Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ақпарат ұсыну туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 2 Өкімі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Өкім күшіне енді 01.06.2016 – Еуразиялық экономикалық одақтың сайты

      Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, 2015 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген, Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты 2017 жылғы 1 шілдеге дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.

      2. Осы Өкім "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Респуликасынан
 

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады