Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 165 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы "Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 116 шешімінің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Шешім 3-тармақты қоспағанда, 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 3-тармағы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының барынша төменгі ставкалары қолданылатын және осындай баж ставкаларының мөлшерлері Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерін орындау мақсатында тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы "Бағалы металдан немесе бағалы металдардың қосындысынан тұратын минералдардан алынатын шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 117 шешімінің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Шешім 3-тармақты қоспағанда, 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 3-тармағы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің баж ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының барынша төменгі ставкалары қолданылатын және осындай баж ставкаларының мөлшерлері Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерін орындау мақсатында тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы "Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" №128 шешімінің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Шешім 3-тармақты қоспағанда, 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Осы Шешімнің 3-тармағы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының барынша төменгі ставкалары қолданылатын және осындай баж ставкаларының мөлшерлері Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі тарифтік міндеттемелерін орындау мақсатында тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.".

      4. Осы Шешім 2016 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады