Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 6 қарашадағы № 210 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 12 қыркүйектегі № 104 шешімі

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 88-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу фактілері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға өтініштерді беру және Еуразиялық экономикалық комиссияның оларды қарау тәртібі туралы" 2012 жылғы 6 қарашадағы № 210 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 104 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 6 қарашадағы № 210 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауында және 1-тармақта "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу фактілері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға өтініштерді беру және Еуразиялық экономикалық комиссияның оларды қарау тәртібінде:

      а) атауында "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) мәтін бойына тиісті сандағы және септіктегі "Тарап" деген сөз тиісті сандағы және септіктегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тәртіп Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 19 қосымшасы) (бұдан әрі – Хаттама) 88-тармағы негізінде әзірленді.";

      г) 2-тармақта "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – Тараптар)" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздермен, "бір" деген сөз "бірінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      д) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Тәртіп қолданылмайды:

      1) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсетуін қоса алғанда, барлық қызметтер көрсетулі мемлекеттік бағалық реттеу жағдайларына;

      2) мемлекеттік сатып алулар және тауарлық интервенциялар саласына;

      3) мынадай тауарларды мемлекеттік бағалық реттеу жағдайларына:

      - табиғи газ;

      - тұрмыстық қажеттілікке арналған сұйытылған газ;

      - электр және жылу энергиясы;

      - арақ, ликер-арақ және күштілігі 28 пайыздан артық (ең төменгі баға) басқа да алкогольдік өнімдер;

      - тағамдық шикізаттан алынған этил сприті (ең төменгі баға);

      - қатты отын, жағуға арналған отын;

      - ядролық-энергетикалық цикл өнімдері;

      - тұрмыстық қажеттілікке арналған керосин;

      - мұнай өнімдері;

      - дәрілік препараттар;

      - темекі бұйымдары.";

      е) 4-тармақта:

      "Келісімнің" деген сөз "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "реттеу" деген сөзден кейін "әкеп соғады немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      ж) 6-тармақтың 2-тармақшасында:

      бірінші абзацта:

      "реттеу" деген сөзден кейін "әкеп соғады немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) 7-тармақта:

      бірінші абзацтың қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері құпия ақпаратты жария еткені үшін 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауды бақылау бойынша өкілеттігін жүзеге асыру кезінде Құпия ақпаратты қорғау және оны жария етуге жауапкершілік тәртібі туралы келісімде көзделген жауапкершілікке тартылады.";

      и) 11-тармақта:

      "Комиссияда тіркелген" деген сөздер "Комиссияға келіп түскен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өтініштің келіп түскен күні оның Комиссияда тіркелген күні деп есептеледі.";

      к) 12-тармақ "Алқа мүшесіне" деген сөздер "Комиссия Алқасының мүшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      л) 13-тармақта "тіркелген" деген сөз "Комиссияға келіп түскен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      м) 14-тармақта "тіркелген" деген сөщ "келіп түскен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      н) 15-тармақта:

      бірінші абзацта "тіркелген" деген сөщ "келіп түскен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта "Келісімнің 17-бабының 1 және (немесе) 2-тармақтарына" деген сөздер "Хаттаманың 81 және 82-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтың қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      о) 18-тармақта "кемінде 15 күн бұрын" деген сөздер "35 күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      п) 19-тармақта "Алқа мүшесі" деген сөздер "Комиссия" деген сөзбен, "кемінде 15 күн бұрын" деген сөздер "30 күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      р) 20-тармақтың қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      с) 21-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "- мемлекеттік бағалық реттеудің күшін жою қажеттілігі туралы;

      - мемлекеттік бағалық реттеудің күшін жою қажеттілігі жоқ екені туралы.";

      т) 22-тармақта:

      төртінші абзацтың қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      бесінші абзацтың қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "- осы Тәртіптің 21-тармағында көзделген шешімдердің бірін көрсететін қарар бөлігі;";

      сегізінші абзацта "сәттен бастап" деген сөздер "күннен бастап" деген сөздермен, "күшін жою туралы" деген сөздер "күшін жою қажеттілігі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      у) 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Комиссия Алқасының өтінішті қарау қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі мүше мемлекеттің мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу туралы шешім қабылдаған органына осындай шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жолданады.

      24. Мүше мемлекет Комиссия Алқасының шешімімен келіспеген жағдайда Хаттаманың 89-тармағының ережелері қолданылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады