2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің станок жасау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Станок жасау жөніндегі Еуразиялық инжинирингтік орталық құру тұжырымдамасының жобасын әзірлесін және оны 2015 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген тәртіппен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына енгізсін.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан | Ресей Федерациясынан |