2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімінің қосымшасы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ескертуі мынадай мазмұндағы 39С ескертумен толықтырылсын:
"39С) Кедендік құнынан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу ставкасы 02.09.2016 бастап қоса алғанда 31.12.2020 ж. дейін қолданылады.".
2. Осы Шешім 2016 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 73 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
8409 91 000 9 | --- өзгелері | - |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 73 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
--- өзгелері:1 | ||
8409 91 000 2 | ---- мотор отыны ретінде табиғи газды пайдаланатын көлік құралдарына орнатуға арналған қозғалтқыш цилиндріне отынды өткізуге арналған газ бүріккіштері5) | - |
8409 91 000 8 | ---- өзгелері | - |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құнның пайызымен, не еуромен, не АҚШ долларымен) |
8409 91 000 2 | ---- мотор отыны ретінде табиғи газды пайдаланатын көлік құралдарына орнатуға арналған қозғалтқыш цилиндріне отынды өткізуге арналған газ бүріккіштері5) | 339С) |
8409 91 000 8 | ---- өзгелері | 3 |