Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 19 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 86-бабы 5-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:

      көлік саласындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұлттық даму стратегияларын (жоспарларын, бағдарламаларын) дайындау және іске асыру кезінде Негізгі бағыттарды ескерсін;

      2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көліктің барлық түрлерімен тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі қолданыстағы шектеулерді алып тастау бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп:

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес әрбір 3 жыл сайын бекітетін іс-шаралар жоспары ("жол карталары") негізінде, оларға тиісті 3 жылдық кезең шегінен шығатын іс-шараларды енгізу мүмкіндігін, сондай-ақ ортақ көліктік қызметтер көрсету нарығын құру кезінде мүше мемлекеттердің оларды іске асырудың әртүрлі жылдамдығына жол беру мүмкіндігін ескере отырып, Негізгі бағыттарды дәйекті түрде кезең-кезеңмен іске асыруды қамтамасыз етсін;

      әуе көлігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") әзірлесін (нақты кезеңдерді, іс-шараларды және мерзімдерді көрсете отырып) және оны 2017 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын;

      Негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") әзірлесін (нақты кезеңдерді, іс-шараларды және мерзімдерді көрсете отырып) және оны 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 19 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері

І. Жалпы ережелер

      Осы Негізгі бағыттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Одақ туралы шарт), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленген және іске асырылады.

      Осы Негізгі бағыттар әртүрлі халықаралық құқықтық реттеуді, әртүрлі көлік түрлерінің технологиялық ерекшеліктерін және мүше мемлекеттердің көлік инфрақұрылымының жай-күйін ескере отырып, бірыңғай көліктік кеңістікті және автомобиль, әуе, су және теміржол көлігі саласында Одақтың ортақ көліктік қызметтер көрсету нарығын одан әрі қалыптастыру және дамыту шарттары мен кезеңдерін айқындайды.

      Одақ өз мүше мемлекеттері экономикасының жиынтық көлемі 2,2 трлн. астам АҚШ долларын құрайтын жоғары экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар, экономикалық өсуді арттыру тауар өндірісінің ұлғаймалы көлемі жағдайында тасымалдаудың өспелі сұранысын қанағаттандыру үшін көліктік қызметтер көрсетуді озық түрде дамытуды талап етеді. Әлемдік практика өнеркәсіптік өндірістің 1 пайызға өсуі тасымалдау көлемін 1,5 – 1,7 пайызға ұлғайтуды туындататынын көрсетті.

      Мүше мемлекеттердің Еуропалық одақ және Оңтүстік Азия, Қытай елдері сияқты әлемдік экономикалық ойыншылар мен нарықтар арасында табысты географиялық орналасуы олардың Одақпен интеграцияны дамытуға, оның ішінде Одақ пен Жібек жолының Экономикалық белдеуін құру процестерін ұштастыру бойынша бастамалар шеңберінде қызығушылығын тудырады.

      Мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыс көліктің барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі, олардың дамуы экономиканың басқа салаларымен (машина жасау, отын энергетикасы, аграрлық өнеркәсіп, құрылыс, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы және басқалары) өзара іс-қимылда жүзеге асырылады, бұл экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады.

      Мүше мемлекеттер осы Негізгі бағыттарға сәйкес өзінің көлік кешенінің қолда бар әлеуетін дәйекті түрде дамытады.

      Мүше мемлекеттер өз бетінше ұлттық көлік саясатын әзірлейді, қалыптастырады және іске асырады, оның ішінде көлікті дамытудың ұлттық бағдарламаларын және осы Негізгі бағыттарға қайшы келмейтін көлік саясатын іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдайды.

      Осы Негізгі бағыттардың ережелері қатысушылары олардың өздері болып табылатын, халықаралық шарттардан туындайтын, мүше мемлекеттердің құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

      Осы Негізгі бағыттардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "еуразиялық көліктік дәліз" – халықаралық көліктік дәліздер желісіне интеграцияланған, мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша өтетін және олардың анағұрлым шоғырланған бағыттарында халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды, сондай-ақ осындай тасымалдауды жүзеге асыру жиынтығының технологиялық және ұйымдастырушылық-құқықтық шарттарын қамтамасыз ететін бағдарлар жиынтығы;

      "зияткерлік көлік жүйесі" – көліктік процестердің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағдарланған көлік инфрақұрылымымен, көлік құралдарымен және пайдаланушыларымен автоматтандырудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялары мен құралдарының интеграциясы;

      "тік аралас тасымал" – барлық жүру бағдарына ресімделген бірыңғай тасымалдау құжаты бойынша екі немесе одан астам көлік түрлерін тасымалдау.

      Осы Негізгі бағыттарда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Одақ туралы шартта айқындалған мәндерде түсініледі.

ІІ. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері

      Мүше мемлекеттер бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімдік, қол жетімдік және экологиялық қағидаттарда бірыңғай көліктік кеңістікті дәйекті және кезең-кезеңмен қалыптастыруға әрі Одақ туралы шартта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көліктік қызметтерді көрсетудің тең (барабар) жағдайлары жасалатын, Одақтың ортақ көліктік қызметтер көрсету нарығын құруға бағытталған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүргізеді.

      Осы Негізгі бағыттарды іске асыруды мүше мемлекеттер:

      мүше мемлекеттердің Одақ туралы шартта бекітілген көлік мәселелері жөніндегі уағдаластығын;

      әрбір мүше мемлекеттің ұлттық мүдделерін, олардың экономикалық даму деңгейін, ұлттық көліктік қызметтер көрсету нарығын дамыту дәрежесін;

      экономиканың көлік секторын реттеу ерекшеліктерін және олардың салаларының ерекшеліктерін;

      мүше мемлекеттер Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде, сондай-ақ халықаралық шарттар шеңберінде қабылдаған олардың міндеттемелерін;

      жаһандық көліктік қызметтер көрсету нарығындағы ортақ басымдықтарды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша ортақ тәсілдерді әзірлеу және қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырады.

      Осы Негізгі бағыттардың жекелеген ережелері халықаралық шарттарды жасасу және Одақ органдарының актілерін қабылдау арқылы іске асырылады.

      Мүше мемлекеттер салалық даму ерекшеліктеріне және жекелеген көлік түрлері үшін Одақ туралы шартта бекітілген ережелерге сүйене отырып, бірыңғай көліктік кеңістікті қалыптастыру және Одақтың ортақ көліктік қызметтер көрсету нарығын құру жөніндегі іс-шараларды кезең-кезеңмен жүргізеді.

      Мүше мемлекеттер осы Негізгі бағыттардың тиісті бөлімдерінің ережелерін ескере отырып, автомобиль, әуе, су және теміржол көлігі саласында Одақтың ортақ көліктік қызметтер көрсету нарығын құру бойынша үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүргізеді.

      Көліктік қызметтер көрсетуді ырықтандыру тәртібі, шарттары және кезеңділігі Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалады. Бұл ретте жекелеген мүше мемлекеттер үшін ырықтандырудың анағұрлым кеш мерзімдері көзделеді, бұл басқа мүше мемлекеттер үшін Одақтың ортақ көліктік қызметтер көрсету нарығын қалыптастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға кедергі болып табылмайды.

      Осы Негізгі бағыттардың мақсаттарына мынадай міндеттерді шешу жолымен қол жеткізіледі:

      көлік саласындағы жалпы басымдылықтарды қамтамасыз ету жөніндегі келісілген шараларды қабылдау және ең үздік халықаралық практиканы іске асыру, оның ішінде Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көліктік-экономикалық байланыстарды жүзеге асыру кезінде Одақтың географиялық басымдылықтарын барынша толық іске асыруға жәрдемдесу, озық шетелдік тәжірибені зерделеу, талдау және келісу;

      мүше мемлекеттердің көлік жүйелерін әлемдік көлік жүйесіне интеграциялау, оның шеңберінде мүше мемлекеттер:

      олар бойынша халықаралық ұйымдарда мүше мемлекеттердің мүдделерін есепке алу мақсатында үйлестірілген ұстанымдарды әзірлеу мүмкін болатын көлік саласындағы халықаралық шарттар тізбесін айқындайды;

      мүше мемлекеттердің көліктік қызмет субъектілерінің көліктік қызметтер көрсетудің экспорттық көлемін ұлғайту және географиясын кеңейту үшін жағдайлар жасайды;

      Одақ құрылысы процесін халықаралық көліктік бастамалармен ұштастыру шеңберінде көлік пен инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асырады;

      Одақтың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануы, ол мынаны көздейді:

      көлік инфрақұрылымының тартымдылығын арттыру;

      жолаушылар мен жүктердің халықаралық тасымалдарын жүзеге асыру үшін оңтайлы шарттар (икемді тартымды тарифтер, бақылау түрлерін оңтайландыру және оңайлату, логистикалық технологияларды жетілдіру және т.б.);

      жолаушылар мен жүктердің транзиттік және мультимодальдік дамуына ықпал ететін бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      көліктік қызметтер көрсету сапасын мыналар арқылы арттыру:

      жолаушылар және жүк тасымалдары саласындағы табысты озық тәжірибені және ең үздік халықаралық практиканы енгізу, жолаушылар үшін көліктік қолжетімділікті, жүйелілікті және жайлылықты қамтамасыз ету, жүктерді жеткізу саласында озық логистикалық технологияларды қолдану;

      жылжымалы құрамды жаңарту үшін жағдайлар жасау;

      жолаушылар тасымалы қызметтерін тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;

      көлік инфрақұрылымына және қоғамдық жолаушылар көлігінің көлік құралдарына дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кедергісіз, ыңғайлы және қауіпсіз қол жетімділігі үшін жағдайлар жасау;

      көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, осы салада мүше мемлекеттер заңнамасын, оның ішінде қатысушылары мүше мемлекеттер болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерін ескере отырып, жетілдіру;

      парниктік газдардының тастандыларын төмендету және үнемді әрі экологиялық көлік құралдарын қолдану үлесін ұлғайту мақсатында көліктің қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсерін төмендету, баламалы отын түрлерін және жаңартылған энергия көздерін енгізу;

      қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, көлік саласындағы жобаларды дамытуға күрделі салымдар тартуды, оның ішінде инновациялық технологияларды әзірлеу және дамыту, тасымалдардың ресурстық қажеттілігін төмендету және олардың қоршаған ортаға әсері, мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмдерін және концессиялық келісімдерді практикаға кеңінен енгізу арқылы ынталандыру, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін өзге де жағдайлар жасау.

      Осы Негізгі бағыттарды іске асыру мынадай басымдылықтарды ескере отырып, жүзеге асырылады:

      еуразиялық көліктік дәліздерді мыналар арқылы құру және дамыту:

      мүше мемлекеттердің келісілген көліктік дәліздер мен бағдарларды белгілеуі;

      мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша көліктік дәліздер мен бағдарлардың тізбесін Одақ органымен бекіте отырып, қалыптастыру;

      еуразиялық көліктік дәліздердің технологиялық бірлестігін қамтамасыз ету;

      трафикті жоспарлауды және диспетчерлендіруді үйлестіру;

      тартымды және икемді тарифтік шарттарды келісу;

      кедендік және өзге бақылау түрлерінің рәсімдерін жеңілдету;

      тік аралас тасымалдарды дамыту;

      тауарлар және көлік құралдары туралы ақпарат беруді оңайлатуға мүмкіндік беретін зияткерлік көлік жүйелерін енгізу (оның ішінде ақпараттық жүйелер) және қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдану (техникалық жарықтандыру);

      қазіргі заманғы жол маңы және ілеспе сервисті дамыту;

      Одақ шеңберінде транзиттік әлеуетті іске асыру және дамыту, еуразиялық көліктік байланыстарды кеңейтуге бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру, әртүрлі көлік түрлерін дамыту мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің уағдаластықтарын ескере отырып, транзит еркіндігін қамтамасыз ету және жолаушылар мен жүктердің орнын ауыстыруға әсер ететін кедергілерді жою және рәсімдерді оңайлату;

      көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру, оның шеңберінде мүше мемлекеттер:

      іске асыруға жоспарланған көлік инфрақұрылымы объектілерін құру немесе жетілдіру бойынша жобалар туралы өзара ақпарат береді;

      мүше мемлекеттерде көлік инфрақұрылымы объектілерін құрудың іске асырылған және іске асыруға жоспарланған жобалармен индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін (өнеркәсіп кластерлері, индустриялық парктер және технопарктер) дамыту бойынша іске асыруға жоспарланған кооперативтік жобалардың байланысын қамтамасыз етеді;

      экономикалық орындылықты ескере отырып, шектес инфрақұрылымның "ауқымсыз тұстарын" жоюды, тоғысу пунктерін және өткізу пунктерін техникалық жарақтандыруды қамтамсыз етеді;

      тасымалдау процестерінің оңтайлануын қамтамасыз ететін логистикалық орталықтар мен көліктік ұйымдарды құру, мүше мемлекеттердің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру туралы өзара ақпарат беру, жаһандық көліктік-логистикалық қызметтер көрсету нарығында мүше мемлекеттердің үлесін ұлғайту;

      көлік саласында жоғары кәсіби мамандарды ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасау, мамандарға қойылатын кәсіби және біліктілік талаптарын үйлестіру, оқыту саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, кадрларды даярлауды және персоналдың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті орталықтарды дамыту арқылы кадрлық әлеуетті тарту және пайдалану;

      көлік саласындағы ғылым мен инновацияны дамыту, оның ішінде:

      инновациялық технологияларды және зияткерлік көлік жүйелерін, энергия үнемдеу технологияларын, экологиялық ("жасыл") технологияларды, оның ішінде баламалы отын түрлерін пайдалануды кеңейтетін және парниктік газдардың, жедел және жоғары жылдам көлік жүйелерінің, GPS/ГЛОНАСС навигациялық жерсерік жүйелері тастандыларының көлемдерін төмендетуге мүмкіндік беретін технологияларды, тасымалдауды ұйымдастыратын ақпараттық технологияларды, пилотсыз көлік құралдарын әзірлеу және енгізу мақсатында бірлескен зерттеулер жоспарлау және өткізу үшін жағдайлар жасау;

      бірлескен қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті ғылыми-білім беру орталықтарын қалыптастыру және дамыту;

      ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту, көліктік технологияны дамыту мақсатында ақпаратпен, озық тәжірибемен ("ноу-хау") алмасу.

      Автомобиль көлігі

      Автомобиль көлігі саласындағы мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттарының бірі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 13 шешімімен бекітілген 2016 жылдан бастап 2025 жыл аралығында Бағдарламасын іске асыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында жүкті автомобильдік тасымалдауды орындауды кезең-кезеңмен ырықтандыру болып табылады.

      Автомобиль көлігі саласындағы мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады.

      Зияткерлік көлік жүйесін дамыту.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттердегі қазіргі зияткерлік көлік жүйелерін талдау;

      ұлттық зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылы бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау;

      ұлттық зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру.

      Жолаушылар тасымалын дамыту.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттерде жолаушылар тасымалы нарығының қазіргі заманғы жағдайын талдау;

      автомобильдік жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды және бақылауды жетілдіру бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау;

      жолаушылар тасымалының қызметтер көрсету нарығын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуді дамыту.

      Автомобиль жолдары инфрақұрылымын дамыту және оның сақталуын қамтамасыз ету.

      Іске асыру кезеңдері:

      еуразиялық көліктік дәлізге кіретін, мүше мемлекеттердің автомобиль жолдарының пайдалану сипаттамаларына талдау жүргізу;

      жүргізілген талдау негізінде автокөлік құралдарының шекті жол берілген массаларына, осьтік жүктемелеріне, габариттеріне қойылатын келісілген талаптарды және еуразиялық көліктік дәліздер бойынша қозғалыс үшін оларды қолдана бастау мерзімдерін белгілеу;

      Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешімімен қабылданған "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 014/2011) сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының шекті жол берілген массаларына, осьтік жүктемелеріне, габариттеріне қойылатын талаптарды белгілеу;

      ірі габаритті және (немесе) ауыр автокөлік құралдарының мүше мемлекеттердің заңнамасын ескере отырып, мүше мемлекеттердің аумақтарына автокөлік құралдарының рұқсат берілген салмақтық және габариттік параметрлері бөлігінде қозғалысты жүзеге асыратын автомобиль жолдарымен кіруін (шығуын) және өтуін бақылау механизмін жетілдіру;

      жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды жетілдіру.

      Автокөліктік қызметтер көрсету сапасын және мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыру.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттер арасында автомобиль қатынастарын дамытуға және автомобиль көліктеріне қызметтер көрсетуге кедергі жасайтын тосқауылдарды анықтау және жою;

      жол маңы және ілеспе сервисті қоса алғанда, еуразиялық көліктік дәліздерді және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      бір мүше мемлекеттің тасымалдаушыларына басқа мүше мемлекеттер аумақтары арқылы транзиттің еркіндігін қамтамасыз ету. Мүше мемлекеттердің бірі біржақты тәртіпте шектеу шараларын қабылдаған тауарларға қатысты мұндай транзиттік еркіндік олардың өтуін бақылау механизмін енгізу шартымен қамтамасыз етіледі;

      ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне және еуразиялық көліктік дәліздер бойынша халықаралық автомобильдік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттарды ресімдеу және беру рәсімдерін қадамдастыру бойынша мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      Одақтың сыртқы шекарасында үшінші елдердің тасымалдаушыларымен туындайтын даулы жағдайларды реттеудің, Одақ аумағы бойынша халықаралық автомобильдік тасымалдар шарттарын орындау бойынша белгіленген талаптарды бұзған жағдайда, автокөлік құралдарын қайтарудың және ортақ тәсілдерді әзірлеудің (қажет болған кезде) қолда бар практикасын зерделеу;

      мүше мемлекеттердің автокөлік құралдары паркінің жағдайын талдау, оны жаңарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін келісілген шараларды әзірлеу және қабылдау.

      Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асырумен байланысты жұмыскерлердің кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету.

      Іске асыру кезеңдері:

      халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру үшін жауапты жүргізушілер мен мамандарды кәсіби даярлау мәселелерін реттейтін мүше мемлекеттердің заңнамаларын талдау;

      мамандарға қойылатын кәсіби және біліктілік талаптарын үндестіру бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау;

      мүше мемлекеттердің халықаралық автомобильдер тасымалын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмыскерлері мен дара кәсіпкерлерге қойылатын кәсіби және біліктілік талаптарының қабылданып, келісілген тәсілдері негізінде үндестіру, білім және қажетті біліктіліктің болуын куәландыратын құжаттарға, тиісті оқу орталықтарына және білім беру ұйымдарына, білім беру сапасын бақылауға, оның ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды үндестіру.

      Әуе көлігі

      Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа № 24 қосымша) ІІІ бөліміне сәйкес Одақта әуе көлігін дамыту әуе көлігінің ортақ қызметтер көрсету нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыруды көздейді.

      Мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынастар халықаралық, оның ішінде екіжақты шарттардың ережелерімен реттеледі.

      Мүше мемлекеттердің азаматтық авиациясын дамыту, мүше мемлекеттер арасындағы авиатасымалдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және үйлестіру
1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) шеңберінде жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттердің әуе көлігі саласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады.

      Мүше мемлекеттер заңнамасын азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық нормаларына және қағидаттарына сәйкес үндестіру.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестікке талдау;

      мүше мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын өзгерту бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау;

      мүше мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық базасын қабылданып, келісілген тәсілдерге сәйкес келтіру.

      Азаматтық авиацияның қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттердің авиациялық компаниялары әуе кемелері паркінің авиациялық шуға қатысты ИКАО талаптарына сәйкестігін бағалау;

      мүше мемлекеттерде жиі әуе қатынастары кезіндегі авиациялық шуға қатысты ИКАО талаптарын ескере отырып, әуе кемелерін пайдалану жөніндегі тәсілдерді әзірлеу және келісілгендерін қабылдау.

      Адал және жосықсыз бәсекелестікті қамтамасыз ету.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттер арасында әуе көлігі тасымалының нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін азаматтық авиация саласындағы тосқауылдарды (проблемалық мәселелерді) анықтау және жою;

      мүше мемлекеттердің аэронавигациялық қызметтер көрсетуге және әуежай қызметтеріне жүргізілетін тарифтік саясатты және қолданылатын реттелетін тарифтерді, сондай-ақ мүше мемлекеттер әуежайлары мен аэронавигациясы қызметтеріне қол жеткізу шарттарын талдау;

      әуежайлар мен аэронавигация қызметтерін көрсету кезінде тең (кемсітілмеген) тарифтік шарттарды қолдану бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау;

      мүше мемлекеттер арасындағы әуе тасымалдарын жиі орындау, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдаланғаны үшін мүше мемлекеттердің әуекомпанияларынан қосымша төлемдерді алу кезінде әуе қатынастары туралы халықаралық шарттарға сәйкес тағайындалған және уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің әуекомпаниялары үшін тең емес (кемсітетін) жағдайлар жасауға жол бермеу;

      басқа мүше мемлекеттің әуекомпанияларына мүше мемлекеттердің халықаралық әуежайларына коммерциялық емес мақсатта техникалық қону құқығын кедергісіз беру;

      мүше мемлекеттердің әуекомпанияларына әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымына тең (кемсітпей) қол жеткізуді қамтамсыз ету, оның ішінде мүше мемлекеттер әуекомпанияларының аумағында әуежайлар мен аэронавигация қызметтері мүше мемлекеттерге тиесілі әуекомпаниялар үшін жасалған жағдайлардан қолайлылығы кем емес шарттарда әуежайлар мен аэронавигацияның қызметтер көрсетуіне қол жеткізуін реттеу бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау.

      ИКАО стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес әуе кемелерінің паркін жаңарту, әуежайлардың жерүсті инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту үшін жағдайлар жасау.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттердің әуе кемелерінің жай-күйін, әуе кемелерін жаңарту, толықтыру мен жаңғырту проблемаларын талдау;

      әуе кемелерінің паркін жаңартуға, сондай-ақ әуе кемелерін және (немесе) оларға авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін қажетті авиациялық қозғалтқыштарды, қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды әкелуге ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасау (оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу саласында, кедендік әкімшіліктендіру және өзге де салаларда);

      мүше мемлекеттердің авиациялық инфрақұрылымға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауы;

      әуежайлардың инфрақұрылымын, әуеайлақтық жабдығын, әуе кемелерінің ұшуын аэронавигациялық және радиотехникалық қамтамасыз етуді дамыту және жаңғырту.

      Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамсыз ету.

      Іске асыру кезеңдері:

      ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану;

      мүше мемлекеттердің авиациялық компаниялары әуе кемелер паркінің Конвенцияға № 6 қосымшада көзделген талаптарға сәйкестігін бағалау;

      Конвенцияға № 6 қосымшада көзделген талаптарға сәйкес емес әуе кемелер паркін ауыстыруға өтпелі кезеңді белгілеу;

      Конвенцияға № 6 қосымшада көзделген талаптарға сәйкес емес әуе кемелерін пайдалануға тыйым салу;

      мүше мемлекеттердің ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі үшін интеграцияланған авиациялық оқиғалардың ақпараттық дерекқорын құру;

      "жіксіз" әуе кеңістігін құру мақсатында мүше мемлекеттерде әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесін үндестіру.

      Әуе қатынастарын кеңейту.

      Іске асыру кезеңдері:

      мүше мемлекеттер арасындағы әуе қатынастарда қолда бар шектеулерді талдау;

      осы Негізгі бағыттарды іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары ("жол картасы") негізінде ортақ әуе көліктік қызметтер көрсету нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру.

      Су көлігі

      Мүше мемлекеттердің су көлігі салаласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады.

      Теңіз көлігі

      Іске асыру кезеңдері:

      халықаралық ұйымдарда мүше мемлекеттердің шоғырланған ұстанымын қалыптастыру кезінде келісілген тәсілдер әзірлеу;

      үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдауды ұйымдастыру кезінде мүше мемлекеттер порттарындағы рәсімдерді оңайлату жөніндегі шараларды әзірлеу.

      Ішкі су көлігі

      Іске асыру кезеңдері:

      Одақ шеңберінде кеме қатынасы туралы халықаралық шартты қабылдау;

      мүше мемлекеттердің ішкі су көлігі саласындағы заңнамасын үндестіруге жататын бағыттарды айқындау және келісу мақсатында талдау;

      мүше мемлекеттер заңнамасын келісілген бағыттарға сәйкес үндестіру;

      ішкі су көлігі флотын жаңарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін келісілген шаралар әзірлеу және қабылдау;

      мүше мемлекеттер үшін ішкі су жолдары бойынша кемелердің өту тәртібін жетілдіру;

      кадрларды даярлау бағдарламаларын үндестіру;

      мүше мемлекеттердің кемелер экипажы мүшелерінің және ұйымдар персоналының куәліктерін, дипломдары мен құжаттарын өзара тануы.

      Теміржол көлігі

      Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа № 24 қосымша) V бөліміне сәйкес және Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге негізделе отырып, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің, Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымдарының, Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік ұйымдарының және өзге де халықаралық (үкіметаралық және ведомствоаралық) ұйымдарының жұмыс нәтижелерін ескере отырып, екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарды назарға ала отырып, мүше мемлекеттер теміржол көлігі саласындағы үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын дәйекті және кезең-кезеңмен іске асырады. Мұндай саясаттың негізгі бағыттары мыналар болып табылады.

      Бірыңғай көліктік кеңістікті қалыптастыру үшін жағдайларды жетілдіру.

      Іске асыру кезеңдері:

      пойыздар қозғалысын ұйымдастырумен байланысты кемшіліктерді жою бойынша, оның ішінде тасымалдарды келісу бөлігінде келісілген тәсілдерді әзірлеу әрі қабылдау және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мен ресімдеудің қағазсыз технологияларын енгізу;

      ақпарат алмасуды, оның ішінде үшінші елдермен халықаралық тасымалдау тауарлары мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін институттық (құқықтық) жағдайлар жасау, оның ішінде мүше мемлекеттер тасымалдаушыларына көрсетілген ақпаратты үшінші елдердің тасымалдаушыларының, жеке және заңды тұлғаларының (жүк жөнелтушілердің, экспедиторлардың) ұсынуы;

      жолаушылар мен жүк пойыздарын кідіртуге ықпал ететін себептерді жою мақсатында жолаушылар мен жүктердің кедергісіз өтуіне әсер ететін шекаралар қиылыстарын жеңілдету, тосқауылдарды жою, рәсімдерді оңайлату бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау;

      теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге қатысты икемді тарифтік саясатты, оның ішінде мүше мемлекеттердің тасымалдаушыларымен келісілген мүше мемлекеттер аумағы арқылы жүктерді үшінші елдерден үшінші елдерге транзитпен тасымалдау кезінде өтпелі тарифтік ставкаларды қолдану арқылы жүргізу;

      мүше мемлекеттер арасында халықаралық жолаушылар қатынасын дамыту;

      қолайлығы жоғары вагондардан тұратын, екі және одан астам мүше мемлекеттер аумақтары бойынша дара тармақтар кестесі бойынша жүретін, пойыздарда жолаушылар тасымалын дамытуды ұйымдастыру және келісу;

      халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды, оның ішінде пойыздар қозғалысының кестесін оңтайландыру, жол жүру кезінде бақылау операцияларын жүргізу уақытын қысқарту, жылжымалы состав паркін жаңарту арқылы іске асыру;

      теміржол көлігін дамыту және әр мүше мемлекеттің географиялық орналасу ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттер арасында жылдам және жоғары жылдамдықты жолаушылар қатынастарын құру және дамыту бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу және қабылдау.

      Тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді және инфрақұрылым қызметтерін қоспағанда, теміржол көліктік ортақ қызметтер көрсету нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

      Іске асыру кезеңдері:

      тасымалдаумен байланысты теміржол көлігінің қосымша ықтимал қызметтерін және оларды жүзеге асыру үшін жағдайларды айқындау мақсатында мүше мемлекеттер заңнамасына талдау жүргізу;

      тасымалдаумен байланысты теміржол көлігінің қосымша қызметтерін көрсетуді ырықтандыру қағидаттарын (қызметтер көрсету саудасын реттеудің құқықтық негіздері, оның ішінде арнайы экономикалық шараларды қолдану), олардың тәртібі мен шарттарын регламенттейтін, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды жасасу (қажет болған кезде).

ІІІ. Мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүргізуінің күтілетін нәтижелері

      Осы Негізгі бағыттарды іске асыру мүше мемлекеттердің көлік жүйесін жұмыс істеудің сапалы жаңа деңгейіне көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Мүше мемлекеттердің көлік жүйесін дамыту халықтың және экономиканың көліктік қызметтер көрсету қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің көлік инфрақұрылымына қол жеткізуді жоғарлатады.

      Көліктің барлық түрлері сапалы бәсекеге қабілетті көліктік қызметтерді көрсетуге бағдарланған, бұл транзиттік тасымалдардың үлесін барынша ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Көлік инфрақұрылымының жағдайын жалпы жақсарту және перспективалық дамыту есебінен мүше мемлекеттердің көліктік дәліздері жүктер мен жолаушыларды транзиттік тасымалдау үшін тартымды болады.

      Транзиттік әлеуетті іске асыру мүше мемлекеттер мен олардың көліктік компанияларының бюджеттеріне барынша қаржылық түсімдерді қамтамасыз етеді.

      Көлік халық үшін анағұрлым қол жетімді, көліктік қызметтер көрсету құны мүше мемлекеттер азаматтарының кіріс деңгейімен шамалас болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады