Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 149 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Кедендік декларацияны беру "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011)" Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесін бекіту туралы" 2013 жылғы 5 наурыздағы № 28 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 149 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 28 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауындағы "(растау)" деген сөз алып тасталсын.

      2. Кіріспедегі "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында," деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1-тармақтағы "(растау") деген сөз алып тасталсын.

      4. Көрсетілген Шешіммен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 007/2011)" Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдердің (бұйымдардың) тізбесінде:

      а) атауындағы "(растау") деген сөз алып тасталсын;

      б) кестенің басында:

      2-бағандағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-бағандағы "(растау") деген сөз алып тасталсын;

      в) 2-бағанда 1-позициядағы "3926 90 970 9-дан" деген сөздер "3926 90 970 7-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 2-позицияда:

      1-бағанда үшінші абзацтағы ", үстелше" деген сөз алып тасталсын;

      2-бағандағы "3924 90 000 0-ден" деген сөздер "3924 90 000 1-ден 3924 90 000 9-дан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) 2-бағанда 3-позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "3924 90 000-ден 3926 90 970 7-ден 9603 29-дан 9603 30 900 0-ден 9605 00 000 0-ден 9615-тен";

      е) 1-бағанда 5-позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құрамында гель құрағыш ылғал сіңіргіш материалдары бар көп қабатты бұйымдар, – жергөктер, түзкиімдер және жаялықтар;

      гигиеналық мақталы таяқшалар (мұрын мен құлаққа арналған);

      балалар күтіміне арналған бір рет пайдаланылатын басқа да санитариялық-гигиеналық бұйымдар";

      ж) 2-бағанда 7-позициядағы "3926 90 970 9-дан 3924 90 000 0-ден деген сөздер "3924 90 9009-дан 3926 90 970 7-ден деген сөздермен ауыстырылсын;

      з) 2-бағанда 19 және 20-позициялардағы "4203-тен" деген сөздер алып тасталсын;

      и) 2-бағанда 34-позициядағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "6213-тен 6214-тен 6301-ден 6302-ден 6304-тен"

      к) 2-бағанда 41-позициядағы "4421 90-нан" деген сөздер алып тасталсын;

      л) ескертпедегі "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады