Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Экспортты дамытуға бағытталған шаралар туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 2 шешімінің 4-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Ресей Федерациясының ұсынысына сәйкес 2016 жылы Мәскеу қаласында "Ашық инновациялар" Мәскеу инновациялық даму халықаралық форумының алаңында "Еуразиялық апта" көрме форумын (бұдан әрі – көрме форумы) өткізумен келісілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия (әрі қарай – тиісінше мүше мемлекеттер, Комиссия) көрме форумын ұйымдастыру мен өткізуге жәрдемдесу жөніндегі мәселелерді пысықтасын.
3. Мүше мемлекеттердің үкіметтері:
көрме форумына қажеттілігіне қарай бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуын көздей отырып, көрме форумының ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрамына енгізу үшін Комиссияға 2016 жылғы 22 ақпанға дейін кандидатуралар берсін;
ұлттық көрме экспозицияларын қаржыландыруға байланысты мәселелерді қарасын және көрме форумын өткізудің тұжырымдамасын ескере отырып, олардың форматын айқындасын.
4. Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен өзара іс-қимылда көрме форумына үшінші елдердің өкілдерін шақыру мәселелерін қарасын.
5. Комиссия Алқасы:
оның құрамына мүше мемлекеттердің және Комиссияның өкілдерін енгізе отырып, 2016 жылғы 10 наурызға дейін Комиссияның Алқа мүшесі басшылық жасайтын ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітсін;
ұйымдастыру комитетінің қызметін қамтамасыз етсін.
6. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев О.Панкратов И.Шувалов |