Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді Қырғыз Республикасының орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 4 қазандағы № 113 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудада салық салу бөлігінде міндеттемелерді орындауы мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қырғыз Республикасына Қырғыз Республикасының Салық кодексі 239-бабының 5-тармағында көрсетілген тауарларды жеткізуге ұқсас, өткізілуі Қырғыз Республикасы аумағында жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттердің тауарларын жеткізуге қатысты салық салуды жүзеге асыру кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 71-бабының 2-тармағын орындау қажеттілігі туралы хабарлансын.

      Қырғыз Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады