Электрлі әйнек көтергіштерді Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 86 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Тұрақты токтың электрлі моторы, редуктор, әйнекті көтеру (түсіру) механизмі секілді негізгі құрамдас бөліктерден тұратын, автомобиль есігінің әйнегін көтеру (түсіру) арқылы автомобиль әйнегін жабуға (ашуға) арналған электрлі әйнек көтергіштер сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының 1 және 6 Негізгі түсіндіру қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 89 970 8 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады