Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша пальма майы фракцияларының гидрогенизирленген қоспаларын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 84 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Лецитин, кремний диоксиді, хош иістендіргіш қосылған пальма майы фракцияларының гидрогенизирленген қоспасынан (89% кем емес) тұратын микротүйіршік түріндегі, жануарлар мен құстарды азықтандыру кезінде пайдаланылатын өнім сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1518 00 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады