Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2016 жылға және 2017-2019 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды сандық мәндері бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2015 жылға және 2016-2018 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды сандық мәндерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 тамыздағы № 97 шешімінің 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 85 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2016 жылға және 2017-2019 жылдар аралығындағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамын әзірлеу үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалды сандық мәндері
Өлшем бірлігі | Болжам | ||||
2016 жыл | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | ||
1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамының интервалды сандық мәндері (сатып алу тепе-теңдігі бойынша есептеу) | өткен жылға пайызбен | 3,1 – 3,6 | 3,3 – 3,9 | 3,4 – 3,9 | 3,4 – 3,9 |
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамының интервалды сандық мәндері | барреліне АҚШ долларымен | 30,0 – 52,0 | 35,0 – 57,0 | 35,0 – 60,0 | 35,0 – 65,0 |