімдер экспортын кредиттеуді қолдау тетіктерін дамыту ұлттық сараптамалықкредиттік агенттіктердің арасында экспорттық тәуекелдерді сақтандыру мен қайта сақтандыруды дамыту жөнінде жұмыс жүргізу, көрмелікжәрмеңкелік қызметті бірлесіп дамыту хеджирлеу құралдарын қолдану мен деривативтерді пайдалану практикасын кеңейту арқылы экспортты сақтандыру мен қолдау тәуекелдерді басқарудың нарықтық құралдары бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау | мүше мемлекеттер банктерінің консультативтік органымен (кеңесімен) ынтымақтастықты дамыту және оның жұмысына жәрдем көрсету мүше мемлекеттердің үздік халықаралық практикалар деңгейінде экспортты қолдау, кредиттеу және сақтандыру тетіктерін әзірлеп, пайдалану жөніндегі ісқимылы мониторингі | Сауда саясаты департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті Қаржылық саясат департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | мүше мемлекеттер экспорты көлемінің өсуі |
Үшінші елдер нарығына қолжетімділікті қиындататын техникалық кедергілер мен шектеу шараларын анықтау және жою | үшінші елдермен саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы халықаралық шарт жобасы бойынша ұсыныстар дайындау, көрсетілген халықаралық шарт жобасын мемлекетішілік келісуді және оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімерді жүргізу үшінші тараптардың шектеу шараларын жою мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау және Комиссиямен өзара ісқимыл жасау | үшінші елдермен саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы халықаралық шарт жобасын дайындау үшінші тараптардың мүше мемлекеттерге немесе Одаққа қатысты шектеу шаралары мониторингі, үшінші тараптардың Одаққа қатысты шектеу шараларын жою жөнінде ұсыныстар дайындау | Техникалық реттеу және аккредитация департаменті Сауда саясаты департаменті | Үшінші тараптармен сауда көлемінің ұлғаюы |
Үшінші тараптармен электрондық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сауданы дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттер мен үшінші тараптар арасында жасалатын өңірлік сауда келісімдерінің тиісті бөліміне ұсыныстар дайындау, трансшекаралық электрондық саудаға қатысты қазіргі шектеулерге мониторинг жүргізу | мүше мемлекеттер мен үшінші тараптар арасында жасалатын өңірлік сауда келісімдеріне тиісті бөлімді әзірлеу және енгізу, трансшекаралық электрондық саудаға қатысты шектеулерді алып тастау жөнінде ұсыныстар дайындау | Сауда саясаты департаменті | үшінші тараптармен сауда көлемінің ұлғаюы шаруашылық субъектілерінің негізсіз шығыстары мен экономикалық шығасыларының төмендеуі |
Транзиттік және аралас тасымалды дамыту | тасымалдаушылардың екі және одан да көп мүше мемлекеттер аумақтары бойынша транзитпен өтетін және бұрын жүзеге асырылмаған, жаңа тасымалдар жасауға мүмкіндік беретін бағыттар учаскелерінде толассыз тарифтік мөлшерлемелерін қалыптастыру мәселесі бойынша консультацияларға қатысу мүше мемлекеттерде аралас тасымалды жүзеге асыруға арналған жағдайларды талдау, халықаралық қатынастарда аралас тасымалдарды дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау транзиттік контейнерлік тасымалды, оның ішінде контейнерлік тасымалды жүзеге асырушы шаруашылық субъектілерінің қызметіне жәрдемдесу арқылы, дамыту әр түрлі көлік түрлерімен Одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар туралы алдын ала хабардар ету мәселесі бойынша консультацияларды жалғастыру | тасымалдаушылардың екі және одан да көп мүше мемлекеттер аумақтары бойынша транзитпен өтетін және бұрын жүзеге асырылмаған, жаңа тасымалдар жасауға мүмкіндік беретін бағыттар учаскелерінде толассыз тариф мөлшерлемелерін қалыптастыру мәселесі бойынша консультациялар ұйымдастыру Комиссияның консультативтік органдарының шеңберінде аралас тасымалды дамыту, мүше мемлекеттерге халықаралық бағыттарда аралас тасымалдарды дамыту мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыруға жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мүше мемлекеттердің сұрау салуы бойынша Біріккен көліклогистикалық компанияның қызметі мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыру Комиссия Алқасының үйлестірілген (келісілген) көліктік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін айқындау бойынша мүше мемлекеттердің сарапшыларынан арнайы жұмыс тобын құруы әр түрлі көлік түрлерімен Одақтың кеден аумағына әкелінген тауарлар туралы алдын ала хабардар ету мәселесі бойынша консультациялар ұйымдастыру | Көлік және инфрақұрылым департаменті, Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті Кедендік инфрақұрылым департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті | тасымалдардың қосымша көлемдерінің тартылуы Одақтың кедендік шекарасынан тауарларды алып өту кезінде қажетті кеден операцияларын жасауға байланысты уақыт және құндық шығындардың қысқаруы |