Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай шикізатына қатысты Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 82 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай шикізатына қатысты Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімінің қосымшасы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8-ескертуінің екінші абзацы ", Шығыс-Мессояха мұнай-газ конденсаты кен орны" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 82 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қосымша өлшем бірлігі

2709 00 900 1

– – құрамында кем дегенде 1,98 салм.%, бірақ 2,34 салм.% артық болмайтын күкірті бар және 906 кг/м3 кем емес, бірақ 967 кг/м3 артық емес 20оС жағдайындағы тығыздықтағы шикі мұнай8)

2709 00 900 9

– – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 82 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қосымша өлшем бірлігі

+ 2709 00 900 1

– – құрамында кем дегенде 0,015 салм.%, бірақ 3,47 салм.% артық болмайтын күкірті бар және 887,6 кг/м3 артық, бірақ 994 кг/м3 артық емес 20оС жағдайындағы тығыздықтағы шикі мұнай8)

+ 2709 00 900 9

– – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 82 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы
(кедендік құнының пайызымен не еуромен, не АҚШ долларымен)

+ 2709 00 900 1

– – құрамында кем дегенде 0,015 салм.%, бірақ 3,47 салм.% артық болмайтын күкірті бар және 887,6 кг/м3 артық, бірақ 994 кг/м3 артық емес 20оС жағдайындағы тығыздықтағы шикі мұнай8)

0

+ 2709 00 900 9

– – – өзгелері

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады