Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 115 өкімі.

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимыл жасауы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Консультативтік комитеттің құрамына Ресей Федерациясынан Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаментінің 2-ші бөлімі бастығының орынбасары – Назаров Михаил Александрович енгізілсін;

      б) Консультативтік комитет мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:


      Гайшун - Кеден өкілдері қауымдастығының

      Андрей Александрович басқарма мүшесі,

      "Глобалкастом" жауапкершілігі

      шектеулі қоғамы директорының

      орынбасары;


      в) Консультативтік комитеттің құрамынан Лихачева Л.Б., Старов И.В. және Школык Г.В. шығарылсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады