1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 75 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) консультативтік комитеттің құрамына Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Асаубаев Олжас Алмасханұлы енгізілсін;
б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
Абсатов | – | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаменті директорының міндетін атқарушы |
Садуақасова | – | Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Экономикалық интеграция департаментінің директоры; |
в) Консультативтік комитеттің құрамынан Шаимов М.А. шығарылсын.
2.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия | |
Алқасының Төрағасы | Т. Саркисян |