Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 9 қосымшасы) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламенті № 2 қосымшасының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы", "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" және "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерін қабылдау туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 62 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2.2 және 2.4-тармақшаларда "өнімнің сәйкестілігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2.6-тармақшада:
а) "көлікті және" деген сөздер "көлікті" және" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "өнімнің сәйкестілігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Ерікті негізде қолдану нәтижесінде осы Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
172 | 4-баптың 5-тармағының "а" – "в", "д" – "м", "п", "у" және "ц" тармақшалары, 7, 12, 22 – 24, 28, 33, 39, 41 – 46, 49 – 52, 55, 58 – 63, 69 – 72, 74 – 76, 79, 92 және 95 тармақтары |
4-бөлім, |
Сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін маневрлік локомотивтер. | |
173 |
4-баптың 5-тармағының "а" – "в", "д" – "п", "у", "ц", "ш" тармақшалары, |
4-бөлім |
Сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін магистральдық жүк газотурбовоздар. |
"
". |
4. Кеден одағының "Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қолдану және орындау және осы Шешіммен бекітілген өнімдерге сәйкестілікті бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдерді зерттеулердің (сынақтарының) қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидасын қамтитын стандарттар тізбесінде:
а) атауында "өнімнің сәйкестілігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 8-позицияда 2-графада "4-баптың 5-тармағының "м" тармақшасы және 60-тармағы" деген сөздермен толықтырылсын;
в) 77-позицияда 3-графада мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "МЕМСТ Р 55513-2013";
г) 83-позицияда:
2-графада "г" және "р" тармақшалары" деген сөздер ""г", "д", "р" – "т" және "ц" тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-графада "МЕМСТ" деген сөздердің алдында "8-бөлім, 1-кесте" деген сөздермен толықтырылсын;
д) 85-позицияда 2-графада "и" және "д" тармақшалары" деген сөздер "д" және "и" тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 101-позицияда:
2-графада мәтін "14" санынан кейін ", 22" сандарымен толықтырылсын;
3-графада мәтін "МЕМСТ" деген сөздердің алдында "7-бөлім" деген сөздермен толықтырылсын;
ж) 131-позицияда:
2-графада мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "4-баптың 5-тармағының "м" тармақшасы, 39, 40, 59, 92 және 93 тармақтары";
3-графада "5-бөлім" деген сөздер "3 және 5-бөлімдер, 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 136-позицияда 2-графада мәтін мынадай редакцияда жазылсын: "4-баптың 58, 59 және 64 тармақтары";
и) 155-позиция алып тасталсын;
к) мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"
163 | 4-баптың 5-тармағының "м" тармақшасы, 59-тармағы |
МЕМСТ | Жылжымалы теміржол құрамы. Акустика. Сыртқы шуды өлшеу. МЕМСТ Р (МЕМСТ Р 54061-2010) қайта рәсімдеу | |
164 | 4-баптың 5-тармағының "х" тармақшасы |
МЕМСТ | Жылжымалы теміржол құрамы. Ілінісуді бақылау әдістері | |
165 | 4-баптың 5-тармағының "е" тармақшасы және 49-тармағы |
8-бөлім | Жылжымалы теміржол құрамының аялдау тежегіші. Техникалық талаптар | |
166 | 4-баптың 29-тармағы |
7-бөлім | Теміржол электр байланысы. Поезд радио байланысы. Техникалық талаптар және бақылау әдістері | |
167 | 4-баптың 5-тармағының "в", "н" және "о" тармақшалары, 74-тармағы |
5-бөлім |
Электромагнитті техникалық құралдардың үйлесімділігі. |
". |
5. Кеден одағының "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қолдану және орындау және осы Шешіммен бекітілген өнімдерге сәйкестілікті бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдерді зерттеулердің (сынақтарының) қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидасын қамтитын стандарттар тізбесінің атауында "өнімнің сәйкестілігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Кеден одағының "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерін қабылдау туралы" техникалық регламентін қолдану және орындау және осы Шешіммен бекітілген өнімдерге сәйкестілікті бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдерді зерттеулердің (сынақтарының) қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидасын қамтитын стандарттар тізбесінің атауында "өнімнің сәйкестілігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігі" деген сөздермен ауыстырылсын.