Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016 – 2017 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы" 2016 жылғы 31 мамырдағы №5 шешімін орындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016 – 2017 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясат жүргізу кезінде тізбеде көрсетілген іс-шараларды ескеру және олардың іске асырылу барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Т.Д. Валовая Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2016 – 2017 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған іс-қимылдарға талдау жүргізуді қамтамасыз етсін және Комиссияның құзыретіне жататын бөлікте тізбеде көзделген іс-шаралардың орындалуын үйлестірсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан В.Габриелян В.Матюшевский Б.Сағынтаев О.Панкратов И.Шувалов |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2016 жылғы 18 қазандағы № 23 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық
саясатының 2016 – 2017 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың ТІЗБЕСІ
Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған іс-қимылдар | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы үшін ұсынылатын іс-шаралар | Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар | Еуразиялық экономикалық комиссияның жауапты департаменттері | Күтілетін экономикалық нәтиже |
I. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету | ||||
1-бағыт. Инфляция деңгейін тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдау | ||||
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) инфляцияны таргеттеу режимінде ақшалай-кредиттік саясатты жүргізуге көшуі және осы режимге көшу үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастыру |
мүше мемлекеттер айқындаған инфляция бойынша орта мерзімді бағдарларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау және мүше мемлекеттердің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта (бұдан әрі – Шарт) белгіленген инфляция деңгейінің сандық мәнін
Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) консультациялар жүргізу және мүше мемлекеттер Шартта белгіленген инфляция деңгейінің сандық мәнін | инфляция бойынша орта мерзімді бағдарларға қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер қабылдайтын шараларды талдау және Шартта белгіленген инфляция деңгейінің сандық мәнін (тұтынушылық бағалар индексін) сақтау
| Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің инфляция бойынша орташа мерзімді бағдарламаларға қол жеткізуі мүше мемлекеттердің инфляция деңгейінің Шартта белгіленген сандық мәнін (тұтынушылық бағалар индексі) сақтауы |
2. Инфляция деңгейі бойынша орта мерзімді бағдарларды айқындау тәсілдерін әзірлеу | Шартта белгіленген инфляция деңгейі көрсеткішінің шекті мәнін (тұтынушылық бағалар индексін) есептеуге әдімтемелік тәсілдерді нақтылау бойынша жұмысқа қатысу мүше мемлекеттердің инфляция деңгейі бойынша орта мерзімді бағдарларды айқындау тәсілдерін әзірлеуге немесе талқылауға қатысу | Шартта белгіленген инфляция деңгейі көрсеткішінің шекті мәнін (тұтынушылық бағалар индексін) есептеуге әдімтемелік тәсілдерді нақтылау бойынша ұсыныстар дайындау және мүше мемлекеттермен консультациялар ұйымдастыру мүше мемлекеттердің инфляция деңгейі бойынша орта мерзімді бағдарларды айқындау тәсілдерін әзірлеу немесе талқылау бойынша ұсыныстар дайындау және консультациялар ұйымдастыру | Макроэкономикалық саясат департаменті | инфляция деңгейінің сандық мәнін есептеу және айқындау тәсілдерін нақтылау |
3. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсету бағаларының айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, сондай-ақ осындай тауарлар мен қызметтер көрсетудің тізбелерін жаңартуға бағытталған шараларды іске асыру және тетіктерді жетілдіру | әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсетудің бөлшек сауда бағаларының деңгейіне тұрақты мониторингті жүзеге асыру қажет болған кезде әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсету тізбелерін жаңарту | әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсету бағаларының айтарлықтай өсуіне жол бермеу және осындай тауарлар мен қызметтер көрсету тізбелерін жаңарту бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылына мониторинг жүргізу | Макроэкономикалық саясат департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер көрсету бағаларының айтарлықтай өсуін тежеу |
4. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын және мемлекеттік баға реттеу тәртібін бұзушылықтарды анықтау. Мүше мемлекеттер аумақтарында мүше мемлекеттердің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу | мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық белгілерінің болуы туралы арыздарды (материалдарды) және мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік баға реттеуді енгізуі туралы шешімімен келіспеуі туралы өтініштерін Комиссияға беру
тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) бақылауды жүзеге асыру және монополияға қарсы ден қоюдың тиісті шараларын қабылдау | трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық белгілерінің болуы туралы арыздарды (материалдарды) және мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік баға реттеуді енгізуі туралы шешімімен келіспеуі туралы өтініштерін қарау мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзуының жолын кесу мақсатында мүше мемлекеттердің тауар нарықтарында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау өкілеттіктерін іске асыру және тиісті шаралар қабылдау трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, соның ішінде бағалардың негізсіз өсуіне әкелетін бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру | Монополияға қарсы реттеу департаменті | бәсекелестіктің жалпы қағидаларын және мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін бұзушылықтардың жолын кесу мүше мемлекеттерде инфляция деңгейін тежеуге жәрдемдесу |
5. Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына бағалардың маусымдық ауытқуын төмендету құралы ретінде сатып алу және тауарлық интервенцияларды іске асыру және дамыту | қажет болған кезде агроазық-түлік нарығында сатып алу және тауарлық интервенцияларды жүргізу | сатып алу және тауарлық интервенцияларды іске асыру және дамыту бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылына мониторинг жүргізу | Агроөнеркәсіптік саясат департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың айтарлықтай өсуін тежеу |
6. Тауарларды барынша төмен бағамен өткізуді қамтамасыз ететін және мүше мемлекеттердің халқы үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыратын бөлшек сауда құралдарын кеңейту (электрондық сауда, дүкен-қоймалар, жәрмеңкелер және т.б.) | бөлшек сауданы дамыту үшін жағдай жасау, соның ішінде мүше мемлекеттердің тауар өндірушілерінің жәрмеңке іс-шараларына қол жеткізуін оңайлату мүше мемлекеттерде және Одақтың аумағында ұлттық тауарлардың электрондық саудасын ынталандыру үшін жағдай жасау | бөлшек сауда құралдарын дамыту және кеңейту бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылына мониторинг жүргізу жәрмеңке қызметін және электрондық сауданы дамыту мен реттеудің әлемдік тәжірибесін зерделеу | Макроэкономикалық саясат департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Сауда саясаты департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | ұлттық тауарларға бағалардың айтарлықтай өсуін тежеу бөлшек сауда тауар айналымын ұлғайту |
7. Табиғи монополия субъектілерінің қызметтер көрсетуіне тарифтерді оларды тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерінің балансын сақтауды ескере отырып экономикалық негізделген реттеу | реттелетін нарықтарға тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру кезінде тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің балансын қамтамасыз ету және оған қол жеткізу белгіленетін тарифтердің (бағалардың) реттеу қолданылатын табиғи монополия саласындағы қызметтер көрсетудің бағасына сәйкестігін қамтамасыз ету табиғи монополия субъектілеріне шығындарды азайту, жаңа технологиялар енгізу, инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыру тиімді болатын экономикалық жағдай жасау мүше мемлекеттердің табиғи монополия салалары мен тиісті нормативтік құқықтық актілерін жақындастыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау | мүше мемлекеттерде табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу жөніндегі қызметті жалғастыру мүше мемлекеттердің жақындастыруға жататын, табиғи монополия саласындағы нормативтік құқықтық актілерін белгілеу жөніндегі ұсыныстады әзірлеу және мүше мемлекеттермен келісу және осы саладағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі тиісті шараларды жүзеге асырудың сабақтастығын анықтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасы") әзірлеу | Көлік және инфрақұрылым департаменті | табиғи монополия субъектілерінің қызметтер көрсетуіне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мүше мемлекеттерге инфляцияны тежеуге жәрдемдесу |
8. Мүше мемлекеттердің монополия жағдайындағы нарықтарын бәсекелестік нарықты оңтайлы реттеу және ықтимал қалыптастыру тұрғысынан талдау | монополия жағдайындағы тауар нарықтарында қалыптастыру және дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу | монополия жағдайындағы тауар нарықтарында бәсекелестікті қалыптастыру және дамыту жөніндегі мүше мемлекеттердің шаралары туралы ақпаратты жинау және қорыту | Монополияға қарсы реттеу департаменті | монополия жағдайындағы тауар нарықтарында бәсекелес ортаны дамыту |
9. Өзара сауда саласында мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды жандандыру | өзара сауданы жүзеге асыру кезінде өзара есеп айырысуларда мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейту үшін жағдайларды жетілдіру
мүше мемлекеттердің мүдделі орталық (ұлттық) банктерін 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Ұлттық төлем жүйелерін дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы келісімге қосу | мүше мемлекеттердің резиденттері арасында төлемдік-есептеу қатынастары механизмінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу және жетілдіру
| Қаржылық саясат департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті | өзара есеп айрысуларда транзакциялық шығындарды төмендету және Одақтың бүкіл аумағында төлемдік қызметтер көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ету өзара сауданы жүзеге асыру кезінде ұлттық валюталардағы есеп айырысу үлесін ұлғайту мүше мемлекеттердің экономикаларында ұлттық валютаның рөлін арттыру |
2-бағыт. Мүше мемлекеттердің бюджет жүйелерінің теңгерімділігін қолдау | ||||
1. Мүше мемлекеттердің кіріс бөлігін, соның ішінде салық жүйесін жетілдіру және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру арқылы ұлғайту | салықтарды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында салық заңнамасын және салықтық әкімшілендіру құралдарын жетілдіру 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Салық органдары мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы электрондық түрде ақпарат алмасу туралы хаттамаға өзгерістер енгізгу туралы хаттаманың жобасын дайындау салықтық әкімшілерді жүзеге асыру үшін салық органдары мен мүше мемлекеттер арасында электрондық түрде ақпарат алмасу туралы хаттаманың жобасын келісу | салық базасын және салықтық әкімшілендіру құралдарын жетілдіру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылына мониторинг жүргізу
| Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығын Шартта белгіленген тапшылық мәнін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту |
2. Кеден органдары әкімшілендіретін төлемдердің мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімдерін ұлғайту мақсатында кедендік әкімшілендірудің сапасы мен тиімділігін арттыру | электрондық декларациялар жүйесін дамыту
| кедендік әкімшілендірудің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылына мониторинг жүргізу | Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығын Шартта белгіленген тапшылық мәнін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттердің кіріс бөлігін ұлғайту |
3. Экономиканы дамытудың стратегиялық басым бағыттары мен секторларында ресурстарды шоғырландыру үшін бюджет шығыстарын оңтайландыру | экономиканың стратегиялық басым секторларын даму мақсатында бюджет шығыстарын қайта бөлу мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығы Шартта белгіленген сандық мәннен асып кеткен жағдайда Комиссиямен консультациялар жүргізу және әзірленген Комиссия ұсынымдарын есепке алу | бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылына мониторинг жүргізу
| Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығын Шартта белгіленген тапшылық мәнін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бюджеттердің шығыс бөлігін оңтайландыру |
4. Мемлекеттік басқару секторының қалыптасқан тапшылығын (профицитін) ескере отырып, пайыздық емес шығыстардың өсу қарқынын түзету | мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығының Шартта белгіленген сандық мәнін, соның ішінде пайыздық емес шығыстардың өсу қарқынын бастапқы тапшылықтың өсуін болғызбау мақсатында оның кірістерінің өсу қарқынынан аспайтын деңгейде ұстап тұру есебінен сақтау | мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет шығыстарының тиімділігін мониторингтеу, талдау және бағалау | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің бюджет жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығын төмендету және мемлекеттік қарыз алу есебінен бюджетті қосымша қаржыландыруға қажеттілікті азайту |
5. Бюджет жүйелерінің теңгерімділігін арттыру мақсатында қаржылық емес активтермен жасалатын операцияларды оңтайландыру | мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет тапшылығының Шартта белгіленген сандық мәнін, соның ішінде қаржылық емес активтермен жасалатын операцияларды оңтайландыру есебінен сақтау | қаржылық емес активтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджет шығыстарының тиімділігін мониторингтеу, талдау және бағалау | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің бюджет жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығын төмендету және мемлекеттік қарыз алу есебінен бюджетті қосымша қаржыландыруға қажеттілікті азайту |
3-бағыт. Мемлекеттік басқару секторының борыштық тұрақтылығын қамтамасыз ету | ||||
1. Мемлекеттік басқару секторы борышының Шартта белгіленген сандық мәнін сақтау мақсатында мүше мемлекеттердің экономикалары үшін неғұрлым күрделі кезеңдерде шарықтаушы жүктемелерді болғызбау мақсатында борышты басқару жөніндегі стратегияларды әзірлеу және іске асыру | борышты басқару жөніндегі ұлттық стратегияларды қажет болған кезде әзірлеу мемлекеттік басқару секторы борышының Шартта белгіленген сандық мәнінің ЖІӨ-де пайыздармен сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару секторының борыш көрсеткіштерінің ұлттық шекті мәндерін белгілеу мемлекеттік басқару секторының борыш көрсеткіштері Шартта белгіленген сандық мәннен асып кеткен жағдайда Комиссиямен консультациялар жүргізу және әзірленген Комиссия ұсынымдарын есепке алу | мемлекеттік басқару секторының борыш көрсеткішінің Шартта белгіленген сандық мәнін және мемлекеттік басқару секторының борыштық тұрақтылығының басқа да көрсеткіштерін мониторингтеу, сондай-ақ осы мониторингтеу нәтижелерін талдау мемлекеттік басқару секторының борыш көрсеткіштері Шартта белгіленген сандық мәннен асып кеткен жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультациялар жүргізу және Комиссияға ұсынымдар әзірлеу | Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару секторының борыш көрсеткішінің Шартта белгіленген сандық мәнін сақтауы |
2. Мемлекеттік басқару секторына борыштық жүктемені ұлғайтпайтын механизмдерді пайдалану арқылы басым жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарау | басым жобаларды қаржыландыру қажеттігін ескере отырып, борыш құралдары есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік басқару секторының инвестициялар үлесін азайту үшін жеке сектордың ішкі және сыртқы тікелей инвестицияларын тартуды ынталандыру | жеке сектордың тікелей инвестицияларын ынталандыру жөніндегі мүше мемлекеттердің шараларын мониторингтеу | Макроэкономикалық саясат департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | инвестицияның жалпы сомасында мемлекеттік борыш құралдары есебінен қаржыландырылатын инвестициялар үлесін төмендету мемлекеттік басқару секторы борышының өсу қарқынын қысқарту |
3. Сыртқы нарықта қарыз алу тәуекелдерін барынша азайту үшін ішкі көздер есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыруды қамтамасыз ету | мемлекеттік басқару секторы борышының валюталық тәуекелін азайту мақсатында ұлттық валюта көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздар мен басқа да борыштық құралдар нарығын дамыту | мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын және ұлттық валютада көрсетілген басқа да борыштық құралдарды дамыту бойынша, соның ішінде мемлекеттік басқару секторының борыш көрсеткішінің Шартта белгіленген сандық мәнін асырған мүше мемлекеттер үшін Комиссия ұсынымдарын әзірлеу мақсатында мүше мемлекеттердің шараларын талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | ішкі көздер есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыруды ұлғайту мемлекеттік басқару секторы борышының жалпы сомасында, шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік басқару секторының борышын төмендету |
II. Экономикалық өсімді тұрақты дамыту мен қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау 1-бағыт. Мүше мемлекеттердің экономикаларын әртараптандыру | ||||
1. Интеграциялық әлеуетке ие экономика салаларын айқындау | Комиссияның "Еуразиялық экономикалық одақта интеграциялық әлеуетке ие экономика салалары және оны пайдалануға бағытталған шаралар" атты баяндамасын қарау Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін қалыптастыру және бағалау үшін "Шығындар-Шығару" елдік және еларалық кестелерді пайдалану жөніндегі сарапшылық топтардың жұмысына қатысу | "Еуразиялық экономикалық одақта интеграциялық әлеуетке ие экономика салалары және оны пайдалануға бағытталған шаралар" атты баяндама дайындау және оны Одақ органдарының қарауына енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін қалыптастыру және бағалау үшін "Шығындар-Шығару" елдік және еларалық кестелерді пайдалану жөніндегі сарапшылық топтардың жұмысын ұйымдастыру | Макроэкономикалық саясат департаменті, Статистика департаменті | интеграциялық әлеуетке ие экономика салаларының тізбесін қалыптастыру |
2. Үшінші елдердің өнімдерінің импортын Одақ өнімдерімен алмастыру саясатын, соның ішінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерін дамыту арқылы іске асыру | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың Негізгі бағыттарын іске асыру
қалыптастыру тәртібін қамтитын, өнеркәсіптік кооперация мен қосалқы контрактация желілерін құру тәжырымдамасын әзірлеу
| Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің қызметін консультациялық қолдау және үйлестіру
егер халықаралық келісімдерде өзгеше көзделмесе, мүше мемлекеттер аумақтарында өндірілетін кедендік бақылаудың кедендік құралдарымен кедендік инфрақұрылым объектілерін жарақтандыру бөлігінде импорт алмасу саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қорыту | Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті Кедендік инфрақұрылым департаменті | мүше мемлекеттер нарықтарында ұлттық өнімнің үлесін ұлғайту |
3. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасау | инновациялық қызметті реттеуді жетілдіру жөніндегі шараларды қоса алғанда, инновациялық белсенділікті қолдау еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру бойынша бағыттар тізбесіне сәйкес басым еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыруға қатысу | мүше мемлекеттердің өнеркәсібін дамытудың әлемдік тәжірибесіне және өнеркәсібін цифрлық өзгерту тәсілдеріне талдау жүргізу
| Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті | инновациялық өнім үлесінің өсімі
|
4. Жоғары технологиялы өндірістерді дамытуды, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласында ынталандыру мақсатында мүше мемлекеттердің бірлескен ғылыми-іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру тетіктерін әзірлеу | агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлескен ғылыми-іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау агроөнеркәсіптік кешен саласында мүше мемлекеттердің ғылыми және инновациялық қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар дайындау | агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлескен ғылыми-іздестіру және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу бойынша мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіру агроөнеркәсіптік кешен саласында мүше мемлекеттердің ғылыми және инновациялық қызметін үйлестіру бойынша Комиссия Алқасының ұсынымын әзірлеу | Агроөнеркәсіптік саясат департаменті | ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тереңдету және инновациялық дамуды ынталандыру |
5. Шағын және орта бизнесті кешенді қолдау шараларын іске асыру | кәсіпкерлікті дамытуды қосымша ынталандыру әрі және шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтитын шағын және орта бизнесті кешенді қолдау шараларын қабылдау және іске асыру зияткерлік меншік объектілеріне шағын және орта бизнестің құқықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Одақтың тауар белгілерін және Одақ тауарларының шығарылған жерінің атауларын тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану механизмдерін енгізу | шағын және орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламаларын қабылдау мен іске асыру бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылын талдау
шағын және орта бизнес өкілдеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсету | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | мүше мемлекеттердің ЖІӨ шағын және орта бизнес өнімі үлесінің өсімі
кәсіпкерлік белсенділікті ұлғайту, зияткерлік меншік саласында шағын және орта бизнесті жүргізу үшін қосымша жағдай жасау |
6. Мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграциялық процестер әсерінің макроэкономикалық және салалық нәтижелерін бағалау қағидаттары мен тәсілдерін әзірлеу және келісу | мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграциялық процестер әсерінің макроэкономикалық және салалық нәтижелерін бағалау бойынша Комиссияның пилоттық есеп-қисаптарын талқылау | мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграциялық процестер әсерінің макроэкономикалық және салалық нәтижелерін бағалау жөніндегі пилоттық есеп-қисаптарды дайындау | Макроэкономикалық саясат департаменті | мүше мемлекеттердің экономикаларына интеграциялық процестер әсерінің макроэкономикалық және салалық нәтижелеріне сандық бағалау алу |
2-бағыт. Қаржы қаражаты көздерін кеңейту және негізгі капиталға инвестициялар көлемін өсіру мақсатында кредит ресурстарына қолжетімділікті арттыру | ||||
1. Қаражатты басым жобаларға тиімді нысаналы бөлу механизмдерін одан әрі дамыту | қаражаттың басым бағыттарға нысаналы бөлінуін және пайдаланылуын тиісті бақылауды қамтамасыз ету экономика секторында бюджеттік инвестициялар мен нысаналы субсидияларды және мүше мемлекеттерді дамыту басымдықтарына сәйкес келетін жобаларды жүзеге асыру құралдарын қалыптастыру мен дамытудың құқықтық және институционалдық негіздерін жетілдіру | қаражатты басым жобаларға нысаналы бөлу тетіктерін одан әрі дамыту бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылын талдау | Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | басым жобаларға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру |
2. Озық халықаралық практикаларды, мүше мемлекеттердің барынша прогрессивті модельдерін, үшінші елдер мен интеграциялық бірлестіктердің озық тәжірибесін ескере отырып, мүше мемлекеттердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін қолдану саласын регламенттейтін заңнамасын жетілдіру | мүше мемлекеттердің тәжірибесін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін қолданудың халықаралық практикаларын талдау
Одақ шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөнінде (соның ішінде интеграциялық сипатта) ұсыныстар дайындау
| Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін дамыту жөніндегі сарапшылық топтың отырыстарын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін жетілдіру мәселелері бойынша, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмдерін қолдану тәртібін регламенттейтін мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезінде пайдалану және Одақ аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іс жүзінде іске асыру үшін мүше мемлекеттер өкілдерінің консультацияларын ұйымдастыру
мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша бірлескен конференциялар, форумдар, консультациялар, оқу-практиалық семинарлар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу | Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | Одақ аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асырудың оңтайлы механизмдерін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасау |
3. Одақ капиталының жалпы нарығының мүмкіндіктерін пайдалануды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің ішкі нарықтарында қарыз алуды жандандыру |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үндестіру туралы келісімге қол қою және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы заңнамасын үндестіру жоспарының жобасын әзірлеу | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үндестіру туралы келісімді қабылдау бойынша мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіру және консультациялық қолдау мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы заңнамасын үндестіру жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу әзірленген құжаттардың жобаларын Одақ органдарының қарауына енгізуді қамтамасыз ету | Қаржылық саясат департаменті | капиталдың еркін қозғалысы үшін және қаржылық қызметтер көрсетуді трансшекаралық жеткізу үшін жағдайлар жасау мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету |
4. Мүше мемлекеттер экономикаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық ұйымдар рейтингінде мүше мемлекеттердің позицияларын, соның ішінде интеграция шеңберінде маңызды мәселелер бойынша тәжірибе алмасу арқылы ілгерілетуді қамтамасыз ететін шараларды іске асыру | халықаралық ұйымдар рейтингінде позицияларды жақсартуды қамтамасыз ететін мүше мемлекеттердің іске асырылған іс-қимылдары туралы ақпарат алмасу халықаралық ұйымдар рейтингінде мүше мемлекеттердің позицияларын, соның ішінде мүше мемлекеттер арасында тәжірибе алмасу бойынша ілгерілетуге бағытталған Комиссияның ұсыныстарын қарау | мүше мемлекеттер мен Одақтың халықаралық ұйымдар рейтингінің деректері бойынша даму деңгейін мониторингтеу және талдау
| Макроэкономикалық саясат департаменті Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | халықаралық ұйымдардың рейтингтерінде мүше мемлекеттердің позицияларын ілгерлету |
5. Ұзақ мерзімді банктік кредиттеу үшін, соның ішінде мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында ұзақ мерзімді жинақтардың тартымдылығын арттыру жолымен жағдай жасау | жеке және заңды тұлғалардың ұлттық валюталарда депозиттер ашуын және қолдауын ынталандыру халықтың жинақтау және инвестициялық белсенділігін, соның ішінде банк секторының қаржылық сауаттылығын арттыру және оның көрсетілетін қызметтерін танымал ету жолымен ынталандыру
| ұзақ мерзімді банктік кредиттеу үшін жағдай жасау бойынша мүше мемлекеттердің іс-қимылын талдау | Қаржылық саясат департаменті Макроэкономикалық саясат департаменті, Қаржылық саясат департаменті | ұзақ мерзімді кредиттеу көлемдерін ұлғайту |
6. Өңірлік даму институттарының қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануды жандандыру (Еуразиялық тұрақтандыру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі) | Еуразиялық тұрақтандыру және даму банкінің және Еуразиялық даму банкінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау Еуразиялық даму банкіне жіберу үшін кооперациялық жобаларды қарау тәртібін (соның ішінде жоба паспортын) әзірлеу
Еуразиялық даму банкінің кооперациялық жобаларды қаржыландыруы үшін кооперациялық ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарының тізбесін әзірлеу Еуразиялық даму банкінің басым қаржыландыруы үшін интергациялық әлеуеті бар кооперациялық жобаларды қарау жөніндегі жұмыс тобын мүше мемлекеттердің Еуразиялық даму банкімен бірлесіп құруы | Еуразиялық тұрақтандыру және даму банкімен және Еуразиялық даму банкімен консультациялар ұйымдастыру
| Макроэкономикалық саясат департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Қаржылық саясат департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | кооперациялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету |
3-бағыт. Одақтың өзара саудасын жандандыру және ішкі нарығын дамыту | ||||
1. Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың қозғалысына және жұмыс күшіне қатысты өзара қол жеткізу үшін кедергілерді, сондай-ақ алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі жұмысты жалғастыру | ішкі нарықтарға өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігін айқындау туралы ақпаратты Комиссияға жіберу | ішкі нарықтарға өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлар мен шектеулердің болуын (болмауын) анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігін айқындау | Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті, өз құзыреттеріне сәйкес департаменттер | мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсімі |
2. Жанама салықтарды алу жүйесін жетілдіру бойынша, соның ішінде оларды төлеуден жалтаруды болғызбауға бағытталған тәсілдерді келісу жөніндегі жұмысты жалғастыру |
салық төлеуші салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш берген кезде электрондық құжат айналымын енгізу және пайдалану мүше мемлекеттердің алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімдер жобаларын әзірлеу және келісу | салық төлеуші салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш берген кезде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың электрондық құжат айналымын енгізуі мен пайдалануы бойынша ақпарат алмасу үшін іс-шараларды ұйымдастыру
| Қаржылық саясат департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті | мүше мемлекеттерде жанама салықтарды салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мүше мемлекеттердің бюджеттеріне жанама салықтардың түсімдерін арттыру |
3. Одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | мүше мемлекеттерде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану практикасын кеңейтуді және экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттарды басым пайдалануға көшуді, сондай-ақ Одақтың жалпы процестерін қалыптастыру шеңберінде ведомстволық процестердің реинжинирингін қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде Одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру жөнінде алдын ала ұсыныстар дайындау | Одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру саласында бірлескен жобалар әзірлеуді үйлестіру Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде Одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру жөнінде қорытынды тұжырымдамалық ұсыныстар қалыптастыру
| Ақпараттық технологиялар департаменті | Одақта интеграциялық процестерді нығайту және мүше мемлекеттерде экономикалық белсенділіктің өсімі |
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың индикативтік көрсеткіштерінің, мүше мемлекеттердің азық-түлік өнімдері мен азық-түліктің жекелеген түрлері бойынша сұранысы мен ұсынысының бірлескен болжамын дайындау | агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың индикативтік көрсеткіштерінің, азық-түлік өнімдері мен азық-түліктің жекелеген түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныстың болжамды мәндерін дайындау және Комиссияға ұсыну | мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жиынтық болжамын, мүше мемлекеттердің азық-түлік өнімдері мен азық-түліктің жекелеген түрлері бойынша сұранысы мен ұсынысының жиынтық болжамдарын қалыптастыру | Агроөнеркәсіптік саясат департаменті | мүше мемлекеттер экономикаларының аграрлық секторының жай күйін бағалау және оларды дамыту басымдықтарын айқындау
|
5. Ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды айқындау жөніндегі жұмысты аяқтау, сондай-ақ оларды іске асыруды бастау | Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру бағдарламасын келісу электр энергетикасы саласында табиғи монополия субъектілерінің қызметтер көрсетуіне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын әзірлеуге қатысу Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру бағдарламасында көзделген Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын реттейтін актілерді әзірлеуге қатысу | Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру бағдарламасын дайындау және Одақ органдарының қарауына енгізу электр энергетикасы саласында табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын әзірлеу Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру бағдарламасында көзделген Одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын реттейтін актілерді әзірлеу | Энергетика департаменті | энергетика саласының бәсекеге қабілеттелігін арттыру мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру |
6. Одақтың ортақ газ нарығын, Одақтың мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру мақсаттарын, қағидаттары мен міндеттерін айқындау жөніндегі жұмысты аяқтау. Одақтың ортақ газ нарығын, Одақтың мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды айқындау | Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын келісу
| Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу және оны Одақ органдарының қарауына енгізу
| Энергетика департаменті | мүше мемлекеттердің энергетика саласының бәсекеге қабілеттелігін арттыру мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру |
7. Қабылданған Әдіснама негізінде Одақтың газ, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын әзірлеу |
қабылданған Әдіснама (2016 жылғы 22 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасы туралы келісім) негізінде Одақ газының, мұнайы мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын әзірлеу және оларды Комиссияға ұсыну Одақ газының, мұнайы мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын келісу | қабылданған Әдіснама (2016 жылғы 22 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасы туралы келісім) негізінде Одақ газының, мұнайы мен мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын дайындау
оларды Одақтың ресми сайтында жариялау, ақпаратты Комиссия Алқасының отырысында қарау | Энергетика департаменті | мүше мемлекеттердің жиынтық энергетикалық әлеуетін тиімді пайдалану энергетикалық ресурстарды мемлекетаралық жеткізуді оңтайландыру |
4-бағыт. Сыртқы сауданы дамыту және өткізу нарықтарын әртараптандыру | ||||
1. Үшінші елдермен Одақтың мүдделерін әлемдік нарықта ілгерілетуге бағытталған сауда-экономикалық қатынастарды дамыту | үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісім жобасы бойынша ұсыныстар дайындау, көрсетілген Келісім жобасын мемлекетішілік келісуді және оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу
| үшінші елдермен өзара саудада техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісімнің жобасын дайындау мүше мемлекеттермен бірлесіп, Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді ұйымдастыруға қатысу және жүргізу | Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті Сауда саясаты департаменті | үшінші елдермен сауда көлемін ұлғайту Қытай Халық Республикасымен сауда ынтымақтастығын қарқынды ету |
2. Үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу бойынша келіссіөздерді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің және Комиссияның мүше мемлекеттердің сауда әріптестерімен осындай келісімдер жасасудың орындылығын зерделеуге бағытталған бірлескен жұмысын жалғастыру | Израиль Мемлекетімен еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша және Сербия Республикасымен мүше мемлекеттердің сауда режимін біріздендіру бойынша келіссөздерді бастау
тиісті жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданған жағдайда Индонезия Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығын зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеу тобын құру қажеттігін айқындау үшін жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу жөнінде ұсыныстар дайындау | мүше мемлекеттердің сауда режимін Сербия Республикасымен сәйкестендіру бойынша Сербия Республикасымен келіссөздерге директивалар дайындау және бекіту Израиль Мемлекетімен және Сербия Республикасымен Одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу
| Сауда саясаты департаменті | үшінші тараптардың нарығына мүше мемлекеттер тауарларының кіру шарттын жеңілдету
|
3. Кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын кредиттеу, сақтандыру механизмдерін және басқа да қолдау түрлерін дамыту және іске асыру |
кооперациялық негізде өндірілген өнімнің экспортын қаржыландырудың бірлескен бағдарламаларын мүше мемлекеттердің Даму банктері кеңесімен әзірлеу мүше мемлекеттердің Даму банктері кеңесімен интеграциялық әлеуетке ие жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға бағытталған бірлескен жобалар банкін құру мүмкіндігін пысықтау
кооперациялық негізде мүше мемлекеттерде өндірілген өнімнің экспортын қолдауды қаржыландырудың тиісті бағдарламалары шеңберінде есепке алу
кооперациялық негізде мүше мемлекеттерде өндірілген өнімнің экспортын бірлесіп қолдау мақсатында мүше мемлекеттердің даму банктері арасында кредиттеуді жүзеге асыруды жандандыру экспортты қаржылық қолдау мәселелері бойынша жұмыс тобының қызметіне қатысу | мүше мемлекеттердің Даму банктері кеңесімен ынтымақтастықты дамыту және оның жұмысына жәрдем көрсету инвестициялық жобалардың, соның ішінде кооперациялық өнім экспортын қолдау тетіктерін құру мақсатында Одақ пен үшінші елдер арасында сауда-экономикалық туралы келісімдердің жобаларын әзірлеуге мүше мемлекеттердің даму банктерін тарту экспортты қаржылық қолдау мәселелері бойынша жұмыс тобын құру |
Сауда саясаты департаменті, Қаржылық саясат департаменті, Агроөнеркәсіптік саясат департаменті, Өнеркәсіптік саясат департаменті, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті |
мүше мемлекеттер өнімі экспорты көлемінің өсімі |
4. Үшінші елдермен ақпарат алмасуды, соның ішінде Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау |
Одақтың және Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісім жобасы бойынша Қытай Халық Республикасымен келіссөздерге қатысу және ұсыныстар дайындау
мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында электрондық ақпарат алмасуды ұйымдастыру үшін консультациялар жүргізу
мүше мемлекеттердің кеден органдары мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында эксперименттік электрондық ақпарат алмасуды ұйымдастыру Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы үшінші елдермен ақпарат алмасуды іске асыру бойынша ұсыныстар дайындау | бекітілген директиваларға сәйкес Қытай Халық Республикасымен келіссөздер ұйымдастыру және жүргізу
мүше мемлекеттердің кеден органдары мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында эклектрондық ақпарат алмасуды құру процесіне жәрдемдесу және оны қолдануға жәрдем көрсету
| Кедендік инфрақұрылым департаменті, Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті, Сауда саясаты департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті | үшінші тараптармен өзара сауда көлемін ұлғайту есепке алынбаған сауда көлемін азайту кедендік кірістер өсімі көліктік қызметтер көрсету экспортының өсімі |
5. Жүктерді жеткізуді жеделдету және көліктік қызметтер көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында транзиттік және аралас тасымалдарды дамыту | екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін және бұрын тасымалдау жүзеге асырылмаған жаңа тасымалдарды орындауға мүмкіндік беретін маршруттар учаскелерінде тура тарифтік ставкаларды мүше мемлекеттердің қалыптастыру мәселесі бойынша консультацияларға қатысу
транзиттік контейнерлік тасымалдарды, соның ішінде контейнерлік тасымалдарды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жәрдемдесу жолымен дамыту | мүше мемлекеттердің сұрау салуы бойынша транзиттік және аралас тасымалдарды дамыту мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыру
| Көлік және инфрақұрылым департаменті | көліктік тасымал көлемін ұлғайту |
6. Мүше мемлекеттер үшін барынша қолжетімді жобалардың басымдығын қамтамасыз ете отырып, Одақты және Жібек жолы Экономикалық белдеуін құру процестерін ұштастыру шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласында мүше мемлекеттердің бірлескен жобаларын іске асыру үшін жағдайлар жасау | Одақты және Жібек жолы Экономикалық белдеуін құру процестерін ұштастыру шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласында бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысу Одақты және Жібек жолы Экономикалық белдеуін құру процестерін ұштастыру шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласында бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар дайындау | Одақты және Жібек жолы Экономикалық белдеуін құру процестерін ұштастыру шеңберінде көлік және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу | Көлік және инфрақұрылым департаменті | көліктік қызметтер көрсету транзиті мен экспорты көлемінің өсімі |
7. Сыртқы экономикалық қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға, кедендік операцияларды жасау тәртібін оңтайландыруға, электрондық құжат айналымын енгізуге, тұтастай Одаққа мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дмытуға бағытталған кедендік реттеуді жетілдіру | Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт жобасын пысықтау және оны мемлекетішілік келісу, оған қол қою және оның күшіне енуі үшін қажетті іс-қимылдарды жасау
| Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт жобасын пысықтауға мүше мемлекеттермен бірлесіп қатысу және оны мемлекетішілік келісуді, оған қол қоюды ұйымдастыру және оның күшіне енуі үшін қажетті іс-қимылдарды жасау
құқық иеленушілерге және олардың өкілдеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсету | Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті | Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық және уақыт шығындарын қысқарту Одақ аумағында контрафактілі тауарлардың таратылуын төмендету, құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында олардың шығындарын қысқарту |
8. Кедендік транзит кезінде бірыңғай кепілдік беру механизмдерін Одақ шеңберінде жетілдіру |
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендк баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімнің жобасын пысықтау Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендк баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімнің жобасын мемлекетішілік келісуді жүргізуді қамтамасыз ету | Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендк баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісімнің жобасын пысықтауға қатысу | Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті | транзиттік тасымалдар жасауға байланысты материалдық және уақыт шығындарын қысқарту транзиттік тасымалдарды жеделдету және оңайлату |
9. Мүше мемлекеттердің "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін одан әрі дамыту және жақындастыру үшін мүше мемлекеттерде әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық жағдайлар жасау | сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамыту
| Комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 123 шешімімен бекітілген "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамытудың жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес "бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерін дамытудың жай-күйіне талдау жүргізу
| Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Көлік және инфрақұрылым департаменті | сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде қажетті кедендік операцияларды жасауға байланысты уақыт және құн шығындарын қысқарту |
10. Мемлекеттік бақылау нысандарының тиімділігін арттыру кезінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асыруға жұмсалатын еңбек, уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға бағытталған шараларды іске асыру | сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талдау және электрондық құжаттарды ресімдеу мен пайдалануға көшу үшін жағдай жасау мақсатында Одақтың құқығына кіретін актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігін бағалау
| сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талдау және электрондық құжаттарды ресімдеу мен пайдалануға көшу үшін жағдай жасау мақсатында Одақтың құқығына кіретін актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігін бағалау сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы егжей-тегжейлі жоспарларға электрондық құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін көздейтін Одақтың құқығына кіретін актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шараларды қосу, оларды пайдалану тәртібін, форматтары мен құрылымдарын бекіту | Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті, Кедендік инфрақұрылым департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті | сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын қысқарту |