Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын және өздеріне қатысты ерекше жағдайларда уақытша тыйым салу немесе экспорттың сандық шектеуі енгізілуі мүмкін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 83 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын және өздеріне қатысты ерекше жағдайларда уақытша тыйым салу немесе экспорттың сандық шектеуі енгізілуі мүмкін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      Кеден одағы Комиссиясының "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын тарифтік емес реттеудің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 168 шешімінің 2-тармағы;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын, өздеріне қатысты ерекше жағдайларда уақытша шектеулер немесе экспортқа тыйым салу белгіленуі мүмкін тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 307 шешімі.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 83 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы үшін елеулі маңызды болып табылатын және өздеріне қатысты ерекше жағдайларда уақытша тыйым салу немесе экспорттың сандық шектеуі енгізілуі мүмкін тауарлардың ТІЗБЕСІ

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

0201

Жас немесе тоңазытылған ірі қара малдың еті

0202

Мұздатылған ірі қара малдың еті

0203

Жас, тоңазытылған немесе мұздатылған шошқа еті

0204

Жас, тоңазытылған немесе мұздатылған қой немесе ешкі еті

0401

Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей

0402

Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

0708 10 000 0

Аршылған немесе аршылмаған, жас немесе тоңазытылған бұршақ (Pisum sativum)

0713 10

Кептірілген, аршылған, тұқымдық қауызынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған бұршақ (Pisum sativum)

0713 39 000

Кептірілген, аршылған, тұқымдық қауызынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған үрме бұршақ (Vigna spp., Phaseolus spp.)

1001

Бидай және меслин

1002

Қара бидай

1003

Арпа

1004

Сұлы

1005

Жүгері

1006

Күріш

1008 10 000

Қарақұмық

1008 21 000 0
1008 29 000 0

Тұқымдық тары
Өзге тары

1101 00

Бидай немесе қара бидай ұны

1102 20

Жүгері ұны

1102 90 100 0

Арпа ұны

1102 90 300 0

Сұлы ұны

1102 90 700 0

Қара бидай ұны

1103

Жарма, ipi тартылған ұн және астық тұқымдастар дәндерінен алынған түйiршiктер

1104

1006 тауар позициясындағы күрiшті қоспағанда, басқа да тәсiлдермен өңделген астық тұқымдастар дәндерi (мысалы, дән жармасы түрiндегi немесе сатылған, қабығынан аршылған, жанышталған, үлпектерге қайта өңделген); тұтас, жанышталған, үлпек түрiндегi немесе бастырылған астық тұқымдастар дәнiнiң ұрықтары

1105

Майда немесе iрi тартылған ұн, ұнтақ, үлпек, картоп түйiршiктерi

1106 10 000 0

Майда немесе ірі тартылған ұн және кептірілген бұршақтан жасалған ұнтақ

1201

Ұсатылған немесе ұсатылмаған соя бұршаққаптары

1205

Ұсатылған немесе ұсатылмаған рапс немесе кользаның тұқымдары

1206 00

Ұсатылған немесе ұсатылмаған күнбағыстың тұқымдары

1207 50

Ұсатылған немесе ұсатылмаған қышаның тұқымдары

1208

Қышаның тұқымдарынан басқа, майлық дақылдардың тұқымдарынан немесе жемiстерiнен алынған майда немесе iрi тартылған ұн

1209 29 500 0

Егуге арналған люпин тұқымдары

1214 90 900 0

Түйіршіктелген немесе түйіршіктелмеген люпин

1507

Тазартылмаған немесе тазартылған, бiрақ химиялық құрамы өзгермеген соя майы және оның фракциялары

1512

Тазартылмаған немесе тазартылған, бiрақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майлары және олардың фракциялары

1514

Тазартылмаған немесе тазартылған, бiрақ химиялық құрамы өзгермеген рапс (рапстан немесе кользадан) немесе қыша майлары және олардың фракциялары

1515 21
1515 29

Тазартылмаған немесе тазартылған, бiрақ химиялық құрамы өзгермеген жүгері майы және олардың фракциялары

1517 90

Жануарлардың немесе өсiмдiктердiң тоңмайларынан немесе майлардан немесе әртүрлі тоңмайлардың фракцияларынан немесе ЕАЭО СЭҚ ТН 15 тобының тоңмайларынан алынған тамаққа пайдалануға жарамды қоспалар немесе дайын өнiмдер

1518 00

Жануарлардың немесе өсiмдiктердiң тоңмайларынан немесе майлардан немесе әртүрлі тоңмайлардың фракцияларынан немесе ЕАЭО СЭҚ ТН 15 тобының тоңмайларынан алынған тамаққа пайдалануға жарамсыз қоспалар немесе дайын өнiмдер

2302

түйiршiктелмеген немесе түйiршiктелген кебектер, жармалар, жарма ұндар және дақылдар дәндерiн немесе бұршақ дақылдарын елеуден, тартудан немесе басқа да тәсiлдермен өңдеуден алынған өзге де қалдықтар

2304 00 000

Күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйiршiктелмеген немесе түйiршiктелген қытай бұрыш майынан өңделiп алынған басқа да қатты қалдықтар

2306 30 000 0

Күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйiршiктелген немесе түйiршiктелмеген өсiмдiк тоң майларынан немесе күнбағыс тұқымынан жасалған майлардан өңделiп алынған басқа да қатты қалдықтар

2306 41 000 0
2306 49 000 0

Күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйiршiктелген немесе түйiршiктелмеген өсiмдiк тоң майларынан немесе рапс немесе кольза тұқымынан жасалған майлардан өңделiп алынған басқа да қатты қалдықтар

2309

Жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдер

2710 19 110 0
2710 19 150 0
2710 19 210 0
2710 19 250 0
2710 19 290 0

Құрамында биодизель және өңделген мұнай өнімдері барларды қоспағанда, орташа дистилляттар

2710 19 510
2710 19 550
2710 19 620
2710 19 640
2710 19 660
2710 19 680

Құрамында биодизель және өңделген мұнай өнімдері барларды қоспағанда, сұйық отындар


2710 20 310
2710 20 350
2710 20 370
2710 20 390

Құрамында биодизель және өңделген мұнай өнімдері барларды қоспағанда, сұйық отындар

2710 20 900 0

Өңделген мұнай өнімдерін қоспағанда, құрамында биодизель бар өзге де мұнай өнімдері

4101

Ipi қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдiспен буланған немесе тұздалған, кептiрiлген, пикелденген немесе консервiленген, бiрақ пергаментке келтiрiлiп иленбеген немесе одан әрi өңдеуге түспеген) жануарлардың түгi бар немесе түксiз, бүлiнген немесе бүлiнбеген, өңделмеген терiлерi

4103 30 000 0

ЕАЭО СЭҚ ТН 41 тобына 1б немесе 1в ескертумен алып тасталғандардан басқа, шошқаның (өзге әдiспен буланған немесе тұздалған, кептiрiлген, пикелденген немесе консервiленген, бiрақ пергаментке келтiрiлiп иленбеген немесе одан әрi өңдеуге түспеген) жануарлардың түгi бар немесе түксiз, бүлiнген немесе бүлiнбеген, өңделмеген терiлерi

4104

Жүнсiз, бөлiнген немесе бөлiнбеген, бiрақ одан арғы өңдеусiз ipi қара малдардың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың терiлерiнен алынған иленген былғары және былғарылық краст

4106 31 000 0

Шошқа терiлерiнен алынған, жүнсiз немесе түксіз, бөлiнген немесе бөлiнбеген, бiрақ одан арғы өңдеусiз, дымқыл күйдегі (хромдалған шала фабрикатты қоса алғанда) былғары тері

4106 32 000 0

Шошқа терiлерiнен алынған, жүнсiз немесе түксіз, бөлiнген немесе бөлiнбеген, бiрақ одан арғы өңдеусiз, құрғақ күйдегі былғары тері(краст)

4707

Қалыпқа келтірілген қағаз немесе картон (макулатура мен қалдықтар)

5101

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

5301 21 000 0
5301 29 000 0

Жапырылған, түтiлген, таралған немесе кез келген басқа әдiспен өңделген, бiрақ иiруге ұшырамаған зығыр

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шикi құрамды құйма металдар)

7207

Темiрден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар

7208

Енi 600 мм немесе одан да көп, ыстықтай басылған, жалатылмаған, гальвандалған немесе басқа да қаптамаларсыз, темiрден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегiс илек

7209

Енi 600 мм немесе одан да көп, суықтай басылған (суық күйiнде қысылған), жалатылмаған, гальванды немесе басқа да қаптамаларсыз, темiрден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек

7210

Енi 600 мм немесе одан да көп, ыстықтай иленген, жалатылмаған, гальванды немесе басқа да қаптамаларсыз, темiрден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегiс илек

7404 00

Қалдықтар және мыс сынықтары

7503 00

Қалдықтар және никель сынықтары

7602 00

Қалдықтар және алюминий сынықтары

7802 00 000 0

Қалдықтар және қорғасын сынықтары

7902 00 000 0

Қалдықтар және мырыш сынықтары

8002 00 000 0

Қалдықтар және қалайы сынықтары

8101 97 000 0

Қалдықтар және вольфрам сынықтары

8102 97 000 0

Қалдықтар және молибден сынықтары

8103 30 000 0

Қалдықтар және тантал сынықтары

8104 20 000 0

Қалдықтар және магний сынықтары

8105 30 000 0

Қалдықтар және кобальт сынықтары

8106 00 100 0

Өңделмеген висмут; қалдықтар және сынықтар; ұнтақтар

8107 30 000 0

Қалдықтар және кадмий сынықтары

8108 30 000 0

Қалдықтар және титан сынықтары

8109 30 000 0

Қалдықтар және цирконий сынықтары

8110 20 000 0

Қалдықтар және сүрме сынықтары

8111 00 190 0

Қалдықтар және марганец сынықтары

8112 22 000 0

Қалдықтар және хром сынықтары

      Ескерту: Осы тізбенің мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауар атауын да басшылыққа алу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады