Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша табиғи көмірсутегі газын және ілеспе мұнай газын тазалауға арналған сепараторларды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 78 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мұнай-газ өндіру және (немесе) мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын табиғи көмірсутегі газын тазалауға арналған, табиғи көмірсутегі газын мехникалық қоспалардан, газды конденсаттан, тамшылы, ұсақ дисперсті, аэрозольді судан, гидрат түзуші ингибриттерден және басқа да қоспалардан тазалауға арналған сепараторлар сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8421 39 800 7 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Мұнай-газ өндіру және (немесе) мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын ілеспе мұнай газын тазалауға арналған, ілеспе мұнай газын мехникалық қоспалардан, газды конденсаттан, тамшылы, ұсақ дисперсті, аэрозольді судан, гидрат түзуші ингибриттерден және басқа да қоспалардан тазалауға арналған сепараторлар 1 және 6 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 8421 39 800 2 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      3. Мұнай-газ өндіру және (немесе) мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын табиғи көмірсутегі газын да, ілеспе мұнай газын да тазалауға арналған, газдарды мехникалық қоспалардан, газды конденсаттан, тамшылы, ұсақ дисперсті, аэрозольді судан, гидрат түзуші ингибриттерден және басқа да қоспалардан тазалауға арналған сепараторлар 1, 3 (в) және 6 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8421 39 800 7 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады