Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы № 134 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 172 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдау тәртібінің 14-тармағының "а" тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 қарашадағы "Кептірілген гемоглобинді Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы" № 134 шешімінде "3002 10 910 0" коды "3002 12 000 3" кодымен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т.Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады